Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Тетіктерді бекіту тәсілдері. Сымдарды дәнекерлеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Тетіктерді бекіту тәсілдері. Сымдарды дәнекерлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сымдарды дәнекерлеу, жалғау түрлерімен сымдарды дәнекерлеуде қолданылатын құрал-жабдықтар және материалдарымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
293
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Технология пәні

9 сынып


Тақырыбы: Тетіктерді бекіту тәсілдері.

Сымдарды дәнекерлеу





Орындаған: Оралбаев Дулат












Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Тетіктерді бекіту тәсілдері. Сымдарды дәнекерлеу


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды сымдарды дәнекерлеу, жалғау түрлерімен сымдарды дәнекерлеуде қолданылатын құрал-жабдықтар және материалдарымен таныстыру


Дамытушылық: Ойлауды танымдық қабілеттерді дамыту


Тәрбиелік: Жеке және жұмыс істей білуге тәрбиелеу, білім, икемділікпен дағдыларды қалыптастыру


Сабақтың типі: Жаңа сабақ


Сабақтың түрі: Аралас


Көрнекіліктер: Сымды дәнекерлеу үлгісі


Қажетті құрал-саймандар: Алюминий және мыс тал сымдарының кесіндісі, бұрағыштар жинағы, қысқаштар жинағы, тоқ өлшегіш құрал, пышақ, бұрамалы қыспақ


Пән аралық байланыс: Физика, химия


Сабақтық өтетін орны: Технология кабинеті


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушыларды түгендеу сабаққа қатынасын тексеру

ә) Сұрақ-жауап арқылы өтілген тақырыпқа шолу жасау, оқушыларды бағалау


  1. Жаңа тақырыпты өту

Сонымен, оқушылар бүгінгі өтетін тақырыбымыз қызықты және өте жауапты жұмыс, сымдарды өзара немесе электрқондырғылық материалдармен жалғау үшін жалғанатын сымдардың бір бөлігінің оқшаулағышын алып тастап, жылтырата тазартады.

Сымдарды жалғау тәсілдері. Сымдарды жалғаудың бірнеше тәсілі бар. Жалғау сымдардың материалы мен құрылымына, түрлеріне байланысты болады. Жалпақ сымдар арнайы тармақтану қорапшалары арқылы жалғанады. Осы мақсатта сымдардың 10 см қабыршағы кесіп алынады. Сымдар қорапшаға енгізіледі және қыспақтардың көмегімен жалғанады. Егер қыспақсыз қорапшалар қолданылса, сымдарды сығымдаудың көмегімен жалғайды және дәнекерлеу мен пісіру әдістері де қолданылуы мүмкін.

Электромонтаждық жұмыстарда қорапшаларды сым жалғанған жерлерде, кабелдерді оқшаулау үшін, сондай-ақ сымдарды жасырын өткізген кезде розеткаларды бекіту мен қондыру үшін де қолданады. Қимасы үлкен сымдарды қосу кезінде құрсаулы ширатпаны қолданады. Неғұрлым жақсы және берік түйіспе болу үшін қосылған жерлерді дәнекерлеген дұрыс. Қосылған жерлер оқшаулағыш таспамен оқшауланады.



Мыс сымдарды жалғау және тармақталуы





Арнаулы қыспақтардың көмегімен, сондай-ақ сығымдау жолымен жалғау неғұрлым сенімді болып шығады. Мұндай қыспақтар алюминий талсымдарын жалғауға арналған. Қыспақтың серіппелі тығырығы жалғанатын сымдардағы қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал қыспа сымның жаншуынан сақтайды.



Алюминий сымдарды қосуға арналған қыспақ

Сымдарды жалғауда қысқыштық қалыптарды да пайдалануға болады. Электр тартылымды монтаждауға арналған қысқыш қалыптар жартылау мөлдір немесе түсті пластиктен жасалады.



Қысқыш қалыптың көмегімен сымдардың бағытын өзгерту

Сымдарды қысқыштармен екі тәсіл арқылы қосуға болады.

Бірінші тәсілді әрбір сымда өз бұрамасы болады, әрбір сым екі бұраманың астымен бүкіл қысқыш арқылы өтеді.

Екінші тәсіл механикалық бекіту, бекітілетін сымдардың көлеміне қарамайды және бұл тәсіл сенімді түйіспе береді, ол қызып кету және қысқа мерзімді тұйықталу қаупін азайтады. Монтаждаудан кейін әрбір талсымның ұшы сенімді қысылғанына және оны ұядан суырып алуға болмайтындығына көз жеткізу қажет. Бір өзекті сымдарды өзара жалғауды сығымдау әдісімен орындаған дұрыс. Электр өткізгіш сымдарды ұштау. Сымның ұшын белгілі бір түрге келтіруді ұштау деп атайды.



Сымдарды ұштау















Кабель қабықшасын тарқату

Қабықшадан кабель талсымын босатып алу















Талсымның ұшын тазарту

а) дұрыс емес ә) дұрыс



  1. Жаңа материалды бекіту

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру

  1. Үй тапсырмасы:

Жұмыс жасаған жерді жинастыру, тақырыпты оқу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!