|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын
түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
-Қайырлы күн
балалар!
-Қазір бізде «Тіл дамыту»
сабағы.
- «Тіл дамыту» сабағынан
суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен
танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз
т.б.
-Балалар, мына өлең шумақтары
жылдың қай мезгіліне арналған
тыңдайықшы:
Күзім-ау,
күзім-ау,
Мінезің
қызық-ау
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау
-Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай
ерекшеліктер бар?
-Күздің қай
айы?
- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы
екен.
ІІ. Өтілген сабақты
қайталап, еске түсіру.
- Ендеше өткен сабағымызды
еске түсірейік . Өткен сабақта
«Жемістер»
тақырыбын өткен
болатынбыз.
Қазір «Ойлан
тап!» ойынын
ойнаймыз.
Мақсаты:
жемістер мен көкністерді
сипаттау арқылы атын тапқыздыру, ажырата білуге үйрету ойлау
қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Шарты:
Балалар суретке қарап
жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып
табады.
|
-Сәлеметсіз бе
апай!
-Күз
айы
-Күн суытады, жаңбыр жауады,
жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып
кетеді.
-Қараша
айы
-Жемістер
-Балалар белседілік
танытады.
|
|
Ұйымдастыру
-ізденушілік
|
ІІІ. Жаңа сабақты
меңгерту.
-Балалар, мына суреттерден
нелерді көріп тұрсыңдар?
-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар
жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары
деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі
сабағымызда
«Үй
жануарларымен» танысамыз.
-Үй жануарларына қандай
жануарлар жатады? Білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл
жануарларды төрт-түліктер деп те
атайды?
-Олай болса. қазір үнтаспадан
шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын
табайықшы.
Барлығымыз
тыңдайық.
-Қай жануардың
дауысы?
-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы
қалай аталады?
-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті,
еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам
түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады.
Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына дауыс қай
жануардікі?
-Жылқы. Жылқының баласын қалай
атайды?
-Жылқы салт міну, жүк тасуға,
ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте
бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді,
жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының
етінен қазы-қарта жасайды.
-Қай жануардың дауысы деп
ойлайсың?
-Қой. Қойдың төлін қалай
атаймыз?
-Қозы. Қой төрт түлік малдың
бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні
3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп
атайды.
-Мына дауыс қай
жануардікі?
-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге
бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер
тігеді.
-Мынау қай жануардың
дауысы?
-Түйе. Түйе шөл керуені. 10
күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті
ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі –
бота.
-Мынау ненің
дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті
де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос.
Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі
бар.
-Енді бұларды қалай
күтіп-баптаймыз?
-Дұрыс, таза су береміз, жем,
шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек.
Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру
керек.
Сергіту
сәті
-«Маша және аю»
физминутка
-Әліппе-дәптермен
жұмыс
-Суреттерді
сәкестендір
|
-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек,
қой.
-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы,
түйе.
-Сиыр
-Бұзау деп
аталды.
-Жылқы
-Құлын
-Қой
Қозы
Ешкі
Түйе
-Ит
Жем, шөп береміз. Су
береміз.
-Балалар қимылмен
орындайды.
-Балалар өз беттерімен жұмыс
жасайды.
|
|
Кері
байланыстылық-
түзетушілік
|
Сабақты
қорытындылау:
«Үй жануарлары»
дидактикалық ойыны.
Мақсаты:
балаларды үй жануарлары мен
төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын
дыбыстауға үйрету.
Шарты:
Балаларға үй жануарларының
суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары
туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып
береді.
|
Балалар белсенділік
танытады.
|