Материалдар / Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер, қаңлылар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер, қаңлылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: үйсіндер, қаңлылар тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы:Тұңғыш президент дөңгелек үстел


Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, слайд

Барысы:
1.
Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету
2.
Психологиялық жағдаят. «Патриоттық ән» Нұраға
3.
Мұғалім сөзі: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды.

«Коверттегі сұрақ» әдісі

- Балалар енді сұрақтарға жауап берсеңдер.
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
- ҚР - ның астанасы қай қала?
(Астана)
- Астана туралы не білесіңдер?

  • ҚР Тәуелсіздігі қашан жария етілді?

  • Мемлекеттік рәміздер күні қашан?

  • ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

  • Жаңа валюта «теңгенің» туған күні?

  • 1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады.

  • 1992 жыл 4 маусым- Қазақстан Республикасы рәміздерін қабылдады.

  • 1993 жыл 28 қаңтар- Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  • 1993 жыл 15 қараша-Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. 

  • 1995 жыл 30 тамыз- Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.


«Блум таксономиясы» әдісі

Мұғ: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды. Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың, ілгерілеуіміздің, ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым. Елбасы туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келді.
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды.
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы - менің арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана
Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы - менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы - менің тілегім!

Жалпы Елбасы туралы не білеміз?

Елбасы туралы мағлұмат беру видео

Кестені толтыр

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Қандай?




Кестені толтыр

Кім? Н. Ә Назарбаев

Қашан? 1940жылы

Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген

Қалай? Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр

Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.


«Ассоциация» әдісі

Президент тұлғасын суретте: білімді, дарынды, мықты қолбасшы, саясаткер, демократ, патриот

(жетістіктері, жұмыстары, кітаптары)


Қорытынды:

Болашақ иесі:

  • Дарынды

  • Шығармашыл

  • Білімді

  • Жан-жақты

  • Дара тұлға

Рефлексия:
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

Әнұран орындау
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!




















































Shape1

Тәрбие сағаты

4 – сынып

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Л.Ж.Ажикенова





















2017-2018 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!