жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ:82 cабақ |
Мектеп: Ю.Гагарин атындағы негізгі мектеп |
Күні: 10.01.2019 |
Мұғалімнің аты: Таласбаева М |
Сынып: 1-сынып |
Ортақ тақырыбы: «Менің отбасым және достарым»
|
Бөлім: |
Сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі
|
|
Пәні:сауат ашу |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру (ұнайды/ұнамайды) 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: |
|
Үү әрпін танып, ажыратып,сөздерге сөйлем құрайды |
||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
||
Сурет бойынша әңгіме құрап, өлеңді оқиды. |
||
Кейбір оқушылар орындай алады: |
||
Тіл жаттықтыру өлеңін жаттап,алған білімін өмірде қолданады. |
||
Бағалау критерийлері |
1.Әріпті тану арқылы ажыратып жазып,дыбысты айтады. 2.Өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіреді 3.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды 4.Құрастырған сөздерді,сөйлемдерді қатесіз оқып, көркем жазады
|
|
Тілдік мақсат |
|
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Үкі Күш |
||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
|
||
|
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Үү дыбысы қандай дыбыс? Ол сөздің қай буынында кездеседі? Үү дыбысы бар сөздер айт. Үү әрпінің жазылуы қай әріпке ұқсайды? ҮКІ сөзіне дыбыстық талдау жаса. |
||
Не себепті......деп ойлайсыз? Не себепті дауыссыз дыбыс деп ойлайсың? Сүт сөзінің мағынасын түсіндір Неліктен Үү дыбысы сөздің аяғында кездеспейді? Үкі сөзін үш тілде айт. |
||
Кері байланыс Бас бармақ тәсілі
|
||
Алдынғы оқу: |
. Оқушылар сюжетті суреттерден ақпарат алуға мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады, сызба бойынша сауатты сөйлем құрап жазады. |
|
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
ресурстар
|
Басы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі А)Психологиялық дайындық Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ә) Топқа бөліну.Теріс қарап тұрған қағазды оқушылар таңдап алады.
|
Шаттық шеңбері
Топ аттары жазылған қима қағаздар |
Ортасы
|
1-тапсырма Жұмбақты шеш: Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ . Тұмсығы имек ,көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі) Қай дыбыстан басталып айтылып тұр? Үү дыбысы қандай дыбыс? Ол сөздің қай буынында кездеседі? Ол неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсың? Үү дыбысы бар сөздер айт. Үү әрпінің жазылуы қай әріпке ұқсайды? ҮКІ сөзіне дыбыстық талдау жаса. Үкі сөзін үш тілде айт.Үкі- Үү әрпін,үкі сөзін жаз.
Үү-дауысты дыбыс.Ол сөздің басында ,ортасында кездеседі.Ол айтылғанда ешқандай кедергіге ұшырамай, еркін айтылады. Дескриптор 1.Жұмбақты шешуін тауып,үш тілде баламасын айтады. 2.Дыбысты ажыратып,талдау жасайды. 3.Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып,сауатты,көркем жазады. Смайликтер арқылы өз-өзін бағалау. 2-тапсырма Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс
1-топ.Суретке
қарап әңгіме құрастыр.
2-топ.Өлеңді тыңдап,не туралы айтылғанын түсіндір. Қандай жақсы! Бір алманы төртке бөлдім, Бір бөлігін жеп те көрдім. Қалған үлкен үш бөлігін Қасымдағы үш досқа бердім. Жегендей-ақ балқаймақты, Үшеуі де таңдай қақты. Бөлінбейтін достармен Бөлісіп жеу қандай жақсы! Авторы: Жәркен Бөдеш 3-топ Осы өлеңнен ү дыбысы бар сөздерді оқу арқылы тауып,қай буында кездесетінін айт. Дескриптор 1.Суретке қарап әңгіме құрастырады. 2.Өлең не туралы айтылғанын түсіндіреді 3.Өлеңнен ү дыбысы бар сөздерді анықтап , қай буында кездесетінін айтады Үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек фигураларымен топтық бағалау
Сергіту сәті "Көңілді күн"
3-тапсырма Жұптық жұмыс "Үшіншісі артық" ойыны Оқушылар берілген үш сөздің ішінен артығын тауып, үйдің ішіне орналастырады.Үкі,сүт,үстел,күшік
Дескриптор 1. Сөздерді дұрыс оқып,қажетті сөзді анықтайды 2.Дыбыстарды ажыратып,сөйлем құрайды 3.Сөздердің мағынасын түсіндіріп,өмірге қажетін айтады Қызыл,сары,жасыл стикер арқылы жұптық бағалау |
Сан суреті Текшелер
Кеспе әріптер Үү
Смайликтер
Суреттер өлең
Фигуралар
Видеодан көреді
Слайд Қима қағаздар
Қызыл,сары, жасыл стикерлер
|
Соңы
|
4-тапсырма. Ойын «Адасқан әріптер» Берілген әріптерден сөздер құрап,буынға бөліп жаз.Осы сөздерді қатыстырып сызба бойынша сөйлем құрап айт.
. _________ .
Саралау
жұмысына берілетін тапсырма Дескриптор 1. Басқы әріптерден сөз шығарып,оқиды 2.Сызба бойынша сөйлем құрайды. 3.Әріптерді дұрыс байланыстырып ,буынға бөліп жазады. 4.Тіл жаттықтыру өлеңін жатқа айтады. 5,4,3 сандары арқылы өз-өзін бағалау
Кері байланыс
|
Слайд
Сызбалар
Тіл жаттықтыру өлеңі жазылған қима қағаздар
5,4,3 сандары |
Қосымша мәліметтер |
||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? 4-тапсырманы орындап қойған қабілетті оқушыларға тіл жаттықтыру өлеңін жатқа айту беріледі.
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
1.Смайликтер арқылы өз-өзін бағалау. 2.Үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек фигураларымен топтық бағалау 3.Қызыл,сары,жасыл стикер арқылы жұптық бағалау 4.5,4,3 сандары арқылы өз-өзін бағалау |
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Математика,ағылшын,орыс тілі,дүниетану пәндерімен байланысы бар. Сергіту сәтін бейнетаспадан қарап жасайды. Байқағыштыққа,достарын сыйлауға, бірлікке тәрбиелеу |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1.
2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.
2. Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1.
2.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген