жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақтың тақырыбы:Газдардың техникада қолданылуы
10а,әсынып 28.11.17ж
Сабақтың тақырыбы: Газдардың техникада қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының жаңа білімді өзіндік ізденісі арқылы меңгеріп, практикалық қолданысын білуіне ықпал ету және газдардың техникалық қолданылысындағы қондырғылар туралы жан-жақты ақпарат беру.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуғажағдай жасау.
Тәрбиелік: теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасы.
1. Физикалық диктант
1. Денелердің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама....
2. Термодинамикалық параметрлер ...
3. Температураны өлшейтін құрал ...
4. Көлемін де, пішінін де сақтамайтын зат күйі ....
5. Менделеев-Клапейрон теңдеуі ...
6. Қысым тұрақты болғандағы процесс ...
7. Универсал газ тұрақтысы....
8. Больцман тұрақтысы ...
9. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу ...
10. Авогадро тұрақтысы ..
III.Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім-білігін тексеру.
2. Графиктермен жұмыс
ІV. Жаңа тақырыптың мақсаты: Оқушының жаңа білімді өзіндік ізденісі арқылы меңгеріп, практикалық қолданысын білуіне ықпал ету және газдардың техникалық қолданылысындағы қондырғылар туралы жан-жақты ақпарат беру.
V. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Температура өзгеруіне байланысты зат үш күйде: қатты, сұйық, газ күйлерінде болады.
Газдардың қасиеттері: (сұрақ-жауап)
1. Газ күйіндегі заттар дене молекулаларының арасының қашықтығының үлкен болуына байланысты кез келген көлемді жайлайтыны
2. Газдар оңай сығылады
3. Газ молекулалары қозғалыс кезінде өзі тұрған ыдыс қабырғасына қысым түсіреді.
4. Газдардың әр түрлі қысымдағы қасиеті әр түрлі болады.
Тек газдарға тән ерекше қасиеттері, оларды түрліше техникалық қондырғыларда пайдалануға мүмкіндік береді. Газдың қысымын оның массасын, көлемін немесе температурасын өзгерте отырып басқаруға болады. Газдың жақсы сығылғыштығы арқылы қысымын басқара отырып техникада пайдаланамыз.
Қолданылуы (слайдтарды көрсету) дәптерге тақырыпты жазу-инсерт әдісі-қолдану салаларын жазып алу
Заманауи өндірістік — техникалық газдарды қолданбайтын саланы елестеу мүмкін емес. Грасис газ бөлу қондырғалары өндіретін азот, оттегі, сутегі, көмір қышқыл газ және аргон әр түрлі мақсаттарда қолданылады, және-де өндірісте технологиялық процесстің ажырамас бөлігі болып саналады.

Жүктеу және тиеу жұмыстары кезінде сұйыққоймада оқшау орта құру, азот өрт сөндіруі, құбыржүргізуді үрлеу және сынау, технологиялық сыйымдылықтарды тазарту.
Химия, мұнайхимия Сыйымдылықтарда оқшау орта құру, азот өрт сөндіруі, құбыржүргізуді үрлеу және сынау, катализаторларды өңдеу, азотты ортада өнімді орау, тотықтандырғыш процестерді қарқындандыру, метан, сутегі, көмірқышқыл газ бөлінуі.
Металлургия Жасыту кезінде қара және түсті металлдарды қорғау, бейтарап ширату, циандациялау, қаттымен дәнекерлеу, ұнтақты металлмен біріктіру.
Көмір өнеркәсібі Жарылғыш қауіпті шахталарда консервілеу барысында оқшау орта құру, қиын қол жететін тұтану көздерін азотты сөндірілуі.
Электрсхемалардың элементтері тотықтандырылмау үшін оқшау орта құру.
Оттегіні металлдарды кесу және дәнекерлеу тәрізді газжалынды жұмыстарда қолдану.
Азотпен өнімдерді тасымалдау, өнімдері бар резервуарларда оқшау орта құру, дәрі-дәрмектерді орамалау.
Тамақ өнеркәсібі Оқшау орта шарттарында жаңғақ, қытырлақ картоптар, майлар, кофе, сыра және т.б тамақ өнімдерін сақтау, ауыстырып тиеу және орау, көкөніс қоймасында түрленген атмосфера құру, балық өсіру тиімділігін арттыру.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру
Практикалық мазмұнды есептер.
№1. Қалыпты атмосфераның қысымда және 20 0С температурадағы өздерің оқитын кабинеттің ауа массасын табыңдар. Ауаның мольдік массасы 0,029 кг/моль.
№2. Қалыпты жағдайда t0=0 0С және атмосфералық қысым Р0=101375Па ауаның тығыздығы ρ=1,29 кг/м3-ге тең. Ауаның мольдік массасын табыңдар.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
№3. 1г көмірқышқыл газында (СО2) қанша молекула бар.
№4. Көлемі 5л болатын ыдыс оттегімен толтырылған, ондағы оттегінің массасы 20г. Ыдыс ішіндегі молекулалар концентрациясы қандай?
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § қайталау
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген