Тақырып: Халық
даналығы
Құндылық: Адамгершілік
Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық
, сыпайылық,
сабырлық
Сынып
2«ә»
Сабақ
мақсаты:
«Даналық» ұғымының
адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: -жұмбақ,
мақал-мәтел, ертегі – халық даналығы екендігін түсіндіру; -халық
даналығына сүйіспеншілігін арттыру; -халық даналығын сақтауға,
бағалауға тәрбиелеу.
Ресурстар:оқулық , Данышпан атаның
жіберген хаты, Ақботаның қоржыны.
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық
сәтi.
Су
асты патшалығына ойша саяхат.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз
және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше
секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе
жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына,
шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды
сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде
дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін
келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап
оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің
арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу
қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді
арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама
ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді
анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен
қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім
бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз
әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап
түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.
Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері
қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.
Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап
саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз
орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы
түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға
тырысыңыз.
Қортынды:
Үнемі бір-біріңізге жақсылық
тілеп жүріңіздер.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ барысын
талдау:
Дәйексөз. «Ақыл шыңы – даналық» халық
даналығы
Мәтінмен жұмыс
Өсиет әңгіме *Хан баласы «халық даналығын» қалай
табады? *Халық даналығына нелер жатады?
Қорытынды:
6.Шығармашылық жұмыс
Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген
тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.
1. Оқу – білім бұлағы, білім –
өмір шырағы.
2. Адам деген – ардақты
ат.
3.Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей.
4. Адам арын
ойлайды.
5. Оқу – инемен құдық
қазғандай.
6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз
күнің жоқ.
7. Адамның сұлулығы –
шыншылдығында.
-
Дәптермен
жұмыс -Дәптерде жұмбақ шешуінің
суреттері (доп, күн, өрмекші) берілген, олардың тұстарына
қалдырылған бос жолдарға жұмбақтың берілуін жазыңдар. *Домалап
кетеді, Қайта домалап жетеді. (Доп) *Қараңғыны түреді, Ылғи жалғыз
жүреді. (Күн) *Шидей ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп
көп жерге Аспалы тор құрады. (Өрмекші)
-
Ойын. «Жұм – аш» Балалар партада өз орындарында отырады. Бір оқушы
ортаға шығап, берілген бір заттың түрін, түсін, көлемін,
ерекшелігін жұмбақтап жасырады, қалған балалар табуға
тырысады.
-
Үй
тапсырмасы.
27-сабақ Халқым менің қонақжай. Қонақ күту
рәсімін айту. Оқу
9.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз.
Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді
үйрендік?
Қане,
бәріміз бірігіп есімізге
түсірейік!
Жауабы: Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны
құрметтеп, сақтауға, бағалауға үйрендік. Осы
қасиеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді
ашайық.