400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шабылған ет тағамдарын әзірлеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шабылған ет тағамдарын әзірлеу.

  1. Шабылған бифштекс

  2. Нағыз котлет

  3. Нағыз шабылған котлет

Сабақтың мақсаты:

Үйретушілік: білімгерлерге шабылған ет тағамдарын әзірлеуді үйрету;

Тәрбиелілік: білімгерлерді шеберлікке, шапшаңдыққа, тазалыққа баулу;

Дамытушылық: білімгерлердің ойлау қабілетін, теориядан алған білімін тәжірибеде қолдануға баулу;

Сабақтың типі: жаңа сабақ, қарапайым комплексті жұмыстарды орындау сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі: топпен жұмыс, сто әдісі.

Сабақты материалдық-техникалық жарақтандыру:

Жабдықтар: электр плитасы, электр қуыру шкафы.

Ыдыстар мен құралдар.

Шикізат: рецепттер жинағы бойынша алынған азықтар.

Дидактикалық материалдар: технологиялық нұсқау карта, технологиялық сызбасы, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Пәнаралық байланыс: арнайы пәндер (жабдықтау, кулинария, тамақ өнімдерін тану, тамақтану физиологиясы, санитария және гигиенасы, калькуляция), физика, химия.


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу

- Сабаққа қатысуын тексеру

- Арнайы киімдерін, санитарлық күйін тексеру

- Өндірістік оқу күнделіктерінің болуын тексеру

- Кезекшілер тағайындау


ІІ. Кіріспе нұсқау.

  1. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

  2. Білімгерлердің назарын жаңа сабақтың мазмұнына көкейкесті ету.

  3. Білімді және тәжірибелік ой-біліктерін көкейкесті ету.

Жоспар

  1. «Есіңе түсір» тест сұрақтарына жауап

  2. «Кім жылдам?» сұрақ-жауап әдісі

  3. Электрондық оқулықпен жұмыс

  4. «Постер» қорғау

  5. Тәжірибелік жұмыс (топтағы білімгерлер жұмысы)

  6. Бағалау

  7. «Жеміс ағашы» рефлексия (кері байланыс)

    1. «Есіңе түсір»

Тест сұрақтарына жауап беру.


  1. Шабылған қоспа үшін қандай ет түрін пайдаланады?

  1. Сиыр еті

  2. Шошқа еті

  3. Қой еті

  4. Барлық жоғарыда аталғандар

  1. Шабылған қоспа үшін қолданылатын ет бөліктерін ата.

  1. Мойын еті

  2. Мойын еті, көк ет, ет қиындылары

  3. Ет қиындалары

  4. Көк ет

  1. Шабылған ет қоспасын әзірлеу үшін шошқа етінің қай бөлігі қолданылады.

  1. Ұша бөлу кезіндегі ет қиындылары

  2. Қабырға етін

  3. Жуан шеті

  4. Төстік

  1. Шабылған ет қоспасын әзірлеуге қой етінің қай бөлігі қолданылады?

  1. Ет қиындылары

  2. Мойын еті, ет қиындылары

  3. Мойын еті

  4. Кесінді

  1. Шабылған ет түрлерін ата

  1. Нағыз қоспасыз

  2. Котлеттік қоспамен

  3. Котлеттік қоспасыз

  4. Нағыз қоспасыз және котлеттік қоспамен

  1. Шабылған ет қоспасына не қосуға болады.

  1. Нан

  2. Басты пияз

  3. Құйрық май

  4. Құйрық май, пияз

  1. Льезон бұл:

  1. Жұмыртқа мен сүттің қоспасы

  2. Мұздатылған жұмырқа қоспасы

  3. Сиыр ұщасы бөлігі

  4. Құрғақ жұмыртқа

Тест жауабы:

1.d

2.b

3.a

4.b

5.d

6.c

7.a

    1. «Кім жылдам?» сұрақ-жауап әдісі. Әр топ үлестірме қағаздарын «картоп», «сәбіз», «ақтамыр» суреттері салынған таңдайды. Үлестірме қағаздарының артында пісірілетін тағамдардың атауы жазылған.Топтармен сұрақ-жауап әдісі жүргізіледі.

    2. «Электрондық оқулық» бейнесімен түсіндіру,муляж, оқу-өндіріс шеберінің түсіндіруі.

1.Тәсілдерге байланысты әдістерді көрсету

-Қажетті шикізаттарды өңдеу

-Турау тәсілі

-Пішіндеу әдісі

2.Тәжірибелік әдіс көрсеткенде білімгерлердің көңіл аударатын бөлімі:

  • Шикізат мөлшерінің сақталуына;

  • Дұрыс пішінделуіне;

  • Қауіпсіздік техника талаптарының сақталуына;

  • Санитарлық талаптардың сақталуына.

    1. «Постер» қорғау арқылы сабақты бекіту;

Әр топ тақтаға шығып, өздеріне берілген плакатқа тағамдарының әзірлену технологиясын рет-ретімен жазады. Уақыт біткен соң, топтар бір-біріне көмектесуіне болады.

    1. Техника қауіпсіздік ережелерін және шеберханада сақталатын санитарлық талаптар жөнінде айтып өту.

Тәжірибелік жұмыс:

ІІІ.Ағымдық нұсқау: технологиялық картаны қолдана отырып, білімгерлермен оқу өндірістік тапсырмаларды орындау.

  1. аралау: жұмыс орнының ұймдастырылуын қадағалау;

  2. аралау: жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;

  3. аралау: технологиялық процестің рет-ретімен орындалуын қадағалау;

  4. аралау: жеке оқушыларға көмектесу;

  5. аралау: техника қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау;

  6. аралау: білімгерлердің іс-әрекетін қадағалау;

  7. аралау:жұмыс орнының тазалығын бағалау.


IV. Қорытынды нұсқау:

  1. Сабақты қорытындылау

  2. Білімгерлерді бағалау

  3. «Жеміс ағашы»плакатын пайдалана отырып кері байланыс (рефлексия) жасайды. Сабақ барысында кеткен кемшіліктер мен жетістіктерді көрсету

  4. Жұмыс орнын тазалау


V. Үй тапсырмасы: шығармашылық жұмыс( котлет қоспасынан тағамдар әзірлеу бойынша дайындалу).














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі