400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шабылған еттен әзірленген тағамдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
теория сабағында алған білімдерін пысықтап жеткізу. Студенттерге шапқан ет массасын туралы түсіндіріп және одан шала фабрикаттар алуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


А стана қаласы әкімдігінің

«Кәсіптік техникалық колледж» КММ




« «БЕКІТЕМІН»

ӨОЖ орынбасары

_________Тлеубаев О.О.





Өндірістік оқыту сабағының

жоспары



Тақырыбы: «Шабылған еттен әзірленген тағамдар»

Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»










Өндірістік оқыту шебері: Сахи А.С.




ЦК отырысында қаралды

Хаттама №____

ЦК төрайымы

__________Федотова О. А.

«___»______2017 ж




АСТАНА - 2017 ж

Наурыз

Өтетін күні: 14.03.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: шабылған еттен әзірленген тағамдар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: теория сабағында алған білімдерін пысықтап жеткізу. Студенттерге шапқан ет массасын туралы түсіндіріп және одан шала фабрикаттар алуға үйрету.

  • Дамытушылық: есте сақтау қабілетін, танымдық, белсенділігін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

  • Тәрбиелік: таңдап алған мамандығын бағалай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың өтетін орны: зертхана № 122

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың түрі: бинарлық


Пәнаралық байланыс: еңбекті қорғау, тауартану, жабдықтау.


Қолданылатын әдебиеттер: «Еңбекті қорғау», «Аспаздық» Бесімбаева.

Көрнекілік құралдар: нұсқау картасы.

Құрал жабдықтар: ыдыс-аяқтар, маркіленген пышақтар, тоңазытқыш, маркіленген тақтайша, электр еттартқыш т.б.

Шикізат: технологиялық нұсқау картасы бойынша (Ет, пияз, ұн, тұз, бұрыш)



Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут

  1. Студенттермен амандасу.

  2. Студенттерді журнал бойынша тексеру.

  3. Студенттердің санитарлық жағдайын тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқау: 10 минут

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  2. Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ:

  1. Ойынды етті екінші сұрыпқа жатқызамызба ? (Жоқ)

  2. Бифштексті ойынды еттен дайындаймыз ба? (ия)

  3. Гуляштың турау формасы кеспек етке ұқсайды ма? (ия)

  4. Ромштексті аунатпаға аунатады ма? (ия)

  5. Қандай ірі кесекті шала фабрикаттарды білесіз?

  6. Қандай ұсақ кесекті шала фабрикаттарды білесіз?


Жаңа тақырып.

Шабылған ет массасының құрамы мен дайындау технологиясын слайд көмегімен түсіндіру.

Шабылған ет массасынан дайындалатын шала фабрикаттар түрімен таныстыру

Құрамы ұқсас шабылған массадан жасауға болатын «Манты» тағамының шала фабрикатымен таныстыру.

Бейнетаспадан шапқан ет массасынан манты тағамының жасалу жолдарын көрсету.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау:


Жұмысқа кірісу алдында қауіпсіздік ережесін еске салып өтейік.

  1. Электр жабдықтармен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

Жауабы:

  • алдын ала шнурды электр жүйесіне қосарда, шнурды дұрыстығын тексеру керек.

  • Ылғалды қолмен электр жабдықтарды және шнурды ұстауға болмайды.

  • Электр жабдықтарды қосар кезде айыршаны айырша ұясына толықтай енгізу қажет

  • Айыршаны тоқтан айыру кезде шнурдан тартуға болмайды.

  1. Пышақты және өткір құрал-жабдықтармен жұмыс істеген кезде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Жауабы:

  • Зертхананың ішінде пышақты қолға ұстап жүгіруге болмайды

  • Пышақты және шанаышқыны бір-біріне берген кезде сабын алға қаратып беру керек.

  • Тағамдарды тураған кезде сол қол саусақтарын сәл бүгіп, пышақ жүзінен кішкене қашықтықта ұстау керек.

  1. Аспазшы қандай жеке бас тазалығының ережесін сақтау керек?

Жауабы:

  • Қолды мұқият сабындап, щеткамен жуып, оларды 0,2 % хлорлы ертіндімен шайқау керек.

  • Тырнақты қию керек, себебі оның астында кір және әртүрлі микробтар жиналады.

  • Таза арнайы киімдер және аласа тақа аяқ киім кию керек.

  • Сақина, сағат, білезік және әшекей бұйымдарды шешіп қою керек

  • Арнайы киіммен зертханадан шығуға болмайды.


ІІІ. Білім алушылардың өз бетімен жұмысы:

Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ тапсырмасына қарап, технологиялық карта бойынша керек шикізаттарды өлшеп алады. Қолданатын құралдар мен ыдыстарды дұрыс таңдап алу. Нұсқау картасы бойынша шала фабрикаттар дайындайды.



Ағымдағы нұсқау 25 минут

  1. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздігін сақтауын қадағалау.

  2. Керекті ыдыстарын дайындау, жұмыс үрдісінің дұрыстығын қадағалау. Әр оқушыға көңіл аудару.

  3. Студенттердің қатесі болса түзетіп, жекелей нұсқау беріп көрсету.

  4. Әр оқушының жіберген қателіктерін топтың көмегімен табу, оны түзеу.


ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау: 3 минут

  1. Оқушылардың жаттығу жұмысына сараптау жүргізу арқылы сабақ мақсатының орындалуын хабарлау.

  2. Жіберілген қателіктерді айтып, болдырмау жолдарын түсіндіру.

  3. Жаттығу жұмыстарындағы жақсы орындағын оқушылардың жетістіктерін айтып, бағалау. Қойылған сұрақтарға жауап беруіне қарай тиісті баға қою.


Жұмыс орнын жинау, тазалау. 5 минут

Үйге тапсырма беру: «Менің шабылған еттен жасалған фирмалық тағамым» тақырыбына дайындалып келу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі