400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сабын көпіршіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Сабын көпіршіктері» тақырыбы бойынша ересектер тобы балаларында гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға, сабынның қасиеттерімен таныстыруға және оның дұрыс қолданылуын меңгертуге бағытталған. Іс-әрекет барысында балалар жұмбақ шешеді, кейіпкермен (қоянмен) қарым-қатынасқа түсіп, сабынды дұрыс пайдаланудың маңызын талқылайды. Сабын көпіршіктерін жасау арқылы балалар тәжірибелік жолмен көпіршіктің қасиеттерін (жеңіл, мөлдір, тез ұшатын) бақылайды. Тақырыпты тереңдету үшін табиғаттағы жанартау атқылауы кезінде де көпіршіктер пайда болатынын көрсету мақсатында қарапайым ғылыми тәжірибе (мини-вулкан) ұсынылады. Сабақ балалардың танымын кеңейтіп, бақылау, қорытынды жасау дағдыларын дамытады, тазалықты сақтау қажеттілігін қалыптастырады. Іс-әрекет ойын, тәжірибе және көрнекілік арқылы ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Сабын көпіршіктері» ұйымдастырылған іс-әрекеті

Жеңісқызы Аяулым, тәрбиеші

Астана қаласы әкімдігінің №81 «Әсемгүл» балабақшасы МКҚК



Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Әлеумет
Тақырыбы: «Сабын көпіршіктері»
Тобы: Ересектер тобы

Мақсаты:

Балаларға сабынның қасиеті, көпіршіктің пайда болу жолы туралы түсінік беру.

Сабынды дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Гигиеналық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.

Бақылау, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.


Міндеттері:

Сабынның не үшін қолданылатынын түсіндіру.

Сабын көпіршіктерінің қасиетін (жеңіл, мөлдір, ұшқыш) таныстыру.

Сабынмен дұрыс жуыну ретін бекіту.

Тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту.

Ұқыптылыққа, тазалыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.


Заттық дамытушы орта:

Сиқырлы қорапша, аудио жұмбақ, сабын, сүлгі, сабын көпіршіктері, су, стақандар, жуыну жабдықтары, «қоян» кейіпкері, көпіршік жасау құралдары, жанартау тәжірибесіне қажетті заттар (сода, сірке суы, бояу, ыдыс).


Іс-әрекет барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі – «Шаттық шеңбер»

Балалар өлең жолдарын айта отырып шеңбер құрады:
Ал, кәнекей, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Уық болып иіліп,
Керегені құрайық…


II. Қызығушылықты ояту

Тәрбиеші:
– Балалар, жолда келе жатып бір
сиқырлы қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін бірге көрейік.

Аудиодан жұмбақ шығады:

Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкейсің.
Кетіп кір, ласың,
Тап-таза боласың. Бұл не?

Балалар: Сабын.

Тәрбиеші сабынның не үшін қолданылатынын сұрайды. Балалар жауап береді.

Тазалық үшін. Жуыну үшін. Қолды таза ұстау үшін.

Тәрбиеші:
– Дұрыс! «Тазалық – денсаулық кепілі».


III. Көрініс – қоян келеді

Жылаған дыбыс естіледі, қоян жылап келеді.

Тәрбиеші:
– Қоян, неге жылап тұрсың?

Қоян:
– Көзімді ашып қарай алмай тұрмын, сабынмен көзімді жуып қойдым…

Тәрбиеші:
– Ой, сен дұрыс жуынбағансың. Сабын көпіршігі көзге тисе ашытады. Жуғанда абай болу керек. Міне, сүлгімен көзіңді сүртіп ал.

Балаларға сұрақ:
– Сабынды қалай қолданамыз?

Балалар ретімен айтады:

Жеңімізді түреміз.

Кранды ашамыз.

Сабынды аламыз.

Қолымызды көпіртіп жуамыз.

Сумен шайып тастаймыз.

Сүлгімен сүртеміз.

Қоян балаларға алғыс айтып шығып кетеді.


IV. Сергіту сәті (музыкамен)

«Көпіршіктер» қимылды биі:
Балалар қолдарын жайып, көпіршік ұшырғандай қимылдар жасайды.


V. Танымдық тәжірибе – «Сабын көпіршіктерін жасау»

Балалар екі топқа бөлінеді, көпіршік жасайды.

Тәрбиеші бағыттайды:
– Көпіршік ауыр ма, жеңіл ме?
– Түсі қандай?
Балалар: Жеңіл, мөлдір, ұшқыш.

Көпіршіктердің қалай пайда болатынын түсіндіреді.


VI. Табиғат құбылысы – шағын эксперимент «Вулкан»

Тәрбиеші:
– Табиғатта да көпіршіктер болады. Жанартаулар атылғанда көбікке ұқсас көпіршіген лава шығады. Көргілерің келе ме?

Қысқа тәжірибе:

Ыдысқа ас содасы салынады.

Қызыл бояу қосылады.

Үстіне сірке суын құйғанда «лава» атқылайды.
Балалар байқайды: көпіршіктену, көтерілу, бұрқ-сұрқ дыбыс.

Тәрбиеші тәжірибені түсіндіреді.


VII. Қорытынды сұрақтар

– Бүгін не туралы білдік?
– Сабын не үшін керек?
– Көпіршіктің қасиеті қандай?
– Жанартауда неге көпіршіктер болады?

Балалар өз ойларымен бөліседі.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Біледі:

Сабынның не үшін қолданылатынын;

Сабын көпіршігінің қасиеттерін (жеңіл, мөлдір, ұшқыш);

Жуынудың дұрыс ретін;

Табиғаттағы жанартаудың көпіршіктермен байланысты құбылыс екенін.

Түсінеді:

Тазалықтың денсаулыққа пайдасын;

Көбік пен көпіршіктің қалай пайда болатынын;

Қауіпсіздік ережелерін (көзге тигізбеу, абай болу).

Орындай алады:

Сабынды дұрыс қолдану кезеңдерін ретімен орындайды;

Сабын көпіршігін өздігінен жасай алады;

Тәжірибе кезінде бақылау жасап, қорытынды шығарады;

Жеке және топпен жұмыс жасай алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі