жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабынның пайдасы және үй жағдайында жасалу әдісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУМЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ
«№4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: «Сабынның пайдасы және үй жағдайында жасалу әдісі»
Бағыты: «Ғылыми жаратылыстану»
Секция: Дүниетану
Орындаған: Карауылбаева А. К., №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Исаев Е. Б., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті, Химия кафедрасының доценті, х.ғ.к
2025
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карауылбаева Айман «Сабынның пайдасы және үй жағдайында жасалу әдісі» атты тақырыпта жазылған еңбегіне
ПІКІР
« Сабынның пайдасы және үй
жағдайында жасалу әдісі» тақырыбындағы ғылыми
жобада Айман ғаламтор мәліметтеріне,
қалалық және кітапханалық кітаптар мен газет-журналдардан көптеген мәліметтер
жинақталды. Өз зерттеуінде
сыныптастарының, ата – анасының бірлесе
отырып жасаған, жуғыш заттардың адам денсаулығына әкелетін пайдасы
бірге анықталды.Сабынның адамға деген пайдасын оқушыларға түсіндіре
отырып мектеп ішінде әртүрлі іс-шаралар жүргізу іске асты.
«Сабынның пайдасы» атты қабырға газетін ұйымдастырды. Жұмыс
барысында Айман өз сыныптастарының, мұғалімдерінің арасында
сауалнамалар жүргізе білді. Нәтижесінде сабын мен иіс сабынның
қаншалықты пайдалы және зиянды екенін және олардың құрамындағы
заттардың өз денсаулығына зиянын біле бермейтіндерге кішігірім
ақпарат берілді. Айман тәжірбие жасай отырып үй жағдайында, ата
–анасының көмегімен иіс сабынды жасап шығарды. Жасаған өнімі
көңілінен шығып,апа-атасының,достарының туылған күніне, әртүрлі
мерекелерге сыйлық ретінде тарту етті. Айман ғылыми жобасы ғылыми
дәлелденді. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған.
Әлиданың ғылыми жобасы келешекте көп адамдарға пайдалы болады деген
сенімдеміз.
Ғ
ылыми жетекшісі: Исаев
Е.
Б
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Б.ғ.қ доцент
Аңдатпа
Әлиданың бұл ғылыми жобасында иіс сабынның құрамын, үй жағдайында жасау жолдарын,жуғыш заттардың адамға пайдалы жақтарының ізденісі жайында айтылғаны мәлім. Тәжірбие барысында мектеп ұстаздарынан,оқушылар мен ата – аналардан сауалнама алынған. Әлида қызығушылығының арқасында,өз бетінше іздене білді және үй жағдайында, ата –анасының көмегімен иіс сабынды жасап шығарды.
Аннотация
В этом научном проекте ученица рассматривает о полезных и вредных сторонах моющих средств для человека, старается найти различные способы изготовления душистого мыла в домашних условиях. В ходе работы учащимся были проведены анкеты среди родителей,учителей о моющихся средствах. Практическая ценность работы возможность изготовления и использования мыла ручной работы в быту. В домашних условиях изготавливает оригинальные мыла своими руками.
Аnnotation
T his
student's project tells about the ways to make perfume in the home
environment. The theoretical essence of the
work is to study the skin of a person through a review of
scientific literature and make soap that does not harm him or
his. The practical value of the work is the ability to make and use
handmade soap in everyday life. The pupil independently studied at home, with
the support of parents created an aroma of
soap.
Тезис
Мақсаты: Иіс сабының адамға пайдасы және оны үй жағдайындағы дайындау технологиясын зерттеу, үйрену және болашақта қолдану.
Міндеттері:
- Керекті мәліметтер жинап, сұрыптау;
- Иіс сабынның және жуғыш заттардың адам денсаулығына тигізер пайдасы анықтау;
- Зайсан қаласындағы ашық дүкендердегі жуғыш заттардың маркаларын анықтау;
- Үй жағдайындағы иіс сабынының жасалынуын үйрену;
- Иіс сабынды жасау жолдарын көрсететін іс – шаралар негізгі іс-шараларын ұйымдастыру;
- Оқушылардың денсаулығының жақсаруына өз үлесімізді қосу және жеке өмірде қолдана білу.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі: Оқушылар сабынның шығу тарихын, жасалу жолдарын және адам ағзасындағы биологиялық жағынан пайдасын анықтау, балалар экологиялық таза сабынды жасауға болатындығын белмеуі, мәліметтің аздығы.
Қолданылған зерттеу әдістері:
- Зерттеу жұмыстарының мәтінін талдау;
- Сауалнама (ата – ана, оқушылар мен мұғалімдер);
- Жуғыш заттардың пайдасын анықтау;
- Иіс сабынының жасалу жолы;
- Салыстыру, интервью, кеңес алу, мониторинг жүргізу;
- Жалпы қорытынды.
Жаңашылдығы: Оқушыларға бұрын білмеген немесе толық мән бермеген кейбір әдістерді жеткізіп, адамдар арасында жанашырлық, достық, сыйластық қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесімізді қосу.
Зерттеу обьектісі: Иіс сабынның жасалуынн бақылау.
Болжам: Егер біз, жасөспірімдердің осы аталып отырған иіс сабынның және жуғыш заттардың адамдарға пайдалы жақтарын анықтап, жуғыш заттардың ішіндегі иіс сабынын үй жағдайындағы жасалу жолын ұсынсақ,онда яғни өз айналамызда денсаулығы жақсы жандар артады деп ойлаймын.
Күтілетін нәтиже: Егер,біз иіс сабынның жасалу жолдары таныстырып көрсетсек,сабын туралы деректер мен дәйектерді оқушылармен біргелікте талқылап, тиімді іс- шаралар қолдана білсек, өз денсаулығына сын көзбен қарайтын, іс-әрекетін басқара білетін жастар саны артуына үлес қосар едік.
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................... 3
1. Сабынның шығу тарихы................................................................................. 4
II. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМ .......................................................................................... 5
1. Сабынның түрлері, дұрыс сақталуы............................................................. 5
2. Иіс сабынның пайдасы................................................................................... 8
3. Сабынның үйде жасау жолдары.................................................................... 9
4. Оқушылармен жүргізілген сауалнама........................................................ 11
Қорытынды ......................................................................................................... 14
Ұсыныстар............................................................................................................ 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................. 17
Кіріспе
Тақырып таңдарда көп ойландым, білгім келді, қолымнан келер деген сенімде болдым. Ғылыми жұмысқа тақырып өзекті болу керек деген жетекшіміз. Әпкемнің кішкентай бөпесі бар. Анам оған әртүрлі сабындар пайдаланды. Кейбір кезде сәбилердің денесіне аллергиялық бөртпелер тудырып жатады. Ол кезде анашымның көңіл-күйі болмай,бөпеміздің мазасы кетеді.Содан мен осы балалар сабыны туралы іздене бастадым. Сыныптасым екеуміз дүкен сөрелеріндегі сабындар құрамы, шыққан жері туралы оқып, біліп, жинап жүрдік. Көп оқып, әлемдегі болып жатырған жаңалықтарды уақытында біліп отырғым келеді.Адам күн сайын өсу керек емес пе?
Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болатыны белгілі. Бүгін мен сіздерге таңғажайып үйде өз қолымызбен істеуге болатын иіс сабынмен таныстырғым келеді. Сабынды өз қолыммен істеген кезде әр түрлі қызықты да қиын сәттеріде болды әрине. Жасап дайын болған сабындарымның бірнешеуін мұғалімдер мен сыныптастарым қызығушылықпен сатып алды. Ғаламтордан сабын жасау туралы өте көп, әрі қызықты мәліметтер табуға болады. «Өнерді үйрен де жирен» демей ме дана халқымыз. Егер адам өмірін бағаласа барлық іске үйренуге талпынады. Сыныптастарымның да қызығушылығын оята білдім және иіс сабынның үй жағдайында жасалу жолдары туралы қысқаша мағлұмат бермекпін.
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сабынның шығу тарихы
Сабын – жоғары майқышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. XI ғасырда өмір сүрген атақты араб дәрігері Ибн Синаның өзі сабынмен тек жұқпалы аурумен ауыратын адамдарды ғана жуындыруға кеңес берген. Ал дені сау адамдарға ол табиғи балшықты ұсынған.
Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәліметтер бергені белгілі. Шаруалар су мен күлден тұратын сұйықтықты пайдаланды. Ірімшік пен шарап сияқты сабын да неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым сапасы жақсара түседі. Ұзақ сақталған сабын жақсы көпіреді, теріге өте жұмсақ, және аз тітіркендіргіш қасиетке ие.
Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара),Бахи,Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған. Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады.
II ЗЕРТТЕУ БӨЛІМ
1. Сабынның түрлері, дұрыс сақталуы
Археологтардың зерттеуі бойынша сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт пайдаланып, жуынатын бөлмесінен үзілмей келеді. Олар ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, кеуектаспен, желіммен, балшықпен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті.
Сабын түрлері:
-
Балалар сабыны
«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосылмайды деген сенімде боламыз. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануымыз керек, себебі мөлшері жеткіліксіз.
-
Косметикалық сабын
Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді.
-
Сабын-скраб
Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуынсақ жеткілікті.
-
Парфюмерлік сабын
Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз.Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Сол көп сабынның ішінен өз терімізге сәйкесін жаңылмай таңдау үшін сабындар туралы ұғымға қанық болғанымыз артық етпес. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.
-
Бактерияға қарсы сабын
Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз.
-
Шипалы сабын
Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.
-
Табиғи сабын
Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады.Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.
-
Калий сабыны
Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.
-
Сабынды қалай сақтау керек
Шын мәнінде, сабын, әсіресе табиғи болса, қасиетін жоғалтып алады. Үй шаруасындағы қыз-келіншектің көпшілігі сабын суланып, езіліп тұрса да, тұрақты қалпын жоғалтпайды деп ойлайды да, сабын салғышқа қалай болса солай салып қояды. Олар шектен тыс дымқылды ұнатпайды. Пайдаланып болғаннан кейін жақсылап шайып, шамаңыз келгенше құрғаққа қойыңыз. Сабын салғышта суы сорғитын тесік болса тіптен жақсы. Әлі басталмаған сабынды құрғақ, қараңғы жерде, табиғи сабынды қағазға орап сақтаңыз.
2. Иіс сабынның пайдасы
Көбіне сабынды кір кетіретін көмекшіміз деп жатамыз. Ал біле білсеңіз, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да жетіп жатыр. Мәселен,
- адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өз-өзінен сыртқа шығады екен,ғажап;
- Дәрі - дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, емханаға жеткізуден бұрын шұғыл құтқару жүргізуге болады;
- Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500ml, ал балаларға 100-200ml ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және метал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады;
- Газ шелегінен газ қашу жағдайы туылған сәтте сабынды жылытып саңлауына жақсаңыз тоқтата тұруға болады;
Қымбат метал сағаттың білекке тиіп тұратын бөліктеріне сабын жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз тердің металды бүлдіруінен сақтануға болады.
- Қабырғаға немесе ақ бұлға қыл қаламмен жазу жазарда түрлі-түсті сияға аздап сабын ертіндісін қоссаңыз жазу тіпті де айқын түседі әрі ұзақ мерізімге жазудың өңі ағарып кетпейді;
- Қабырғаға қағаз жапсырғанда, аздап сабын ертіндісін қоссаңыз қағаз оңай жапсырылады және желімнің қабыршықтанып түсуінен сақтана аласыз.
Сұйық сабын гигиена талаптарына сай болып келеді. Оны қатты сабын секілді әркім қолына ұстамайды. Тек ыдысынан керектісіне қарай құйып алады. Сұйық сабынды пайдаланғанда ондай ыңғайсыз жағдайлар туындамайды. Сұйық сабын қатты сабын секілді кеуіп, не езіліп кетпейді. Ол қанша уақыт тұрса да, алғашқы құрамы мен қалпын сақтап тұрады. Душта қатты сабынды езгенде кейде қолымыздан сырғып түсіп кетіп жатады.
3. Сабынның үйде жасау жолдары
Үйде жасалған сабын несімен тартады?
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді;
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер;
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше;
• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады;
Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз.
Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.
сабын жасау үшін не қажет?
- Үккіш;
- Ыдыс;
- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай);
- Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды);
- Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы;
- Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб.);
- Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз; Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады;
- Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз;
- Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.
Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз – ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз. Ол үшін үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз. Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б).
Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет. Бірнеше рет жасап көргеннен кейін, сіз табиғи сабынның түр-түрін шебер жасай аласыз. Мысалы, түрлі-түсті, қосқабатты, аралас сабындар жасауға болады.
Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...
4. Оқушылармен жүргізілген сауалнама
Cауалнама (3, 5 сынып оқушыларына)
1.Сабын заттарды жиі қолданасыз ба?
а) иә б) кейде в) жоқ
2.Жуғыш заттардың зиянын қаншалықты білесіз?
а) білмеймін б) орташа в) жоғары
3.Қандай сабынды қолданған пайдалы?
а) сұйық б) қатты в) иіс сабын
4. Сабынның шығу тарихын білесіз бе?
а) білмеймін б) білемін в) соншалықты қызықтырмайды
5.Жуғыш заттардан аллергияныз бар ма?
а) бар б) жоқ в) байқалған емес
6. Сұйық сабынынң кемшілігін білесіз бе?
а) иә б) жоқ в) қызықтырмайды
1 Сурет – 3-5 сынып оқушыларының сауалнамаға жауап бергенде шыққан қорытындысы оқушыларымыз жуғыш заттардың зиянын аса білмейтінін және сабынның шығу тарихынан хабарсыз екенін көрсетті
Cауалнама (ата - аналарға)
1.Жуғыш заттарды несіне қарай сатып аласыз?
а) сапасына б) бағасына в)к өлеміне
2.Жуғыш заттарды сатып алғанда кіммен кеңесесіз?
а) ешкіммен б) сатушымен в) өзім құрамына қарай аламын
3. Ағартқыш сұйықтықты жиі қолданасыз ба?
а) иә б) кей жағдайда в) қолданбаймын
4. Қандай жуғыш заттардан аллергияныз ба?
а) жоқ б) сабындардан в) ұнтақтардан
5.Жуғыш заттарды қайдан сатып аласыз?
а) таңдамаймын б) ашық дүкендерден в) кіші маркеттерден
6.Балаларыңызды жуғыш заттардың зиянынан қалай қорғайсыз?
а) қорғамаймын б) мүмкндігінше сапасына қараймын в) кейде
2 Сурет – Ата – аналардың қорытындысы бойынша аналарымыз жуғыш заттардың құрамына сапасына қарайтыны және өз отбасы үшін зиянды заттарды мүмкіндігінше пайдаланбайтынын көрсетті
Сауалнама (мұғалімдерге)
1.Қандай сабынды қолданған пайдалы?
а) сұйық б) қатты в) иіс сабын
2.Жуғыш заттарды сатып алғанда кіммен кеңесесіз?
а) ешкіммен б) сатушымен в) өзім құрамына қарай аламын
3. Қандай жуғыш заттардан аллергияныз ба?
а) жоқ б) сабындардан в) ұнтақтардан
4.Сабын заттарды жиі қолданасыз ба?
а) иә б) кейде в) жоқ
5.Жуғыш заттарды қайдан сатып аласыз?
а) таңдамаймын б) ашық дүкендерден в) кіші маркеттерден
3 Сурет – Мұғалімдердің қорытындысы бойынша мұғалімдер көбі иіс сабынды қолданатынын, аллергияның жоқтығын және сабынды көп қолданатыны көрінді
Сонымен қатар бірнеше адамнан сұхбат алдым, сұхбат жуғыш заттардың құрамы жайында сапасы , бағасына арналып алынады.
Қорытынды
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай. Сабынсыз сабын әртүрлі теріге арналған, оған қосылған қоспаларға байланысты.Біздің елімізде мұндай сабынды ең танымал мысал – көгершін. Онда шамамен 20% глицерин бар.
Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Оның ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, американдық дәрігер-ғалымдар оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Себебі, бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.
Мұндай сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып қана қоймай, сонымен қатар оның қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Сондай-ақ, бетке әжім ерте түсе бастайды. Оның үстіне терінің қатерлі ісігіне, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажеттігіне қарай пайдаланған жөн.
Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды тудырады.
-
Қолдан жасалған сабын несімен тартады? Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше. Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
-
Сабынды қолдан жасау барысында өзіннің,достарының қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
-
Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
Мен осы ғылыми жобамды 4 айға жоспарладым. Алғашқы айларда жуғыш заттардың жалпы пайдасын, дүкендерден бағаларын салыстырып зерттеп шықтым.
Осыдан кейін үшінші айында ғылыми жобамды сол жуғыш заттардың ішінен күнделікті қолданып жүрген сабынның жасалуын жолдарын ізденіп ,иіс сабынды жасадым. Иіс сабынның құрамындағы барлық қолданған заттар табиғи заттар,адамның терісіне ешқандай кері әсері жоқ екенін зерттедім. Яғни иіс сабынның бағасы 200 теңге болса,мен жасаған сабынның бағасы сол секілді, бірақ құрамындағы заттар 300 теңгені құрады. Мен осы бағадан 3 сабын жасадым. Анама, достарыма сыйладым. Мектеп оқушылармен ұйымдастырылған «Жуғыш заттардың пайдасы» тақырыбында дөңгелек стол және сауалнамалар алдым.Зерттей келе,көптеген қызықты мәлімет алдым.
Ұсыныстар
1. Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса. Сыныптарда технология пәнінен «Үй жағдайында сабын жасау әдісі» курсы өтілсе;
2. Оқушылар мен ұстаздар үшін: қалтада жүруге ыңғайлы, аузы дөңгелек, алақанға сипағанда тез жағылатын және микроб кетіретін қасиеті бар сабын болса. Себебі бор мен тақта сүртетін шүберекті пайдаланғаннан кейін қолымызды жай сумен жуып, ас жеу денсаулығымызға зиянын келтіреді;
3. Кір сабынның құрамына тыңайтқыш элементтер қосса, оны пайдаланғаннан кейін суын өсімдікке құйғанда, өсімдіктің тез өсуіне және өсімдік битін кетіретін қасиеті болса;
4. Ыдыс жуатын құрал ретінде шығарылса. Себебі қазір көптеген химиялық қоспасы бар сұйықтықты пайдаланған денсаулыққа кері әсерін беріп жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Ол кім, бұл не? Энциклопедия Кнунянц И.Л. Химическая энциклопедия. - M.: Большая Российская энциклопедия, 1992, С. 564 – 639;
-
“Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл Әдістемелік хабаршысы.Білім жүйесіндегі кадрларды қайта даярлау қалалық орталығының ай сайын шығатын әдістемелік жинағы. 2000,3;
-
“Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл;
-
«Ғылыми жұмыс мектепте» журналы 5. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том;
-
М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет.
8

