Сабыр түбі -сары алтын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабыр түбі -сары алтын

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №50 орта мектеп Мерзiм_01. 10.2017__ №_25

Тақырып__Сабыр түбі – сары алтын

Құндылық_ішкі тыныштық Қасиеттер_сабырлық, ұстамдылық, төзімділік

Мұғалiм Басмагамбетова Г К _Класс_4 Оқушылар саны_28


Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлылық, ішкі тыныштық құндылығынан туындайтынын ұғындыру




Міндеттері: 1)Сабырлы, төзімді болудың маңызын түсіндіру

2)Оқушылардың бойына сабырлылық қасиеттерін дамыту

3)Оқушыларды ұстамдылыққа , сабырлылыққа тәрбиелеу



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.5Т

  1. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 минут)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Күн нұры біртіндеп күшейе түсуде. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Асыл шөп

Зылиқа мен Бәтима деген біркудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға шығыпты – мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым, - депті Бәтима.

-Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, - депті Зылиқа.

-Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорықамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген, - депті Бәтима.

Мазмұнын бір оқушыға айтқызу

Мәтін бойынша сұрақтар:

1)Бәтима мен Зылиқа не үшін қалаға бара жатты?

2)Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде?

3)Бәтиманың асыл шөп деп отырғаны не?

4)Сабырлылықты қалай түсінесің?

5)Ұстамды болудың мәні неде?

6)Өміріңде қиындық сәттер кездесті ме?


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.


Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

М.Әуезов

Сергіту сәті


Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.



  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Жан жарасы жазылмайды

Ертеде бір қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты.Бір күні қария баласын бір қапшық шеге беріп:

-Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың,-дейді.

Бала бірінші күні -ақ бағанға он шеге қағылғанын байқап, өзін – өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе – күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді.

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті.Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп:

-Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық – шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешкашанда бастапқы қалпына келе айлмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық – шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам,- дейді.


1)Әкесі баласына неліктен бір қап шеге берді?

2)Әкесі соңғы күні бағанды көргенде не айтты?

3)Баланың бойында қандай қасиет жеткіліксіз?

4)Сабырлы болуды қалай үйренуге болады?

5)Адамға төзімділік не үшін қажет?

6)Барлық жағдайда кешірім сұраудың мәні неде?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1)Санамақ арқылы топқа бөлу(1,2,3,4)

2)Сурет салу (Сабырлылық, төзімділік қасиеттерді бейнелейтін сурет)




  1. Топпен ән айту.

Мадина Садуақасова


Балалық шаққа саяхат


1.Күндерім өткен ұзағын

Қаншама шаттық,қанша мұң

Бәрінен тәтті екен-ау

Балалық шағым,бал шағым

Алыста қиса ертеге

Бейкүнә таза мөлтеген

Қоштасып бала өмірмен

Өскіміз келді ертерек!


Қайырмасы

Балалық шақтың бекетін

Қалдырдым өмір жолында

Арман көп оған жететін

Билет жоқ әттең қолымда!


Қайырмасы


2.Кетті ғой көктем талай күз

Жылдарды әлі санаймыз

Өмір кеп аңсап бал күнді

Жалтақтап артқа қараймыз!


Қайырмасы

Балалық шақтың бекетін

Қалдырдым өмір жолында

Арман көп оған жететін

Билет жоқ әттең қолымда!


Қайырмасы


  1. Үй тапсырмасы.

Ішкі тыныштық құндылығына байланысты

оқушы дәптерінен 35 беттегі 1-2 тапсырманы орындау. 26-сабақ, 120 беттегі «Бұлақ сылдыры» тақырыбын оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі