|
-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Сынып жетекшісі кезеңдерімен таныстырып
шығады.
Бірінші кезең
: «Сабырлық – асыл қасиет»
баяндама
«Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша
қасиеттердің бірі.Ұлы Абай атамыз:өзінің
толғамында:
...Сабырсыз, арсыз, ерінішек... деп сабырсыздықты сынайды.
Сабырсыздықты еріншекпен арсыздықтың деңгейіндегі жаман әдеттің
біріне балайды.
Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған.
Балаларымыз сонымен қатар «Асықпаған арбамен қоян алар» деген аталы
сөзінің өзі сабырлы болуға, әр нәрсенің ақырын күтуге
шақырғандығының белгісі.
Сабырлы болу деген өз намысыңда қорғай алмайтын ынжық болу
деген сөз емес. Сабырлылық тек терең ойлауға, байсалдылыққа
бастайтын қасиет. Сабырлы болдым деп ар-намысыңда қорлауға төзуге
болмайтындығын да ескеруіміз керек. Адам баласына тағдырдың
жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр
етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпай сабырмен қарау
ләзім. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын): «Мұсылманның қандай да бір ісі таңғаларлық. Қандай
іс болмасын ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер оған бір жақсылық
жетсе, ол Аллаға шүкіршілік айтады. Сол шүкір айтқаны үшін оған
Алладан жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық жетсе, сабыр
етеді. Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық болады», –
дейді.
Демек, сабырлы адамға Ұлы Жаратушының шексіз нығметтері бар
екендігін осылай өсиет еткен. Ұлы Жаратушы сабырлы пендесіне
мейрімін төгеді.
Әрбір сәтсіздіктер Ол ұлы Жатарушының сынағы деп қабылдап,
одан сабырмен төзіммен шығумыз керек. Қиындықтар кездессе оған
сабыр ету болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің
басы деп қабылдау керек.
Сабырлылық адамға өмірдегі түйгендері мен келетін дағды.
Ата-ана бала тәрбиесінде сабыр ету, шүкірлік қылу туралы да үнемі
айту отыру қажет.
Сабыр Алланың бізге берген ең бңр тығырықтардан шығу ға
көрсеткен жолы.
Сабырлылық адамға сенім ұялататын, болашаққа бағыт
сілтейтін, қажыр мен қайрат сыйлайтын ең бір ізгі қасиет
болғандықтан, әр кез сабырға
ұмтылайық»
Екінші кезең : «Жан жарасы жазылмайды»
(Видео қарау . пікірталас , өз ойларымен
бөлісу).
Сұрақтар :
●
Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа
үйретті?
●
“Ашуды ақылға жеңгізе біл” дегенді қалай
түсінесіңдер?
●
Ашуланған кезде өздеріңді қалай
ұстайсыңдар?
Үшінші
кезең: Ой шақыру сұрақтары
(жұптық жұмыс)
1. Сабырлылық дегенді қалай
түсінесіңдер?
2. Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп
ойлайсыңдар?
3. Сабырлылық сақтағанда қандай күйде
боласыңдар?
4. Өзің ұстамдылық таныту үшін не
істедің?
Төртінші кезең : Мақал-мәтелдер
сөйлейді.(мақал-мәтелдердің жалғасын
табу)
1.«Сабырлының бағына алма бітер, ...................
»
2. «Сазды жердің ағашы,
....................................
»
3. «Сабыр кірді ашады,
..........................................»
4 . «Сабыр түбі -
........................»
5. «Сабырлы жетер мұратқа,
...................................»
Бесінші кезең : Қанатты
сөздер
-Оқушылар , мынадай қанатты сөздерге зер салып
тыңдайық.
«Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке
қашады.»Б. Момышұлы
«Даналардың сабырлылығы - бар болғаны олардың өз сезімдерін
жүрек түбінде жасыра білуі». Франсуа де
Ларошфуко
«Сабырлылық — жақсылықтың қайнар көзі». Лао-цзы. Ал ,
сендер сабырлыққа байланысты қандай қанатты сөздер
білесіздер?
Алтыншы
кезең : «Ой талқы»
әдісі
Ой толғаныс жазу. Не білдім? Не
үйрендім?
|
Оқушылар тәрбие сағатының кезеңдерімен
танысады.
Оқушылар сынып жетекшінің баяндамасын зер салып
тыңдайды.
Оқушылар видеоны қарайды. Сынып жетекшісінің сұрақтарына
жауап береді.
Оқушылар жұп болып сұрақтарға жауап
береді.
Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын
табады.
1.Сабырсыздың бағына қау
бітер.
2.Сабырсыз ердің сазасы
3.Сабырсыз сырды ашады.
4. сары алтын. 5.Сабырсыз қалар
ұятқа.
Оқушылар қанатты сөздерді айтып
бөліседі.
«Ой талқы» әдісі арқылы
ой толғаныс жазады.
|