Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
шабыттандырған курс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мен Әсет Жігер қарасай ауданы ауданы шамалған ауылы «кәсіптік оқудағы көпсалалы» колледжнде математика мұғалімі болып қызмет атқарамын.
NIS «педагогикалық шеберлік орталығы» алматы филиалының 2023 жылғы «Коллежде математиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктігін арттыру курсы бойынша білімімді жетілдірдім.
Бұл курстың мақсаты білім алушыларды қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету болып табылады.білім алушылардың колледждегі кәсіби бағыттарды ескере отырып,жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын терең меңгеруде сапалы білім маңызды екенін, ал осы міндеттерді шешуде колледж оқытушыларының кәсібилігі білім сапасын және инклюзивті оқу ортасын қамтамасыз етуде шешуші фактор болып саналады.
Бірінші күні мені бір қорқыныш сезімі биледі. Осы курста қандай жаңалықтар аламын, не үшін керек, қандай пайдасы бар деген сұрақтар мазалады. Сол сұрақтарға мен іштей жауап тапқандай болдым. Бұл бағдарламаны игеру барысында негізгі мақсаттарымен таныса отырып, әріптестер үшін маңыздылығын түсіндім. Келген күні өзімді жайсыз сезіндім. Себебі, басқа ортаға түстім, мүлдем таныс емес адамдар. Әрине қорқынышты болды. Себебі сенімсіздік болды. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені, әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік. Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс әріптестер арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті.
Курстың барысында мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру екенін ұқтым. Менің бұл курстан алған әсерім көп болды. Осы оқу курсына мазасыздықпен келген алғашқы күніміздің өзінің жағымды тренингпен басталуы қобалжуымызды сейілтіп, тобымызда үлкен достық пен жайма — шуақ ауа райын қалыптастырды.
Бұл курста барлық әдістемелік жұмыстар ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Тренер Ошақбаева Аманкул Адильбековна математика пәндері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасының құрылымымен және мақсаттарымен таныстыра отырып, критериалды бағалауды және мұғалімдердің бойында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды, тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, тиімді сұрақтар қоя білу критериалды бағалау, қысқа мерзімді жоспар, дескриптор құра білуді тағы басқа көптеген мәліметтер кеңінен қамти білді. Курс тақырыбы бойынша тренеріміз Ошақбаева Аманкул Адильбековнаның біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары екендігі бірден байқалды. Біз жұмыс барысында тәжірибе жұмысының әртүрлі түрін таңдау арқылы топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындадық.
Пән бойынша пәндік аспектілерді меңгеріп, әдіс-тәсілдерді ықшам сабақтарға сала отырып, оны топта талдадық. Осы сабақтарды рефлексия және талқылау кезеңдерімен ұштастырып, білімімізді толықтырдық. Курстың бірінші аптасында техникалық және кәсіптік білім берудегі басымдықтар және жетілдіру стратегиялары , білім беру бағдарламасына кіріспе және бағдарлама аясында қолданылатын терминдермен таныстық.
Курстан кейін колледжге барғанда әріптестерімнің кәсіби деңгейлерін көтеруге және әр білім алушының ой-өрісін жетілдіретін технологияның түрлі әдіс-тәсілдерін топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сын тұрғысында ойлау, диалогтық оқыту және тағы басқа технологиялардың ерекшеліктерін тренингтер арқылы үйретемін деп ойлаймын. Smart арқылы нақты, қолжетімді, шынайы жоспарлау негізінде өзгертулер енгізу керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарын білім алушыларға бағытталып блум жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Менің ойымша, күнделікті өмірде кез келген істе жетістікке жету,тіпті, әр күніңнің сәтті өтуі өзіңнің көңіл-күйіңе байланысты. Егер көңіл-күйің жақсы болса, бойыңда тау қопарардай шабыт пен өз-өзіңе деген сенімділік пайда болады.
Халқымыздың рухани көсемі ахмет байтұрсынұлының «мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр маманның жадында болуы тиіс. Сондықтан сабағымның әр кезеңінің мақсатын ашатындай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауда көп ойлану керек екенін түсіндім.осы курста біраз мағлұмат алдым. Нақтылығын айтқанда, өзі түсінетін адам өзі зертеп білімді жинайды, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды, өзінің іс әрекетіне қатысты таңдау жасап, басқаларының ойымен күмәнмен қарау, дұрыс бағалай білуді үйренеді. Осы курста алған білімімді практикада қолданамын. «Жақсы сөз — жарым ырыс дегендей», ең бастысы, жылы көзқараспен, жағымды сөздерімізбен әрітестің ықыласын оятып, қолынан іс келетініне сендіре білуіміз керек. «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы абай атамыз айтқандай болашақта осы курстан алған білімімді мектебімде жүзеге асыра аламын деп ойлаймын. XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәнін түсіне біліп, шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетініме сенемімін.
Бұл бәріміздің кез келген қиындықтарды бірлесіп еңсеруімізге, өзімізге сенімділікпен қарауымызға оң ықпалын тигізді. Тренеріміздің әр сабақты жағымды әрекеттерден бастауының нәтижелілігіне күнделікті байқай отырып, өз сабағымның сәтті өтуі де тек өзіңнің топта ынтымақтастық атмосферасын қалай орната білгеніңе байланысты екенін түсіндім. Осы екі апталық курста бізбен бірге болып, бар білгенін өз тәжірибесімен ұштастыра отырып үйреткен тренеріміз Ошақбаева Аманкул Адильбековнаға алғысым шексіз. Сізге шығармашылық жолыңызда толағай табыстар тілеймін.