400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шабуылдағы бөлімше.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды шабуылдағы бөлімшенің іс- әрекеттерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Сабақтың тақырыбы: Шабуылдағы бөлімше.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шабуылдағы бөлімшенің іс- әрекеттерімен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут.


  1. Өткізілетін орны: Тактикалық алаң.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.

  • бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?

  • бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?

  • ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

  • ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?

  • бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?

  • түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Шабуылдағы бөлімше.


в) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бөлімше командирі шабуылға берілген ұрыс бұйрығында нені көрсетеді?

  • бөлімше жүріп келе жатып, қарсыласқа қалай шабуылдауды қандай ретпен жүргізеді?

  • бөлімше қорғаныс тереңдігіндегі қарсыласты шабуыл кезінде қалай жояды?

  • танк пен оның артында шабуылдап келе жатқан бөлімшенің өзара қимылы туралы айтыңдар.

  • бөлімше қарсы шабуылдағы және шегінудегі қарсыласты қалай жояды?

ТД. Т. 12. Шабуылдағы бөлімше.

Мотоатқыштар бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Бөлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, атыс құралдарының орны, взвод, бөлімше, көршілердің міндеттері және жеке құрамның міндеттерін көрсетеді; оператор–көздеушіге – қарудың әр түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан кейін бөлімшеге қолдау көрсету тәртібін; пулемет пен гранататқышқа – бөлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке – қозғалыс бағыты мен тәртібін, бөгеттер мен тосқауылдардан өту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда қалған жеке құрамға тізбектегі орынды және бақылау, атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бөгеттер мен тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді.

Шабуыл кезінде бөлімше ЖҰМ-да (БТР), қарсылас қорғанысына взвод легімен жылжиды. Шабуылға шығу шебіне жақындаған кезде взвод командирінің пәрменімен бөлімше өз бағытына шығады. Белгіленген жерге ЖҰМ-мен (БТР), жақындаған бөлімше жаяу ретпен шабуылға шығу үшін бөлімше командирінің: «Машинаға!»,«Бөлімше, мынадай затқа шабуылға , алға» пәрменімен машинаны тез тастап, тізбекке жазылады да, танк артынан немесе өз бетінше тоқтаусыз шабуылдайды. Егер қарсылас қорғанысы артиллерия атысымен және авиация соққысымен сенімді түрде басылса, онда бөлімше қарсылас қорғанысының алдыңғы бөлігіне ЖҰМ-да (БТР) шабуыл жасайды. Бұл кезде бөлімше ЖҰМ (БТР) қаруымен және атыс саңылауы арқылы алдыңғы шептегі қарсыластың қалған атыс құралдарын жояды. Қарсылас қорғанысының алғы шебі алдындағы бөгеттерді бөлімше бекітілген тәртіп бойынша танк артынан немесе өз бетінше өтпе арқылы жылдам кесіп өтеді.

Бөгеттерден өткеннен кейін бөлімше взводтың ұрыс желісінде өз орнына орналасады да, қарсылас қорғанысының алғы шебіне дереу шығып, оны жояды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайындағы шабуыл кезінде бөлімше шабуыл алдында өз қаруынан атыс жүргізу арқылы қарсыластың байқалған атыс құралдарын және тірек күшін жояды. Егер шабуыл ЖҰМ-да (БТР) жүргізілсе, бөлімшенің жеке құрамының машиналарға отыруы атыс дайындығы кезінде жүргізіледі.

Өз танкілері жақындаған кезде мотоатқыш бөлімше командирі: «Шабуылға дайындал!» пәрменін, ал танк өткеннен кейін: «Бөлімше, шабуылға, алға!» пәрменін береді. Осы пәрмен арқылы бөлімше оқпанадан тез секіріп шығып, танк артынан шабуылға шығады.

Бөгеттерде жасалған өтпелерге жақындаған кезде бөлімше командирінің: «Бөлімше, менің соңымнан, бірден (екіден) лекке алға адымда!» пәрмені бойынша бөлімше бірден (екіден) лекке тұрып, танк артынан (өз бетінше) бөгеттердегі өтпелерден өтеді. Пулеметші алға жүгіріп, бірінші орда орналасқан қарсыласқа қарсы атыс жүргізеді. Бөгеттерден өткеннен кейін, бөлімше командирінің: «Бөлімше – белгілі бір затқа - ұрысқа!» пәрменімен тізбекке жазылады да, екпінді шабуыл объектісіне жақындайды. «Гранаттармен – атысқа!» пәрмені бойынша бөлімше қарсқарсыласқа гранаттар лақтырып және «Ура!» – деп айғайлап, танкімен бір уақытта қарсылас бекінісіне шығады да, оны бетпе – бет атыспен жояды, осылайша тоқтамай алға жылжиды.

Танк соңынан шабуылдай отырып, бөлімше ең әуелі қарсыластың танкіге қарсы құралдарының есептобын жояды және жылжуға кедергі келтіретін нысаналарды танкіге көрсетеді, сонымен бірге танкіге бөгеттерден өтуге көмектеседі және бұзылған танк экипажына қол ұшын береді.

Танк үшін қиын жерлерде бөлімше танкіден озып кетеді, оның оғының астында шабуыл жасайды. Бұл учаскелерден өткен соң бөлімше оның артынан шабуылдауды жалғастырады.

Қарсыластың қорғаныс тереңдігіндегі ұрыс кезінде бөлімше танкпен және көршілермен өзара қимылдай отырып, алға жылжуы үшін қарсылас атысының әлсіз тұстарын дер кезінде тауып алға жылжудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Қарсылас атысынан және жер үсті бақылауынан жасырын жерде бөлімше тізбек бойынша жеделдетілген адыммен қозғалады, ал жасырын кіре берісте (жыра ойпат) бірден немесе екіден лек жасап жылжиды. Қарсылас атқылап жатқан жер учаскелерін бір уақытта барлық бөлімше болып немесе бір – бірлеп жүгіріп өтеді және жер бауырлай жылжу мүмкін.

Бөлімше өзінің күшті әрі жақсы ұйымдастырылған атысымен тоқтатқан қарсыласты орағытып барып, қапталдан және тылдан шабуылдайды. Қарсыласты айналып өту мүмкін болмаса, бөлімше взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, маңдай шептен шабуылдап, барлық құралдарынан атыс жүргізе жояды. Қарсыласты жойып, мотоатқыштар бөлімшесі взвод командирінің «Орындарыңа» пәрмені бойынша тез жүгіріп, қаруларын тежегіште ұстап, машинаға отырады.

ЖҰМ-ның (БТР) жылжуына қарсылас өз атысымен кедергі келтірген кезде командирдің: «Машинаға!» және «Бөлімше, ұрысқа, алға!» пәрмені бойынша машинадан секіріп түсіп, тізбекке жазылады да, ЖҰМ-ның (БТР) атыс қолдауымен шабуылды жалғастырады. Қарсылас қорғанысы тереңдігінде кездескен бөгеттер мен тосқауылдарды айналып өтеді немесе жасалған өтпе арқылы кесіп өтеді.

Қарсы шабуылға шыққан қарсыласты бөлімше взводтың басқа да бөлімшелерімен өзара қимылдай отырып, атыспен және шұғыл шабуылмен немесе взвод командирінің нұсқауы бойынша, қарсыласты тиімді шептен атқылайды, содан кейін оған шабуыл жасайды. Егер қарсылас көршіге қарсы шабуылға шықса, онда бөлімше өз атысымен көмектеседі. Оның негізгі мақсаты – қарсы шабуылдаушы қарсыластың қапталы мен тылына шығу болып табылады.

Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте ЖҰМ-да (БТР) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер пайдаланып, қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа да бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, қарсыластың қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу арқылы қысады және шешуші шабуылмен оған соққы беріп, талқандайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
2409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі