Шағын және орта бизнес

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын және орта бизнес

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын және орта бизнес тақырыбы бойынша бизнестің түрлерімен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: __________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 6-сабақ


Бөлім:

3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шағын және орта бизнес

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.1.1 - тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;

Сабақтың мақсаты

Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыра алады. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жаза алады.

Құндылықтарға баулу

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

  • Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;

  • Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

-тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут









Сабақтың ортасы

7 минут










10 минут















































10 минут








































































8 минут










Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

Психологиялық ахуал тудыру кубигі

1.Амандас

2. Құшақтас

3.Тілек айт

4.Мақта

5.Күлкі сыйла

6.Би қимылдарын бірге қайтала


Ойтүрткі

Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар? Суретте бейнеленген мамандықтар жайлы не білесіңдер?


1-тапсырма

Берілген мәтінді мұқият оқы.

Мәтіндегі келтірілген деректерді диаграммаға сал. Мәліметтерді салыстыр. Қазіргі кезеңде жастардың гуманитарлық салаға бейімделу себебі неде?

Еліміздің облыстарындағы комбинаттар мен зауыттар 5400 техникалық мамандыққа зәру екен. Сонымен қатар аймақтар бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандар саны 2010 жылы Ақмола облысына – 600-ге жуық, Ақтөбе облысына – 360, Алматы облысына – 865, Атырау облысына – 123, Шығыс Қазақстан облысына – 423, Жамбыл облысына – 387, Батыс Қазақстан облысына – 600-ден аса, Қарағанды облысына – 558, Қостанай облысына – 811, Қызылорда облысына – 1000-нан аса, ал Маңғыстауға – 575, Павлодарға – 387, Солтүстік Қазақстан облысына – 622, Оңтүстік Қазақстан облысына 500-ге жуықты құрапты. Бұл қажеттілік бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қамтамасыз етіліп жатыр.

 Мамандар «біздің  ұлттың бойынан 

техникалық мамандықтарды  игеруге

 құлықсыздық, қайта гуманитарлық 

салаға беймділік себебі –  ұлттың технограттық санасының 

әлсіздігінен» деген тұжырымға  келіп отыр. Сол себепті де жылдан-жылға техникалық, ауылшаруашылық мамандарын даярлауға мемлекет тарапынан бөлінген грант саны артып отыр. Мәселен, өткен жылы талапкерлерге барлық сала бойынша бөлінген 35 мың гранттың 11мыңы еңбек нарығында сұранысқа ие аталмыш техникалық мамандықтарға бөлінген екен. Биыл да бөлінген жалпы грант санының 11 мыңнан астамы аталмыш мамандық салаларына бөлініп отыр. 

2-тапсырма

Мәтінді сызбадағы мәліметтермен толықтырып оқыңдар. Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жаз.

Инженер мамандығының салалары

инженер-геофизик

инженер-мұнайшы

тау-кен инженері

авиация инженері

теміржол инженері

инженер-металлург

инженер-механик

инженер-құрылысшы

инженер-технолог

инженер-энергетик

инженер-метролог

инженер-топограф


Инженер – қашаннан сұранысқа ие маман. Болашақта шығарылатын өнімге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу; өнімнің конструкциясын жетілдіру және жаңарту; өндірісті техникалық тұрғыдан дайындау және өндірістік процесті ұйымдастыру сияқты қыруар жұмыс инженерлердің көмегімен жүзеге асады. Техникамен технологияның заманында мұндай мамандарға деген сұраныс екі есе артып отыр. Инженерлік – нано-технологиялық, ақпараттық жүйелерді жобалау, жетілдіру және іске қосу, басқару процестерін қамтамасыз ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген мамандық. Сондықтан үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Бұл кәсіп алғашында Италияда пайда болған. Ең алғаш «инженер» деген мәртебе Леонардо да Винчиге берілген екен. Кейіннен Францияда жаңаша түрі пайда болып, жан-жаққа тарай бастаған. Өнеркәсіп өндірісіне байланысты инженерлік мамандықтарға сұраныс үлкен. Инженерлер өз ішінде инженер-техник, инженер-конструктор, инженер-технолог, инженер-пайдаланушы, инженер-экономист, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-эколог, инженер-жобалаушы және т.б. болып бөлінеді. Бүгінде бұлардың әрқайсысының жұлдызы жанып тұр. Техника, технология, ақпараттық технологиялар саласында оқығысы келетін балалар өз ана тілімен қатар, технология мен техниканың тіліне айналған ағылшын тілін жетік білуі керек. Екіншіден, таңдаған мамандығын сүюі керек және сол саланың толыққанды кәсіпқой маманы болу аса маңызды. Үшіншіден, әрқашан ізденісте болу, жаңалық ашуға құлшыныста болу маңызды. Себебі технологияның бір орында тұрмайтынына көзіміз жетіп отыр. (Жұлдыз Әбділда)

үт оқушыға тапсырма

Берілген мәтінді оқып, әрі қарай бұл ойды жалғастырып, сөйлемдер құра.

Экологтар.

Қалалар үлкейіп, өндірістер көбейген соң, әрине, өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болады. Оларды шешу үшін жоғарғы дәрежелі мамандар қажет-ақ. Үлкен қалалардағы кептелістер т.б. экологиялық мәселелер туындаған кезде экологтардың қосар үлесі жоғары болады.

8-тапсырма. (оқулықтан)

Суретпен қатар берілген мәтінді әрі қарай жалғастырыңдар. Өз ойларыңды ортаға салыңдар, “Еркін микрофон» әдісі арқылы сұхбат құрыңдар.

Тақырып: Болашақ мамандықтары



Үйге тапсырма : 7 –тапсырма


Рефлексия

«V» - мұғалім  сұрады, бірақ жауабым дұрыс болмады.
«W» - мұғалім сұрады, жауабым дұрыс болды.
«
»  - өз еркімен шықтым, бірақ жауап дұрыс болмады.
«+» -  өз еркімен шықтым, жауабым дұрыс болды.
«0» - жауап бергем жоқ.


Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі

тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.



Суретте бейнеленген мамандық иелері жайында әңгімелейді.
















Берілген мәтінді мұқият оқиды. Мәтіндегі келтірілген деректерді диаграммаға салады. Мәліметтерді салыстырады. Қазіргі кезеңде жастардың гуманитарлық салаға бейімделу себебіне талдау жасайды.






































Мәтінді сызбадағы мәліметтермен толықтырып оқиды. Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады.















































Берілген мәтінді оқып, әрі қарай бұл ойды жалғастырып, сөйлемдер құрастырады.












Мұғалім ұсынған стикерге шартты белгілер арқылы оқушылар өздерінің белсенділігі мен сабақтағы әрекетін бағалайды.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!


Дескриптор

Білім алушы

-мәтіндегі деректерді диаграммаға салады,

-мәліметтерді салыстырады,

-мәтіндегі көтерілген мәселеге пікірлерін білдіреді.









«Шапалақ» әдісі арқылы қолдау білдіреді.





Жеке жұмысты бағалау

Алшы –

(9-10 балл)

Тәйке (тауа) – (7-8 балл)

Бүге (бүк) –

(4-6 балл)

Шіге (шік) –

(1-4 балл)





Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптас

тырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып



ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР






















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі