400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақталған мектепке арналып жасалған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақталған мектепке арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ермек Гүлім 41 бш

2 сынып

4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Көптік жалғауларын дұрыс қолдану.

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдылау

Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым .

Дағдылары жетілдіріледі

тыныс белгілері үйретіледі, жасалу жолдары танытылу.

топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындату.


Сабақтың көрнекілігі:

Тірексызбалар,көрнекіліктер,интербелсенді тақта

Тірексызбалар,көрнекіліктер,интербелсенді тақта

Оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап,практикалық жұмыс

Сұрақ-жауап,практикалық жұмыс

Сабақтың барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Ұйымдастыру кезеңі

1-тапсырма

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

2 сынып

Суретке қарап салыстыру, айырмашылығын анықтау.

Әр суреттегі заттардың санын анықтау.


терек ,теректер

Қоян,қояндар

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

4 сынып

Проблемалық сұрақтарға жауап беру

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімде неше септік бар?

Септіктің сұрақтары?

2-тапсырма

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс

2 сынып

«Тапқыр балақай»әдісі

Тақтаға зат есім сөздерді жазамын.


Іні, қарындаш, терезе, ағаш, жіп, жүзім.


Оқушылар сөздерге тиісті жалғауларды қосып сәйкестендіреді.

Інілер, қарындаштар, терезелер, ағаштар, жіптер, жүзімдер.



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

4 сынып

Зат есім септіктерінің атын,сұрақтарын және олардың жалғауларын көшіріп жазу.

Атау септік Кім? не?

Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те

Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен


ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс

2 сынып

Тапсырман орындау үшін тақтаға назар аударайық. (Слайдта жазылған жаттығудың тиісті жалғауларын жазады.)

Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз.

Ауданда суретші (-тер,-дер, -лер) жарысы өтті. Бала(-лер, -дар,-лар) сурет салуды жақсы

үйренген.

Жеңімпаз (-дар,-дер, -тар) ға сыйлық (-тар, -дар, -тер) тапсырылды.



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

4 сынып

Шығармашылық жұмыс.


Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне 5 жолды өлең шығарту.

3-тапсырма

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

2 сынып

«Кім жылдам ?»әдісі

Кестеге сұрақтар жазамын. Берілген сөздер: әкелер, қоян, балалар, қалам, әнші, кітаптар, шана,ана,көбелектер

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?









Оқушылар берілген сөздерді кестедегі орындарына жазады.


Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс

4 сынып

Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат

Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж. Аймауытов)

4-тапсырма

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс

2 сынып

«Күннің көзін» бұлттан арылту» ойын - жаттығуы арқылы тексеру

Күннің көзін бұлттар жауып тұрады.Әр бұлттың артында өткен тақырып бойынша сұрақтар жазылып тұрады.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Жалқы есім дегеніміз не?Мысалмен дәлелде.

3.Жалпы есімдерге не жатқыза аламыз?

4. Сонымен Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не екен?

5. Сонымен Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не екен?

6. Сөз таптарын ата?



Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.

4 сынып

Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.

«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен - жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)

ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

БЕКІТУ КЕЗЕҢІ

Карточкамен жұмыс.

Мына карточкалардағы сөздерді жекеше, көпше түрге айналдырып жазамыз. Енді орнымызбен ауысып бір-бірімізді тексереміз.

Сөздер:Бала,әнші,кітап,дәрігер,ақын,желім,жеңімпаз,көліктер

Жекеше

көпше

Бала

балалар











Каточкамен жұмыс.Септіктердің сұрақтарын қояды



Атау септік


Ілік септік


Табыс септік


Барыс септік


Жатыс септік


Көмектес септік



Өзін-өзі бағалау парағы


Тапсырмалар

Мұғалімнің берген ұпайы

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1 тапсырма

4



2тапсырма

5



Оқулықпен жұмыс

4



«Кім жылдам ?»әдісі

5



«Күннің көзін» бұлттан арылту» ойын

4



Карточкалық жұмыс

4



Барлығы

26



Бағалау критерийі:25-30 ұпай-5

18-24 ұпай-4

10-17 ұпай-3

Тапсырмалар

Мұғалімнің берген ұпайы

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1 тапсырма

5



2тапсырма

5



Оқулықпен жұмыс

4



Шығармашылық тапсырма

4



Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз

5



Карточкалық жұмыс

4



Барлығы

32



Бағалау критерийі:25-30 ұпай-5

18-24 ұпай-4

10-17 ұпай-3

Үйге тапсырма

351 - жаттығу, 129 - бет

27 жаттығу,16 бет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
67 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
5727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі