400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақталған мектептердегі Lesson Study өтілуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу сабағын ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№5 орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Баяндама


Тақырыбы: Шағын жинақталған мектептердегі Lesson Study өтілуі.








Орындаған:

Директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары: С.Б.Парманов



















Жібек жолы ауылы-2020ж

Шағын жинақталған мектептердегі Lesson Study өтілуі.


ХХІ ғасыр кімнің заманы деген сұрақ туындаса – мен бірден ойланбастан «білімділер» заманы дер едім. Қазіргі білімге ден қойған заманда, болашағын ойлайтын ел білім беру жүйесін өзгертіп жатыр.

Өз басым.. қазіргі білім беру жүйесіне енгізіп жатқан өзгерістен, сонау, Абай, Шәкәрім, Ыбырайдан бастап ХХ ғасырдың бел ортасына дейін қазақтың киелі ошағында жалындаған қазақ зиялыларының алауынан қалған «Ұлттық педагогиканың»өшпес шоғының жылуын сеземін.

Әсіресе қазақтың біртуар ұлы Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикасымен танысып шолу жасағанда мен таң қалдым.Баланы өмірге үйрету, дағды қалыптастыру, тұнып тұрған, қазіргі шошып, үркіп қарап жүрген оқыту технологиясы. Егер сол кезде-ақ қазақтың баласы «қазіргі жаңа» технологиямен оқығанда, біз қайда болар едік.

Қазіргі заманның талғамы мен танымының жоғарлауы, оқушылардың ізденімпаздығы мен жаңа технологияны жоғары деңгейде игеруі ұстаздардың қолжетімділігінен артық дереккөздерін пайдалана білуі кейде білім алушының сабақ үстіндегі қызығушылығын күрт бәсеңдету жолдарына алып келуі мүмкін. Мен сабақты қайтсем қызықты және баланың ішкі сұранысын қанағаттандыра аламын деген ой әрбір мұғалімді толғандырып жүргендігі жасырын емес.Мен оқушыға бағыт-бағдар бере алдым ба.? Ішкі сұранысын қанағаттандыра алдым ба.? Шамадан тыс ұсынылған мағлұлат игерілмей қалмады ма.? Ал оқушы қандай деңгейде қабылдап отыр, қаншалықты игеруде, мұғалімнің пайдаланған әдіс – тәсілдерінің жемісі қандай.? Жауапты қайдан аламыз.?Қай кезде де мұғалім мектептегі негізгі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес , кәсіби құзыретті , жан-жақты білімді, заман талабына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіре алатын болуы керек. А.Энштейнт “Білім дегеніміз мектеп оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін қалатын нәрсе”дейді. Жалпы беріп жүрген біліміміздің нәтижесі қайда.? Ол қайдан көрінісін береді.? Осыған біз жауап іздеп көрдік.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.

Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер.

Мектепте Lesson Study-ды өткізу төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Мектеп әкімшілігі жүзеге асыратын дайындық.

2-кезең. Жоспарлау

3-кезең. Сабақты жүргізу және бақылау

4-кезең. Сабақтан кейінгі талқылау

5-кезең. Lesson Study туралы есеп жазу.

Мектебіміз шағын жинақталған мектеп. Оқушы саны шектеулі, мұғалімдер саны да шектеулі. Таңдау жасауға мүмкіндік аз. Біздің Lesson Study-ды өткізудегі негізгі мақсатымыз«Оқуды бағалау мен оқу үшін бағалау үдерісінде өздерінің біліміне бағалау жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс істей алатын оқушы дағдысын қалыптастыру».Әркімнің әлі келгенше, білімге бар таласы. Шағын жинақталған мектептегі бала саны әрине сыныптағы оқушылар арасындағы бәсекелестікті 60-70 пайызға туындата алмайды. Топпен жұмыс жасау бастауыш сыныптарымызда болмаса, орта, жоғары буындарда кейбір сыныптармызда бала санына байланысты мүмкін емес.

Жалпы Lesson Studyды басты нысаны оқушы және түпкі мақсаты білім сапасын көтеру болғандықтан, сыныпты тиімді, тиімсіз әдіспен зерттеу алаңына айналдыруға болмайды. Білім сапасына қалай қол жеткізуге болады.? Ол әрине оқушының қызығушылығы мен бәсекелестік және өзін-өзі бағалау, білсем деген дағдысына байланысты. Ол әрине сыныптағы қарым-қатынасқа, бәсекелестікті туындататын оқушы санына да байланысты.

Осы ерекшеліктерді ескере отырып,біз шағын жинақталған мектеп ретінде сатылы дамыту, дағдыландыру жолын таңдадық. Мектептің тақырыбы ретінде: «Оқу үшін бағалау арқылы өзінің білімін бағалай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын көтеру» деп алдық.Әрине сатылы түрде бұл тақырып үш түйіткілді мәселеден тұрады. Сондықтан үш топ құруды жоспарладық. 1-топ: Бастауыш сыныптан құрылды. Зерттеуге бір негізгі пән қойылды. Бірақ сыныптары әртүрлі.Ал түйіткілді зерттеу мәселеміз «Оқушылардың тиімді кері байланыс ұсынуын, өзін-өзі бағалауын дамытуға жұптық және топтық жұмыстар қаншалықты тиімді?» Білім мен тәрбиенің негізгі бастауышта қаланатынын ескерсек, жаңадан қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға кері байланыс жасауды, өзін-өзі бағалауға дағды қалыптастыра алсақ, терең сұрақ қоя білетін, өз деңгейін анықтап бәсекелестік туындата алатын, оқушы үнін тыңдата алатын тұлға қалыптасары анық. Ал бұл өз кезегінде мұғалімнің өзін-өзі дамыту алаңын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 2- топ: Орта буыннан құрылады.Бір сабақ беретін 4-пән мұғалімі бір топ (5,6,7 сыныптар).Ал түйіткілді зерттеу мәселеміз «Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын және өзара бағалауын қалай дамытамыз?». Яғни орта буында, бастауыш сыныпта өзін-өзі бағалай алатын, кері байланыс жасай алатын қалыптасқан оқушымен диалог құру арқылы өзара бағалау арқылы ары қарай оқушыны дамытамыз.

3-топ: Жоғарғы буыннан құралады. 1 сыныпқа сабақ беретін 4-пән мұғалімінен бір топ.(9 сынып) Түйіткілді зерттеу мәселеміз«Сынтұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың критерилерді дұрыс талдауын қалай дағдыландыруға болады?». Қалыптасқан оқушы өзіндік пікір мен терең сұрақтар қоя білуі,критерилерді дұрыс талдауғадағдыланады.Үш сатылы дамытудан өткен оқушы, келешекте өз ойын ашық айта алатын, оқытқанның барлығын ұмытқаннан кейін, қалатын нәрсе бар тұлға шығады. Ал оған мүмкіндік беретін Lesson Study зерттеу сабағы.Қорытындылай келе Lesson Study үдерісі мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


































Сілтемелер:

1.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Екінші басылым

2. Басшылыққа арналған нұсқаулық. Екінші басылым

3. Үлестірмелі материалдар төртінші апта

2. «Lesson Study» нұсқаулығы



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Екінші басылым

2.«Lesson Study» нұсқаулығы

3.Басшылыққа арналған нұсқаулық. Екінші басылым

4. Үлестірмелі материалдар үшінші апта

5. Интербелсенді әдістемені мектепке қолдану А.Әлімов



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі