Шағын жинақты мектептегі оқытудың ерекшеліктері
Абдильдина Токжан Муханбетрахымовна
Ұлытау облысы білім басқармасы Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аңдатпа
Шағын жинақты мектептер – оқушылар саны аз, көбіне ауылдық жерлерде орналасқан білім беру ұйымдары. Мұндай мектептерде бір сыныпта әртүрлі жастағы оқушылар бірге оқиды, сондықтан оқыту барысында саралап, біріктіріп оқыту әдістері қолданылады. Мұғалімнің көпбейінді жұмысы, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту маңызды болып табылады. Интерактивті, жобалық және дамытушы әдістер шағын жинақты мектептерде оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.
Тірек сөздер:
Шағын жинақты мектеп, біріктірілген сыныптар, саралап оқыту, дербес оқыту, көпбейінді мұғалім, интерактивті әдістер, жобалық оқыту, дамытушы оқыту, оқу процесін ұйымдастыру, ауыл мектебі, білім беру сапасы.
Егемен еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектебінің де қосар үлесі мол.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Шағын жинақталаған мектептің ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Осы орайда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыруда бірдей жастағы немесе білім саласы бойынша пәнаралық байланыстары бар пәндерді біріктірген тиімді. Мұндай ұстаным балалардың ерекшелігіне сай әртүрлі жастағы ұжымда бейімделуіне мүмкіндік береді.
Өркениетті елдер деңгейіндегі білім беру, ойлауы қабілетті, рухани байлығы жоғары, мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады. Шағын жинақталған мектептің беделін көтеру, педагог мамандарды бүгінгі өмірге бейімді және жаңа талапқа сай деңгейде даярлау,сонымен бірге мұндай мектептің жұмысын жақсарту, оқу-тәрбие сапасын көтеру әлеуметтік-экономикалық әрі педагогикалық мәселе болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуына мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан-жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет.
Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігіне тоқталар болсақ:
1.Екі сыныптың оқу бағдарламаларын сәйкестендіру.
2.Екі сыныптың оқу сағаттары, жүктемелерін сәйкестендіру.
3.Пән бойынша оқу мазмұнының, бөлімдер мен сәйкес келуі.
4.Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының сәйкестігі.
5.Күнделікті оқу жоспарының сәйкес келуі сияқты жұмыстарды пән мұғалімі алдын ала нақты жоспарлап жасау керек.
Мысал ретінде 2 сынып пен 4 сынып алатын болсақ, оларды сәйкестендіретін төмендегі оқу құжаттары жатады:
– Бағдарламалар;
– Сағат саны;
– Күнтізбелік жоспарлар;
– Тақырыптар;
– Күнделікті сабақ жоспарлары
Шағын жинақталған мектептің білім беру процесін ұйымдастыру.
Шағын жинақталған мектептің білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен анықталады. Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Бастауыш сыныпта екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан аспау керек.
➢ оқытушы сабаққа дайындалуда шектен тыс жүктеме орындайды, былай айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың логикалық құрылымы мен мақсаты оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 бөлімшеге, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы керек;
➢ мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
➢ мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;
➢ сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана мұғалім әрбір сыныппен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсайды, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, перфокарта, карточка, дидактикалық материалдардың саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;
➢ біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын ғана жұмсайтын болғандықтан, көбінесе, қазақ әдебиеті пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар көлемді, сондықтан уақыт жетіңкіремейді;
➢ оқушылар мұғалім тарапынан өзіндік жұмысты орындау барысында жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
➢ белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
➢ шағын жинақты мектепке бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істеуге арналған оқыту әдістемесі жасалмаған;
➢ оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талқылауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалып отырады;
➢ шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры жеткіліксіз, жоқ деуге болады.
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді тұстарын да атап өтуге болады:
➢ дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығуларды іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
➢ балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
➢ оқушылар бірінші сыныптан бастап өз бетімен жұмысқа бейімделе бастайды;
➢ оқушылардың тәртіп бұзушылығы да аз болады;
➢ әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндіктері мол;
➢ аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
➢ оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға жағдай жасалады;
➢ Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда, сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған орынды.
Біріктірілген сыныптағы сабақ оқу-тәрбие үдерісінің негізгі нысаны болып келеді. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері де жоқ емес, бар.
Сабақ құрылымы:
➢ мұғалім жетекшілігімен жұмыс;
➢ өздік жұмыс.
Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жастағы сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Бірпәндік оқыту принциптері белгілі бір пән мазмұнындағы тақырыптарды (мазмұны ұқсас немесе мазмұны әр тектес) кіріктіре оқытуға негізделген. Мұндай сабақтарда мұғалім алдымен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпта мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды анықтап алуы керек. Сондай-ақ мұндай сабақтар жоғары сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Бір пәндік оқыту принциптері бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда қолданылады. Ал бір пәндік сабақ дегеніміз – біріктірілген сыныптарда бір ғана пән бойынша өткізілетін сабақ. Бір саладағы сабақты өткізетіндіктен, мұғалім назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай аударады. Бірпәндік сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін сабақ кестесін дұрыс құру керек. Ол үшін мұғалім пәндерді біріктіргенде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеруі керек. Сабақ кестесін тиімді құрастырудағы негізгі мәселе – ұқсас пәндерді дұрыс біріктіру.
Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:
– сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;
– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;
– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;
– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;
– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;
– балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;
– оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;
– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;
– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;
– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;
– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;
– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.
Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып оқушыларының білімін бақылау және тексеру мұғалім үшін күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Мұғалім біріктірілген сыныптармен бір уақытта жұмыс істегенде оқушылардың өздігінен орындау жұмыстарын үнемі бақылап отыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін оқушылардың өзара бір-бірін тексеру тәсілін пайдаланған дұрыс. Оқушылар бір-бірімен өзара дәптерлерімен алмасып, өздігінен орындаған жұмыстарын тексереді. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың өзін-өзі тексеруі және бағалауы жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез келген әрекет талдаудан басталады. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек, әрбір сабақ – оқу үрдісіндегі шешуші кезең, сондықтан ол – оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Біздің Ұлытау облысы білім басқармасы Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесі шағын жинақталған мектеп деп саналады. Бірақ мектебімізде сабақтар әр сыныпта жеке өткізіледі. Мектебіміздің әр ұстазы оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін меңгере отырып, тынымсыз еңбек етуде. Шағын жинақты мектептегі сабақты ұйымдастыру оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту, танымдық зерделеуге, ізденуге жетелейді.
Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.
2. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.
3. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: — Алматы, 2002.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз