жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шағын жинақты мектептерде жүзеге асып жатқан «Мобильді мұғалім» жобасының жұмысы туралы ақпарат
Теректі аудандық білім беру бөлімінің шағын жинақты мектептерінде жүзеге асып жатқан «Мобильді мұғалім» жобасының жұмысы туралы ақпарат
ШЖМ туралы:
Қазіргі уақытта ауданымыздағы мектептердің басым бөлігін, яғни 77% шағын жинақты мектептер құрайды. Биылғы оқу жылында 28 шағын жинақты мектеп өз қызметтерін жүргізуде. Оның ішінде орта мектеп - 10, негізгі мектеп – 10, бастауыш мектеп – 8 мектеп. Онда барлығы 1926 оқушы білім алуда. Шағын жинақты мектептердегі сыныптар саны – 274, сынып-комплектілер саны – 253, оның ішінде біріктірілмеген сыныптар саны – 231, біріктірілген сыныптар саны -43 құрайды. 1-4-сыныптар аралығында 27 сынып, 5-9-сыныптар аралығында 14 сынып және 10-сыныптарда 2 сынып біріктіріліп оқытылады.
Шағын жинақты мектептерде 582 мұғалім қызмет атқарады. Оның жоғары білімдісі – 455 (78%) және арнаулы орта білімдісі – 127 (21%) құрайды.
ШЖМ-дегі педагог қызметкерлердің сапалық құрамына тоқталсам:
Зерттеуші – 34 (5,8%)
Жоғары – 5 (0,8%)
Сарапшы – 190 (32,6%)
І санат – 32 (5,4%)
Модератор – 133 (22,8%)
ІІ санат – 40 (6,8%)
Санатсыз – 148 (25,4%)
ШЖМ-дегі басты мәселе бұл – маманға деген қажеттілік. 2021 жылдың қаңтар айында ауданымыздағы ШЖМ-ден маман емес мұғалім жүргізетін пән туралы ақпарат жинақтадым. Сол уақытта 10 мектепке маман қажеттілігі нақты анықталды.
Солардың кейбіреуіне тоқталсам: Покатиловка ЖОББМ-де биология пәнінен 6 сағатты география пәнінің мұғалімі (ҚДК өткен), Талпын НМ-де география пәнінен 6 сағатты биология пәнінің мұғалімі (ЖББМ бойынша курстан өткен), Қоғалытүбек НМ-де биология пәнінен 6 сағатты химия пәнінің мұғалімі (ЖББМ бойынша курстан өткен), Шөптікөл НМ-де география пәнінен 6 сағатты тарих пәнінің мұғалімі беріп отырды.
Жоғарыда аталған мәселені барлық мектепте шешу мүмкін болмады. Олай деуімнің себебі, шалғайда орналасқан ауыл мектебіне толық емес жүктемеге маман келмейтіні бәрімізге белгілі. Дегенмен, облыстық білім басқармасы тарапынан түскен ұсыныс негізінде «Мобильді мұғалім» жобасын енгіздік.
«Мобильді мектеп» жобасының жұмысы.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын жинақты мектептерде оқытуды қолдау және оның сапасын арттыруда Теректі АБББ-нің 2021 жылғы 1 ақпандағы №136 бұйрығы негізінде «Мобильді мұғалім» жобасы Қоғалытүбек негізгі мектебі мен Талпын негізгі мектептеріне 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап енгізілді.
Қоғалытүбек НМ-де биология пәнінен 6 сағатты (7-сынып – 2 сағат, 8-сынып – 2 сағат, 9-сынып – 2 сағат) химия пәнінің мұғалімі (маман емес), география пәнінен 6 сағат сағатты (7-сынып – 2 сағат, 8-сынып – 2 сағат, 9-сынып – 2 сағат) химия пәнінің мұғалімі (маман емес) және Талпын НМ-де география пәнінен 6 сағатты (7-сынып – 2 сағат, 8-сынып – 2 сағат, 9-сынып – 2 сағат) биология пәнінің мұғалімі (маман емес) беріп жүрді.
Осы мәселелерді шешу мақсатында Восход ЖОББМ-нен биология пәнінің мұғалімі Тлегенова Айгуль Сериковна және география пәнінің мұғалімі Наурзов Махат Кажгалиевич Қоғалытүбек НМ-не, Аңқаты ЖОББМ-нен география пәнінің мұғалімі Шарипова Айгуль Амангельдиевна Талпын НМ-не Мобильді мұғалім болып бекітілді.
Восход ЖОББМ-нің биология пәнінің мұғалімі Тлегенова Айгуль Сериковнаға Қоғалытүбек НМ-нен биология пәнінен 6 сағат, география пәнінің мұғалімі Наурзов Махат Кажгалиевичке Қоғалытүбек НМ-нен география пәнінен 6 сағат және Аңқаты ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі Шарипова Айгуль Амангельдиевнаға Талпын НМ-нен география пәнінен 6 сағат жүктеме жүктелді.
Аталған мұғалімдерге жүктемесіне сәйкес еңбекақы тағайыдалып, жол шығындары үшін қосымша жанар жағар май бөлінді. Мектепішілік бұйрықтар шығарылып, сабақ кестелері бекітілді.
«Мобильді мұғалім» жобасы негізінде Қоғалытүбек және Талпын негізгі мектептеріндегі нөлдік білім кесімдері мен ІІІ және ІҮ тоқсандық білім сапасына талдау жасалды.
|
№ |
Мектеп |
Пәні |
Нөлдік білім кесімі |
ІІІ тоқсан қорытындысы |
ІҮ тоқсан |
|||||||||
|
7-сынып |
8-сынып |
9-сынып |
Ортақ б/с |
7-сынып |
8-сынып |
9-сынып |
Ортақ б/с |
7-сынып |
8-сынып |
9-сынып |
Ортақ б/с |
|||
|
1 |
Қоғалытүбек НМ |
Биология |
60% |
70% |
50% |
60% |
100% |
86% |
75% |
87% |
100% |
86% |
75% |
87% |
|
2 |
Қоғалытүбек НМ |
География |
80% |
43% |
50% |
57,6% |
100% |
85,7% |
50% |
78,5% |
100% |
85,7% |
50% |
78,5% |
|
3 |
Талпын НМ |
География |
75% |
100% |
100% |
91,6% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
100% |
Қоғалытүбек НМ бойынша биология пәнінен нөлдік білім кесімі 60% көрсетсе, тоқсандық көрсеткіш 87% көрсетіп, 27% білім сапасы өскен.
География пәні бойынша нөлдік білім кесімі 57,6% болса, тоқсандық 78,5%, салыстырмалы түрде қарасақ 20,9% өскен.
Талпын НМ бойынша география пәнінен нөлдік білім кесімі 91,6%, тоқсандық көрсеткіш 100%, білім сапасы 8,4% өскендігін көруге болады.
Аталған жоба 2021-2022 оқу жылында да өз жалғасын тапты.
Теректі аудандық білім беру бөлімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №453 бұйрығы негізінде Қоғалытүбек НМ-не маман қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ-нен биология пәнінен 6 сағатқа Тлегенова Сауле Мурзалаевна (7-сынып – 2 сағат, 8-сынып – 2 сағат, 9-сынып – 2 сағат) және ағылшын тілі пәнінен 6 сағатқа Тохлиева Улжан Баймуратовна (8-сынып – 3 сағат, 9-сынып – 3 сағат) Мобильді мұғалім болып бекітілді.
Сонымен қатар Теректі АБББ-нің 2021 жылғы 31 тамыздағы №459 бұйрығы негізінде Талпын НМ-не маман қажеттілігіне байланысты Ұзынкөл ЖОББМ-нен география пәнінен 6 сағатқа Артикова Гүлжан Бигалиевна (7-сынып – 2 сағат, 8-сынып – 2 сағат, 9-сынып – 2 сағат) Мобильді мұғалім болып бекітілді.
Қоғалытүбек және Талпын негізгі мектептеріндегі маман қажеттілігіне байланысты аталған мұғалімдер Мобильді мұғалім болып бекітілді.
Мектепішілік бұйрықтар шығарылып, сабақ кестелері бекітілді. Мұғалімдердің жол шығындары есептелінді. Мұғалімдерге жүктемесіне сәйкес еңбекақы төленуде.
«Мобильді мұғалім» жобасы негізінде Қоғалытүбек және Талпын негізгі мектептеріндегі нөлдік білім кесімдері мен І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасалды.
|
№ |
Мектеп |
Пәні |
Нөлдік білім кесімі |
І тоқсан қорытындысы |
||||||
|
7-сынып |
8-сынып |
9-сынып |
Ортақ б/с |
7-сынып |
8-сынып |
9-сынып |
Ортақ б/с |
|||
|
1 |
Қоғалытүбек НМ |
Биология |
100% |
0% |
0% |
60% |
100% |
100% |
100% |
100% |
|
2 |
Қоғалытүбек НМ |
Ағылшын |
|
80% |
57% |
68,5% |
|
80% |
71% |
75,5% |
|
3 |
Талпын НМ |
География |
66% |
75% |
60% |
67 % |
100% |
100% |
100% |
100% |
Қоғалытүбек НМ бойынша биология пәнінен нөлдік білім кесімі 60% көрсетсе, тоқсандық көрсеткіш 100% көрсетіп, 40% білім сапасы өскен.
Ағылшын тілі пәні бойынша нөлдік білім кесімі 68,5% болса, тоқсандық 75,5%, салыстырмалы түрде қарасақ 7% өскен.
Талпын НМ бойынша география пәнінен нөлдік білім кесімі 67%, тоқсандық көрсеткіш 100%, білім сапасы 33% өскендігін көруге болады.
«Мобильді мұғалім» жобасының мектеп және оқушы үшін тиімділігін байқадық. Атап өтер болсақ:
-
Білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілді (маман сабақ берді);
-
Аталған мектептерде білім беру сапасы көтерілуде;
-
Оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік туды;
-
Оқушылар қосымша жобалармен жұмыстануда;
-
Жоба бойынша «Мобильді мұғалім» болып бекітілген мұғалім де іс-тәжірибе жинақтап, кәсіби жетілуіне алып келері анық.
«Мобильді мұғалім» жобасына маман қажеттілігіне байланысты көптеген мектептерден сұраныс түсті.
Алдағы уақытта да бұл жоба жұмысын жанжандыру үшін жұмыстанатын боламыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген