Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру тақырыбында мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы» ММ

«Шығыс» өңірлік орталығы















Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру





Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің

«Бірлік негізгі орта мектебі» КММ-нің

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Г.Д.Абдреимова











2022 жыл



Шағын жинақты мектептерде өз бетімен жұмыс істеу арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын жинақты мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген.

Бүгінгі таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын жинақты болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді.

Шағын жинақты мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Шағын жинақты мектепке тән ерекшеліктер:

  • мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;

  • Шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.

  • бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі, үш сынып оқушыларымен бір мезгілде сабақ өтуі;

  • педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;

  • негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік.

Шағын комплектілі мектепке тән қиындықтар әр жастағы оқушылар ұжымын бір сынып комплектіде оқытуды ұйымдастыру, бір пәндік немесе әртүрлі пәндік сабақтарды өткізу, кадр, әдістемелік және материалдық-техникалық базаның қамтамасыз етілмеуі.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының зейінінің тұрақсыздығын ескеру де ойдан шықпауға тиіс. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатыны белгілі. Әсіресе, бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысы орындалмай қалуы ықтимал. Сондықтан да, оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жолы олардың өздігінен орындайтын жұмыстарының мазмұнына мұқият қарастырып, өзгертіп отыруды талап етеді.

Шағын жинақты мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары:

  • сабақ оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы,

  • бірнеше сыныптың материалы бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы;

  • көрнекі, дидактикалық құралдар алдын ала дайындалуы;

  • сабақ тақырыбындағы өзара байланыс халықтық педагогикаға негізделуі керек.

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. Оқушылардың сапалы білім алуы ұстаздардың қолында. Қазақтың кемел, дарын, таңғажайып, талантты ұлы ұстазы А. Байтұрсынов «Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген. Қазіргі мұғалім:

- педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын,

- педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш,

- жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын,

- оқушымен ортақ тіл табыса алатын,

- білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Мұғалім оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, біріктірілген сыныпта отырған әртүрлі жастағы оқушылардың мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін жан-жақты ескеріп, олардың өздігінен білім алуға қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын одан әрі дамыту міндетін жүзеге асырады.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі тұжырымдары – дидактиканың басты категорияларын тану және әдістемелік жүйеге тірек ретінде алу болып отыр. Ол категориялардың, яғни білім беру, оқу, оқыту, білім, білік-дағды, мақсат-міндеттер, білім мазмұны, оқыту формасы, оны ұйымдастыру жолдары, әдістері, оқыту тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты маңызды дидактикалық ұғымдарды шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің терең түйсінуі пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз.

Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.

Ж. Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен. Сабақ – мұғалім жұмысының көзге көрінетін негізгі бөлігі. Олай болса, белсенді сабақ – табысты сабақтың алғы шарттарының бірі. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Сондықтан да белсенді оқу әдістерін жоспарлағанда оқыту тәсілдері мен әдістерін дұрыс таңдау, оқу материалдарының мазмұнын саралау, оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау, бағалауға арналған тапсырмаларды таңдау, оған дескрипторлар құру, сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтарды дайындау т.б. қадамдарды дұрыс таңдай алу керек.

Шағын жинақты мектепте бір мұғалім бір мезгілде бірнеше сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшілігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі-үш сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа уақытының аз ғана мөлшерін жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни,  мұғалім  бір сыныпқа  жаңа  материалдарды  түсіндіріп  жатқан  кезде  басқа  сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді.

Шағын жинақты мектептердегі өз бетімен жұмыс – оқу қызметінің арнайы бір формасы немесе оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Шағын жинақты мектептердегі оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

  • оқушылардың өз бетімен жұмысын басқа түрлерімен ұштастыра білу;

  • өз бетімен жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;

  • өз бетімен жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу;

  • басты назарды орташа оқитын оқушыларға аудару қажет болған жағдайда қосымша түсіндіру, ал жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары тапсырмалар дайындау;

  • мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыратын көптеген дидактикалық материалдар (әртүрлі кестелер, карточкалар) дайындау.

Біріктірілген сыныптардағы оқу үдерісі, негізінен, мұғалім басшылығымен орындалатын және оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмалардың кезектесіп келуі арқылы жүзеге асырылады. Біріктірілген сыныптардағы сабақтың бірінші минутынан бастап оқушылардың көңілін аудару көп еңбекті қажет етеді.

1-сыныптан бастап оқушыларды өз бетімен жұмыстарды орындауға үйрету керек. Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар көлемі жағынан үлкен емес, ұқсату сипатына ие болады, яғни балаларға үлгі бойынша тапсырмалар беріледі. Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ұласады. Оқыту процесінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді.

Үлгісі және мазмұны бойынша өз бетімен жұмыстардың әртүрлі болуы оқушының шығармашылығын қалыптастыруға негіз болады. Оны ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасын сақтау: өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы тиіс. Шығармашылық жұмыс тек білімді бекіту кезінде ғана емес, сонымен бірге сабақтың басқа да сатыларында орындалуы тиіс. Оқу үлгерімі нашар оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек мүмкіндігіне қарай оларға қосымша тапсырмалар беріп, түсіндіру, ал озат оқушыларға қосымша күрделі тапсырмалар даярлау қажет. Бұл тапсырмаларды алдын ала тақтаға, плакатқа немесе жекелеген карточкаларға әзірлеуге болады. Мысалы, математика сабақтарында шешуі бар мысалдарды кері әрекет жолымен тексеруді пайдалануға болады. Тапсырмаларды шешу кезінде балаларды тапсырманы әртүрлі тәсілдермен тексеруге үйрету керек. Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту үшін өзара тексеру тәсілін қолданған тиімді. Оқушылар өзіндік жұмысты тексеру үшін бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.

Әдебиет және дүниетану сабақтарында саяхат жасау және ізкесушілер ойындары табысты пайдаланылады.

Тіл сабақтары мен тарих сабақтарында рөлдік, дидактикалық ойындар, семантикалық карталармен жұмыс, ребус және сөзжұмбақтар, ойындар, хронологиялық кестелер жемісті қолданылады.

Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, жобалау және зерттеу, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пайдаланып мұғалім өз тәжірибесінде шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, сапалы білімге қол жеткізеді.

Мектебімізде мұғалімдеріміз біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануда.

Өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен, интернетпен жұмыс  істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Өз бетімен жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

 Өз бетімен жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады.

Өз бетімен  жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, әр түрлі жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тәжірибелер, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары,  рефераттар, баяндамалар, ғылыми жоба т.б.

Өз бетімен жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет. Бұл  жеке, топтық және түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі.

1. Топпен жұмыс жасау барысында оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласын салады;

оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;

бірлесе жұмыс істеу балалардың арасында ынтымақ бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Топпен өздік жұмыс жүргізілгенде, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады – үлгерімі жақсы оқушылар. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Әр топ келесі топқа өз сұрақтарын қояды. Мұнда оқушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер дайындап әкеледі.

2. Оқушыларға өз бетімен жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады.

3. Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беріледі. Оқушы өз қатесін тауып алады.

4. Сәйкестік тест жүргізгенде, әр оқушыға жеке карточка жасап таратылып, тексеріледі.

Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:

1) оқыту;

2) жаттықтыру;

3) бекіту;

4) қайталау;

5) дамыту;

6) шығармашылық, яғни іздену мақсатына;

7) бақылау мақсатында болып бөлінеді.

Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін ала білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап көрсе, есте сақтау қабілеті де жақсарады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Оқушыны жұрт алдында  сөйлеуге  дағдыландырады.

АКТ-ны сабақта қолданғанда дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы іске асыру барысында орындалған жұмыстар оқушы жадында ұзақ сақталады.

Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.

Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмыс береді.

Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады.

Сабақта өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу нәтижесінде әр оқушы өз білімін бағалауға үйренеді. Сол арқылы алған білімдерін өмірде колдануға және өз –ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Біріктірілген сыныптарда сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау, әрі қолдана білудің өзі шеберлікті, ізденімпаздықты қажет етеді. Осы орайда мектебіміздегі біріккен сыныптарда өткізілген сабақ жоспарларын қосымша ұсынып отырмын.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстын нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан – салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Әрбір кезең өз алдына  оқушылардың өз бетімен жұмысының дамуына белгілі дәрежеде үлес қосады. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы белгілі бір мәліметтерді өңдеуге байланысты, білімді шығармашылықпен қорытындылап отыруды көздейді. Мектебіміздің оқушылары білімімен қатар сыныптан тыс мектепішілік, аудандық шараларға белсене қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мектебіміздің мақтанышы 9-сынып оқушысы Тасқынбек Ерасыл өткен оқу жылында «IQANAT» олимпиадасының республикалық кезеңінен өтіп, жоғары буынды оқуға «Бурабай Жоғары Мектебіне» жолдама ұтып алды. Жоғары сынып оқушыларына арналған републикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде Биология пәні бойынша ІІ орын иеленді. «Менің Кіші Отаным» жас тарихшылардың зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінде І орын иеленді. 5-6 сынып оқушыларына арналған републикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде 5-сынып оқушысы Ауехан Алихан Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар оқушыларымыз «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын зияткерлік конкурс-марафондарына белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Халықаралық «Русский медвежонок – языкознание для всех» конкурсында 5-сынып оқушысы Ауелхан Алихан, 7-сынып оқушысы Еркін Адиля мен 8-сынып оқушысы Төкен Бауыржан І орынды иеленіп, грамотамен марапатталды. Мұғалімі – К.С.Сакалбаева.

Халықаралық «British Bulldog» конкурсында 7-сынып оқушысы Еркін Адиля, 8-сынып оқушысы Тасқынбек Ерасыл мен 9-сынып оқушысы Кенжеканова Гүлім жүлделі ІІ орынды иеленді.

Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсынан 2-сынып оқушылары Ғали Ерке мен Тұрсын Жансая, 3-сынып оқушылары Төкенқызы Кәусар мен Ғабдұлманап Әміре, 4-сынып оқушысы Базарбек Есіл І орын және 7-сынып оқушысы Еркін Адиля жүлделі ІІ орынды иеленді. Мұғалімдері – А.Т.Тілеубекова, С.Т.Калиева мен Б.Н.Нугумарова.

«Тұлпар» конкурсынан 8-сынып оқушылары Тасқынбек Ерасыл мен Тұрсын Ернар ІІ орынды иеленді. Мұғалімі – А.Т.Оканова.

«Малахит» сайысында Нұрланқызы Балнұр І орын, Самғауқызы Кәусар ІІ орын, Базарбек Есіл және Болысқызы Айсұлу ІІІ орын, «Асыл тас» сайысында Базарбек Есіл, Нұрланқызы Балнұр, Самғауқызы Кәусар І орын иеленіп, грамоталармен марапатталды. Мұғалімі – С.Т.Калиева.

Облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсында 5-сынып оқушылары Ауелхан Алихан мен Бақытбеков Ақниет, 7-сынып оқушысы Тұрсын Рина ІII орын, 7-сынып оқушысы Еркін Адиля мен 8-сынып оқушысы Тасқынбек Ерасыл ІІ орын иеленді. «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында 5-сынып оқушылары Ауелхан Алихан мен Бақытбеков Ақниет жүлделі ІІ орынды иеленді. Мұғалімі – Қ.Талапхан.

Сондай-ақ «ПОНИ» және «Балапан» конкурсына мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері белсене қатысып, дипломмен марапатталды, тәрбиешісі Б.А.Камалова.

2021-2022 оқу жылында «Бастау» кешенді олимпиадасына қатысқан оқушыларымыз да жақсы нәтижелерге жетті. Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушылары Ауелхан Алихан мен Бақытбеков Ақниет жүлделі І орынды иеленіп, сертификат пен дипломға ие болды. Мұғалімі – Б.Н.Нугумарова.

Орыс тілі пәні бойынша 2-сынып оқушысы Ғали Ерке мен 5-сынып оқушылары Ауелхан Алихан мен Бақытбеков Ақниет жүлделі І орынды иеленіп, сертификат пен дипломға ие болды. Мұғалімі – К.С.Сакалбаева.

Ағылшын тілі пәні бойынша 2-сынып оқушысы Ғали Ерке, 4-сынып оқушылары Базарбек Есіл, Нұрланқызы Балнұр мен 5-сынып оқушысы Ауелхан Алихан жүлделі І орынды иеленіп, сертификат пен дипломға ие болды. Мұғалімі – Г.Д.Абдреимова.

Мектеп оқушылары аудандық балалар шығармашылығының "Жастар шығармашылығы – 2021" инновациялық идеялар және көркем және сәндік-қолданбалы «Алтын қазына» көрмелеріне қатысып, сәйкесінше жүлделі І және ІІ орындарды иеленді, жетекшісі А.М.Дюсупов.   

Шағын жинақты мектеп саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді. Ал оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Білім қоғамды тұрақтандыратын рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты – ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сапалы оқыту және өздігінен оқып,өздігінен ізденіп,білім алуға баулу арқылы ғана парасатты, білімді, жан-жақты азамат шығады. Білім мен іскерлігін әрі қарай дамытып отыру керек. Бұл өскелең өмірдің талабы. Қоғамымызға дамыған, өз бетімен жұмыс істей білетін азамат, тәрбиелеу – біздің негізгі міндетіміз!

Республика бойынша шағын жинақты мектептердің жұмысын ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ, «Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы» дегендей, оларды шешуде де барлық осындай деңгейдегі мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.


Қолданылған әдебиеттер:

1. О.Абдуахитова. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» // Қазақстан мектебі.

2. З. Бейсембаева. «Өзіндік жұмыс- кәсіби біліктіліктің көзі». // Бастауыш мектеп
3. Б.П.Есипов. Самостоятельные работы учащихся на уроке., Москва, Педагогика, 1961 г.
4.Р.Есеева «Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудағы ролі». // Қазақстан мектебі

5. Т.Қоқымбаева. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. // Бастауыш мектеп













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі