400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шағын жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_______________

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім

Компьютер және қауіпсіздік

Педагогтың аты-жөні

Марат Камила Берікқызы

Күні

06.05.2025

Сынып: 5 «М», «И»

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Шағын жоба

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату;

5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу.

Сабақтың мақсаты:

Құжаттарға арналған пароль қоюды үйрету, тақырып бойынша шағын жоба жасау.

Сабақтың құндылығы:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

  • нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;

еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсінумен қоса дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин







6 мин











6 мин




1.Оқушылармен амандасу.

2.Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал

«Мені құшақта/обними меня (немесе қол алыс)» әдісі

Әр оқушыға жасырын карточкалар таратылады. Әр карточкада белгілі бір әрекеттер сипатталады. Оқушылар орындайды.

Өткен сабаққа шолу жасау

Тақырыпты қайталау арқылы оқушылар нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу құндылығын қалыптастырады.

Тақтада Jeopardylabs платформасында құрастырылған өткен тақырыпқа байланысты тапсырма ашылады. Оқушылар тапсырмадағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма 2

«Бос орынды толтыру» тапсырмасы

Компьютерде вирус пайда болған кезде:

  • Компьютер ---- жұмыс істейді

  • Программалар оқыстан жұмысын тоқтатады немесе жұмыс істемейді

  • Экранда бөгде ----------- шығады

  • Компьютер жұмысында жиі тұрып қалулар, -------- болады

  • Дискі жадының немесе жедел жадының ------кенеттен азаяды

  • Дискідегі -------- саны көбейеді

  • Файлдар мен бумалар -------- немесе олардың ішіндегілер --------------.

Кілт сөздер: баяу, символдар, хабарламалар, жаңылысулар, көлемі, файлдар, жоғалады, бұрмаланады.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар арнайы карточкалардағы іс-әрекеттерді орындайды.

Өткен сабаққа шолу жасап, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Егер таңдалынған оқушы сұраққа жауап бере алмаса, басқа оқушы жауап бере алады. Жауап берген оқушы бағаланады.



Оқушылар тапсырма парағындағы мәтіндегі бос орындарды толтырады.

«Қызғылт жүрекше» әдісі арқылы бағалау





Дұрыс жауап + 1 жүрекше

Shape1








+Shape2 1 жүрекше

Арнайы карточкалар



https://jeopardylabs.com/play/d26a1419f9





Таратпа тапсырма

https://learningapps.org/watch?v=pf2w4oru525

7 мин






Жұптық тапсырма 3

«Сөздердің жұбын табу»

Оқушыларға сөздер жазылған тапсырма парағы таратылады. Сөздерді тапқан соң, сол сөздердің анықтамасын жазу қажет.

Оқушылар тапсырма парағындағы сөздерді тауып, сол сөзге анықтама береді.

+1 жүрекше

Shape3


Таратпа қағаздар

https://www.canva.com/design/DAGmpUse9To/gZSal_NA1o9rq0K9wQbtxg/edit?utm_content=DAGmpUse9To&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton

5 мин

Сергіту сәті

Оқушылар интерактивті тақтадағы әріптердің арасынан жануар атауларын табады және дыбысын немесе іс-қимылын жасап көрсетеді.

Оқушылар тақтадағы әріптердің арасынан жануар атауларын табады және дыбысын немесе қимылын жасап көрсетеді.

Мадақтау

https://www.educaplay.com/learning-resources/23670132-learning_resource.html

15 мин

Практикалық тапсырма

Оқушылар компьютерге отырады. MS WORD бағдарламасында «Мен өзім жайлы ақпаратты қалай қорғаймын?» деген сұраққа жауап беру арқылы ойтолғау жазады. Құжатқа пароль орнатады.

MS WORD бағдарламасында «Мен өзім жайлы ақпаратты қалай қорғаймын?» деген сұраққа жауап беру арқылы ойтолғау жазады. Құжатқа пароль орнатады.

+Shape4 1 жүрекше

Компьютермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Оқушыларға рефлексия парағы таратылады. Оқушылар параққа сабақ және тақырып жайлы өз пікірлерін жазады.

Бағалау. Оқушыларды жинаған жұлдыздарының санына қарай бағалау.

  • 5 ұпай – 10 балл

  • 4 ұпай – 9-8 балл

  • 3 ұпай – 7 балл

  • 2 ұпай – 6 балл

Үй тапсырмасы

«Мен өзім жайлы ақпаратты қалай қорғаймын?» деген сұраққа дәптерде толық жауап жазу.

Оқушылар параққа сабақ және тақырып жайлы өз пікірлерін жазады.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.

Мадақтау

Рефлексия парағы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі