Шағын орталық Циклограмма қыркүйек айы 2024

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын орталық Циклограмма қыркүйек айы 2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орталыққа арналған циклорамма Қыркүйек айы 2024 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ


Білім беру ұйымы (шағын орталық)

«Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ


Топ

аралас топ


Топтың атауы

«Балапан»


Балалардың жасы

3-4 жастан


Педагогтің аты-жөні

Акжигитова Р.Ж.


Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

25.09-29.09.2022ж.


Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма


Күн тәртібі







Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау.


Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ұйымдастрылған іс-әрекетке әр баланың дайындығы және оған керекті заттар туралы әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту, дербес әрекет)


Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ауылым-алтын бесігім» лэпбук бойынша жұмыс

Міндеттер:

      Балалар тұратын ауыл туралы білімдерін қалыптастыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/;       Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту/ересек топ қоршаған ортамен танысу/


Ойын: «Көңілді доп» Міндеттер:

Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру.

/ересек топ қоршаған ортамен танысу/ ; Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/


Ойналу шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек. Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамау керек. Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Тіл ұстарту:

Ыс-ыс-ыс

Болсын мол ы-рыс,

Болып қапты қыс.

Аман болсын ту-ыс, Ыдыстарды жу-ыс.



«Бағдаршам» білімкидс бейнеролик көрсету.

Бағдаршам» ойыны.

Міндеттер:

жол бөліктері туралы білімдерін қалыптастыру /ересек топ қоршаған ортамен танысу/; Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/.

Педагог үш түсті дөңгелектерді: қызыл, жасыл, сары бағдаршам түстерін кезек-кезек көтеріп көрсетеді. Балалар орындарынан тұрып, қызыл жанғанда қимылдамай тұрады, жасыл жанғанда орындарында жүреді, сары жанғанда қолдарын қозғалтып, дайындық жасайтындарын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.


Дидактикалық ойын. "Жамауын тап".

Міндеттер:

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру/ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру /ересек топ қоршаған ортамен танысу/




«Атамызға шапан»

Міндеттер:

Қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру, элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды безендіру дағдыларын дамыту.

/ересек топ қоршаған ортамен танысу, жапсыру/; Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, қағазға жапсыру.

/ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу, жапсыру/.


Таңертеңгі жаттығу

1. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып-жұмады;

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5-6 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, дене тік, қол кеуде тұсында.

2.1. Оң аяқтарын артқа қойып, екі қолдарын да артқа созады.

2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

3.1. Орындарында тұрып, бастарын оңға және солға бұрады.

3.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 5 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол кеуде тұсында.

4.1. Қолдарын жандарына созады.

4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 6 рет қайталанады).

5. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

5.1. Қолдарын жандарында ұстап, бір орында тұрып, пингвин сияқты айналу.

5.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5 рет қайталанады). (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту)


Таңғы ас

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Міндеттері:

Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыруы. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Ас ішкенде сөйлемеу. Астан соң беті-қолды жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту ортаңғы, ересек топтар)

Ас ішуге тұрайық,

Қолымызды жуайық.

Сабын мен суды аямай,

Тазалықты сақтайық.


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Ермек Өтетілеуұлының «Отан» өлеңімен танысу

Міндеттер:

      Балалардың түрлі әрекеттерінде өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу /ересек топ көркем әдебиет/; Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру/ортаңғы топ көркем әдебиет/

Отан

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер,

Отан – ана,

Отан – үлкен Қазақстан – туған ел.

Е. Өтетілеуұлы


«Алаша»

Міндеттер:

дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге баулу, Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру.. Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, қағазға жапсыру./ортаңғы топ қазақ тілі, қоршаған ортамен танысу, жапсыру/; Қоршаған ортадағы заттар атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу. Сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау немесе ұзындығы бойынша тең).

/ ересек топ қазақ тілі, қоршаған ортамен танысу; жапсыру, математика негіздері/.

Қазақ халқының ұлттық заты – алашамен таныстыру.

Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Алаша қандай пішінге ұқсайды?

Қандай түсті жолақтардан жасалған? Алдын ала үлгіден қиып алып дайындаған көк және қызыл түсті жолақтарды кезектестіре отырып, тігінен, солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз. Ұзын-қысқа алашаларды салыстырамыз.

«Машина»

Міндеттер:

кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу /ортаңғы топ құрастыру/; Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді көлденеңінен орналастыру /ересек топ құрастыру/

Құрылыс материалдарын көрсетіп, түсін, көлемін сұрайды. Енді осыдан қандай мәшине құрастыруға болатынын көрсетеді. Ол үшін бір көк кірпішті және бір сары текшені аламыз. Көк кірпіштің үстіне сары түсті текшені орналастырамыз, суретке мұқият қарап алыңдар, сонда мәшине дайын болады. Кірпішті және текшені дұрыс орналастыра білуге басым көңіл бөлінеді.


«Тәрелке мен саптаяқ»

Міндеттер:

      Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.

/ортаңғы топ мүсіндеу/, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу/ересек топ мүсіндеу/


Жұмыстың орындалу реті: – Ермексаз кесегін алақанға салып домалақтаймыз. Оның ішіне саусағымызды батырып шұңқырлаймыз. Ыдыстың ернеуін шығару үшін, басбармақ және сұқсаусақпен тегістеп шығамыз. Сабын жасап, ыдыстың бүйіріне бекітеміз. Тәрелкені жасау үшін, домалақ ермексазды екі алақанның арасына салып жаншып, жалпақтаймыз.Ортасын сәл шұңқырлап, ернеуін шығарамыз. Саптаяқты тәрелкенің үстіне қойыңдар.

«Әжемізге сақина сыйлайық» Сурет үлгісімен жұмыс жүргізу.

Міндеттер:

      Суреттерді қарастырудан кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету; Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, үлкен-кіші сөздерімен белгілеу. дөңгелек пішінді заттарды бейнелеу

/ортаңғы топ сөйлеуді дамыту, математика негіздері, сурет салу/; әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу; заттардың пішіні: дөңгелек, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту ; Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.

/ересек топ сөйлеуді дамыту, математика негіздері, сурет салу/

-Бұл қандай зат?

Пішіні қандай? Түрлі сақиналарды салыстырады/көлемі жағынан/

Түсі қандай? Қалай аталады? Сақинаны кімдер тағады? Не үшін? Сақиналар қандай болады? Ал мынау – саусаққа тағатын сақина, олар да шеңберге ұқсайды.

Сурет салу ретін түсіндіру.


Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Қазақ тілі

"Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері".

Тілдік дамытушы орта.

«Менің Қазақстаным» бүктеме арқылы

Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру /ересек топ/; ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге баулу /ортаңғы топ/.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту /ересек топ/; артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту /ортаңғы топ/.

Артикул.жаттығу: «оңға, солға бұрыл» тілді оңға жылжытқанда сұқ саусағымызды оңға бұрамыз,тілді солға жылжытқанда сұқ саусағымызды солға бұрамыз.

«Отан қандай?» фонематикалық жаттығу. Берілген дыбыстарға сөздер табу

О – орманды

Т – таулы, тәуелсіз

А – абыройлы

Н - нұрлы

Сөздік қор

Міндеттер:

 Баланың сөздік қорын дамытуда жаңылтпаштарды жаттауға баулу /ортаңғы, ереск топтар/

     Жаңылтпаштар жаттау: Ерді ел елер, Ер елге еркелер.     

Тілдің грамматикалық құрылымы.

      Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Үлгі бойынша жай сөйлемдер құра білуге үйрету/ересек топ/; сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету /ортаңғы топ/

Ойын-жаттығу.

"Көк тудың желбірегені".

Мақсат-міндеттері. Балаларды көк түсті қағаз бетіне қыран және күннің қимаүлгілерін жапсырып, тудың бейнесін құрастыруды; күн мен күн шуақтарының үстіне тарыны, қыранның үстіне қарақұмықты желімнің көмегімен жапсыруды үйрету.

Ту туралы әңгімелесу. /қазақ тілі, жапсыру/

Байланыстырып сөйлеу.

      Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру /ересек топ/; ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру /ортаңғы топ/.

Мнемокарточкалар негізінде сөздік жұмыс "Қазақстан жайында...".

Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу "Есте сақта". "Өз елің - алтын бесігің".


Музыка

Міндеттер:

Музыка тыңдау. А.Енсепов «Балалық шақ».

Музыканың сипатын сезінуге үйрету /ересек топ/; Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру /ортаңғы топ/

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру /ересек топ/;

      Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау /ортаңғы топ/.

      Билер.

Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру /ересек топ/

Дене шынықтыру

Міндеттер:

ЖДЖ

      Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:

   қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);

   заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару;

қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;

      қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.

Кеудеге арналған жаттығулар:

 допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;

 солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);

 аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен).

Аяққа арналған жаттығулар:

аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;

Негізгі қимылдар.

Жүру. Тізені жоғары көтеріп жүру /ортаңғы топ/; Сапта екеуден жүру /ересек топ/

Тепе-теңдікті сақтау. Бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр) бойымен жүру /ортаңғы топ/; сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру /ересек топ/;

Жүгіру. Сапта бір-бірден жүгіру /ортаңғы топ/; шапшаң және баяу қарқынмен /ересек топ\

Еңбектеу, өрмелеу.

4-6 метр қашықтыққа тура бағытта еңбектеу /ортаңғы топ/; 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша еңбектеу /ересек топ/.

Қимылды ойындар

«Киіз үй»

Міндеттер:     

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ /; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу /ересек топ/.


Ойын шарты: Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй»  құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді. 


       «Қонақ күту» дидактикалық ойыны.

Міндеттер:

Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу; геометриялық фигураларды (үшбұрыш) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу ; геометриялық пішіндерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

/ересек топ сөйлеуді дамыту, математика негіздері, жапсыру/; сөздік қорды заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту. Үшбұрыш пішінімен таныстыру, зерттеу ,   құрақ көрпе дайындау.   Жапсыруда қағазды түрлендіру әдістерін (бүктеу, қатпарлау) қолдану /ортаңғы топ сөйлеуді дамыту, жапсыру, математика негіздері/

Музыка

Міндеттер:

      Ән айту.

     «Машина әні» \білімкидс\

әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту).

/ортаңғы топ/, Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету /ересек топ/

  Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.Балаларды музыкалық аспаптармен: сылдырмақпен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру/ортаңғы топ/; сылдырмақтармен қарапайым әуендерді ойнау /ересек топ/.


«Өз гаражыңды тап». Міндеттер:

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.тақпақ жаттау, кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ойыншықтар).

/ортаңғы топ сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, мүсіндеу/; Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру, тақпақ жаттау, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу

/ересек топ сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, мүсіндеу/
Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек.
Дыбыстық жұмбақ.
Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз сұрақтарға жауап беріп, ашық оқу-қызметке белсене қатынасамыз.
Көлік дегеніміз не?
— Ол адамға неге қажет?
— Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?

Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады? Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады.

Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап тапқан.
Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
— Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
— Ал қайықпен ше?
— Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

Мнемокесте арқылы тақпақты жаттату

Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды
Айналам деп аспанда
Шаршағанға ұқсайды.

«Ұшақ» мүсіндеу


Дене шынықтыру

Міндеттер:

ЖДЖ

      Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:

   қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);

   заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару;

қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;

      қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.

Кеудеге арналған жаттығулар:

 допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;

 солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);

 аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен).

Аяққа арналған жаттығулар:

аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;

Негізгі қимылдар.

Жүру.

Қол ұстасып жүру /ортаңғы топ/; Аяқтың сыртқы қырымен жүру /ересек топ/.

Жүгіру. Көрсетілген жерге жүгіру /ортаңғы топ/; сапта бір-бірден /ересек топ/

Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық) /ортаңғы топ/; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу /ересек топ/

Сапқа тұру, қайта сапқа тұру.

Бір-бірінің жанына сапқа тұру /ортаңғы топ, ересек топ/

 

Қимылды ойындар «Бәйге»

Міндеттер:     

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ /; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу /ересек топ/.



«Орнында не жоқ?» дидактикалық ойын

Міндеттер:

Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған тұрмыстық заттарымен (тостаған) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу/ересек топ құрастыру/; Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату /ортаңғы топ құрастыру/.

Сурет бойынша бірнеше ыдыстар тақтаға қойылады. Олардың ішінде балаларға таныс емес торсық бар. Торсықтың суретін көрсетіп, оның не екенін балалардан сұрайды, оның қымыз құятын ыдыс екенін түсіндіреді. Балалар суреттер бойынша ыдыстардың аттарын атайды: шәйнек, кесе, тәрелке, қасық, тостаған, торсық Торсықтың суретін көрсетіп әңгімелейді, пішініне назар аударады. Торсықтың ұзынша бөлігі – мойны, үлкен бөлігі – «бүйірі», «түбі» және қақпағы болады. «Енді осы торсықты қағаздан өзіміз құрастырып көрейік», – деп балаларға торсықтардың қиылған суретін таратып береді. Қағазбен құрастыруда балалардың қол қимыл-қозғалысына және ойлауына, кеңістікті бағдарлай білуіне баса назар аударылады. «торсық, ыдыс, қасық» сөздерін айтқызып қайталайды, түсіндіреді.

Дене шынықтыру

Міндеттер:

ЖДЖ

      Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:

   қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);

   заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару;

қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;

      қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.

Кеудеге арналған жаттығулар:

 допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;

 солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);

 аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен).

Аяққа арналған жаттығулар:

аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;

Негізгі қимылдар.

Жүру.

Еденге қойылған заттардан аттап жүру.

      Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, арқан бойымен жүру.

      Жүгіру.

Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру.

   Еңбектеу, өрмелеу. заттардың арасымен еңбектеу.

   Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Саптағы өз орнын табуға үйрету.

    Секіру.

15-20 сантиметр биіктіктен секіру /ортаңғы топ/; 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру /ересек топ/

    Қимылды ойындар

«тату-тәтті отбасы»

Міндеттер:     

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ /; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу /ересек топ/.

    Ойын шарты:Балалар бөлме ішінде әуен ырғағымен жеңіл билеп жүреді.Тәрбиеші әуенді тоқтатып хабарлама жасайды:«Тату-тәтті жанұядаа» 3 адам н/е (2,4) адам тұрады.Балалар үштен,екіден,төртен бірігеді.Ойын осылай бірнеше рет қайталанады.


     



Менің атам, әжем қандай?» ойыны

Міндеттер:

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету /ортаңғы топ қазақ тілі/; Туыстық қарым-қатынасты ("сіңлі, "нағашы", "жиен", "бөле") білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу. Шағын өлеңдер, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу/ересек топ қазақ тілі/


Өз отбасының фотосуреттерін қаратып, отбасы мүшелерін атау. «Мен атам, әжем қандай?» ойыны. Балалар «микрофон» әдісі арқылы ата, әжелерің сипаттайды.

Жұмбақ:

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкесінің

Білер оны сұраған

Ол кім   (Ата)

 

Аймалайды «Күнім» деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп

«Тәтті –ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп

Ол кім?  (әже)


Тақпақ:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


Осы атамыз бен әжемізге сендер кім боласыңдар?  (немере)

Балалар анамыздың әкесі, анасы сендерге кім балады? (нағашы ата, нағашы әже)

Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)




Серуенге дайындық

Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (сөйлеуді дамыту, мәдени-гигиеналық дағдылар)


Серуен

Күн жылу мен жарық көзі

Міндеттер:

Қоршаған орта заттары туралы түсініктерін кеңейту. /ересек топ қоршаған ортамен танысу/; . Заттардың атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/.

Барысы:

-күннің жарық және жылу көзі екені туралы түсініктерін қалыптастыру;

-ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту;

-табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.


Қимылды ойын:

«Күн мен түн»

Міндеттер:

Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын дамыту/ортаңғы топ д\ш/; Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау.

/ересек топ/.


Еңбек әрекеті: Алаңды тазалауға көмектесу. Міндеттер:

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау/ересек топ қоршаған ортамен танысу/


.

Бұталарды бақылау (итмұрын, мамыргүл мойыл).)

Міндеттер:

 Ағаштардың атауларын білу, тану /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру/ересек топ/

Бақылау: сыртқы белгілерге қарап бұталардың 2-3 түрін танып білу; оларды ағаштардан айыру.


Жұмбақ.

Өсімдіктің тікенегіне байланысты аталған. Жемісін жұлып алсаң, оның тікені қолыңа кіреді. (Итмұрын.)

Міндеттер:

Жұмбақтар шешкізу /ортаңғы, ересек топтар қазақ тілі/


Қимылды ойын. «Белгіні тыңда».

Міндеттер: балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ/; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу/ересек топ/.)


Еңбек: ағаштардың түбін қопсыту.

Міндеттер:

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау/ересек топ қоршаған ортамен танысу/


Өз бетімен ойналатын ойындар. «Қайық ойыны».

Міндеттер:

Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын дамыту/ортаңғы топ д\ш/; Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың


Көшедегі көлік түрлерін бақылау, олардың не үшін қолданғаны туралы анықтау. Көліктерді сипаттау: түсі, көлемі, дыбысы, жылдамдығы.

Міндеттер:

      Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол) туралы білімдерін қалыптастыру.

/ересек топ қоршаған ортамен танысу/; Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру /ортаңғы топ/


Көркем сөз

Ойыншығым торғайды
Тракторға мінгіздім
Жер жыртуды үйретіп
Жолсыз айдап үйреттім.

Міндеттер:

Тақпақтар жаттату /ортаңғы, ересек топтар көркем әдебиет/


Қимылды ойындар. «Торғайлар мен автомобиль»

Міндеттер: балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ/; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу/ересек топ/.)

Ойын шарты: Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында отырады. Олар ұяларында отырған торғайлар.Бір бала автомобиль бейнелейді.(аланның қарама-қарсы жағында) Тәрбиеші:«Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар» - деген сөзіне, балалар жүгіреді, құстар сияқты қанаттарын қағып. Біраз уақыт өткен сон:«Байқандар, автомобиль келе жатыр»-дейді. Балалар(торғайлар) ұяларына ұшып бара қонады.


Еңбек: «Құм салғыштан шашылған құмды жинастыру».

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау/ересек топ қоршаған ортамен танысу/



Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау

Міндеттер:

Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті) /ересек топ қоршаған ортамен танысу/; табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық) /ортаңғы топ/


Еңбек: балабақша бақшасындағы арамшөпті жұлуға үйрету

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау/ересек топ қоршаған ортамен танысу/


"Допты ұста" ойыны

Міндеттер:

балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ/; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу/ересек топ/.)


Ауа райын бақылау. Міндеттер:

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман) кеңейту. Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну /ересек топ қоршаған ортамен танысу/.

Бақылау: күздің алғашқы өзгерістері және өлі табиғат туралы балаларға мәлімет беру: ауа температурасының төмендеуі – суық; бұлтты және жаңбырлы күндер – сұр бұлттар, бұлыңғыр аспан, бұлттың көшуі, күн көзінің сирек шығуы, жапырақтартардың сарғайып жерге түсуі. Табиғатты сүюге баулу.


Қимылды ойын. «Қыз қуу» (қазақ халқының ұлттық ойыны). (дене шынықтыру)

балаларды қарапайым ережелерді сақтауға баулу /ортаңғы топ/; Ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу/ересек топ/.)


Еңбек: солып ұқалған гүлдерді жинастыру

Міндеттер:

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру /ортаңғы топ қоршаған ортамен танысу/; балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау/ересек топ қоршаған ортамен танысу/



Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін жинау, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)


Түскі ас

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Міндеттері:

Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыруы. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Ас ішкенде сөйлемеу. Астан соң беті-қолды жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту ортаңғы, ересек топтар)

Ас ішуге тұрайық,

Қолымызды жуайық.

Сабын мен суды аямай,

Тазалықты сақтайық.


Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай жасау. Ертегілер оқыту. Бесік жырын тыңдату


Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп-түсіру.

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.

Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.

(дене шынықтыру, дербес әрекет)

Бесін ас

Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Өзін-өзі күту, тамақтану, мәдениетті қарым-қатынас негіздерін дамыту.

Ас ішкенде күнде біз,

Сөйлемейміз, күлмейміз!

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз!

Балалар рақмет айтады, тамақтануға кіріседі.

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)

"Торғайлар мен қарғалар" театрландырылған ойын.

Міндеттер: Зейінді, төзімділікті, ептілікті дамыту.

Барысы: балалар екі топқа бөлінеді: "Торғайлар" және "Қарғалар". Содан кейін бір-біріне арқаларын қаратып, түзу екі қатарда тұрады. Педагог атаған топ ұстап алады; аты аталмаған топ "үйлерге" қашады (орындықтарда немесе белгілі бір сызыққа дейін). Педагог баяу сөйлейді: «Қар... - ға ... -лар...». Осы сәтте екі топ қашып кетуге дайын болады.

Қарапайым нұсқа: педагог атаған топ қол шапалақтайды, екінші топ орындарында қалады. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

\ортаңғы топ\

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығулар

"Туған өлкем".

Міндеттер: Балаларды туған өлке туралы өлеңнің мазмұнымен таныстыру; өлең жолдарындағы көркем сөз атауларын шынайы айтуға жаттықтыру; өлеңнің мазмұнындағы сөздерді мұқият тыңдап, есте сақтай білуге үйрету.\ересек топ\

"Қазақстанның Туын тап" ойыны.

Міндеттер: Балаларға Қазақстан Республикасының Туын тануды, сын-сипатын айтуды үйрету.


"Күлкілі маймылдар" театрландырылған ойын.

Міндеттер: Зейінді, бақылауды, реакция жылдамдығын дамыту.

Барысы: балалар шашыраңқы тұрады, ойында балалар маймылдар болады. Олардың алдында бала - хайуанаттар бағына келуші, ол әртүрлі қимылдар мен қимылдарды орындайды. "Маймылдар", баланың іс-әрекеттерін қайталайды. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)\ортаңғы топ\



Жапсырудан ойын-жаттығу

"Менің үйім осындай".

Міндеттер: Балаларды дайын шаршы, үшбұрыш пішінді қағаздар арқылы үй бейнесін құрастырып, жапсыруды үйрету; геометриялық пішіндер қасиеттері және желімдеу техникасы жөнінде ұғымдарды қалыптастыру.\ортаңғы топ\

Саусақ жаттығуы.

Үйді салғым келеді (шапалақтау),

Қабырғасы керегі (шапалақтау),

Қабат-қабат кірпіштер (жұдырықтарды бір-бірінің үстен қойып, орындарын алмастыру),

Қатар-қатар кезегі (жұдырықтарды бір-бірінің үстен қойып, орындарын алмастыру).

Шатыр болса төбесі (қос алақандар ұштарын тиістіріп, "шатыр" құру, бастың төбесіне қою),

Ұшбұрыштай жебесі (қос алақандар ұштарын тиістіріп, "шатыр" құру, бастың төбесіне қою),

Терезелер - көзайна (көздерді ашып-жұму).

Мен ғой - үйдің иесі (алақандарды өз кеудесіне салу). (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)\ересек топ\

Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу

"Алтын күз".

Міндеттер: Балаларды күз маусымының алғашқы өзгерістерімен таныстыру; күз маусымында жанды жəне жансыз табиғатта болатын алғашқы өзгерістердің маңызы туралы түсініктерін кеңейту; балалардың қарапайым экологиялық мəдениетін қалыптастыру; алтын күз туралы ұғым беру.\ересек топ\

"Күзгі өзгерістерді тап" дидактикалық ойыны.

Міндеттер: Күз мезгілінде болатын өзгерістерді табу. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)ортаңғы топ\

"Құмырсқалар" ритмопластика.

Міндеттер: Кеңістікті бағдарлай алу қабілеттерін жетілдіру, зейінді жаттықтыру.

Барысы: педагогтің шапалағымен балалар залдың ішінде ретсіз қозғала бастайды, басқа балалармен соқтығыспай және бос кеңістікті толтыруға тырысады.

(дене шынықтыру, танымдық дағдылар)\ортаңғы топ\

Балалармен жеке жұмыс

"Күз" тақпағын жаттау.

Міндеттер: Бала тілін жаттықтыру. Әртүрлі өлең, тақпақтарды айтқызу.

Тұрдыбек Досанов "Күз".

Ұшырды жапырақты жел екпіні,

Ол, сірә, көрді дейсің елеп кімді.

Жоғалтқан ойыншығын жас баладай,

Мұңайып үй артында терек тұрды. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

(Ақмарал,Лашын, Ерасыл)

"Жау, жау, жаңбыр!" тақпағын жаттау.

Міндеттер: Бала тілін жаттықтыру. Әртүрлі өлең, тақпақтарды айтқызу.

Шәміл Мұхаметжанов "Жау, жау, жаңбыр!"

Жау, жау, жаңбыр, селдетіп,

Күткеніміз сен едің.

Жас егін де ержетіп,

Желкілдетсін желегін.


Жау, жау, жаңбыр, тағы да,

Дала, тауға көрік бер.

Менің еккен бағымда

Өссін жүзім, өріктер. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

(Нұртас, Айназ,Райана)

"Өз үйіңді тап" дидактикалық ойыны.

Міндеттер: Өз қаласы туралы, ондағы үйдің орны, әртүрлі ғимараттар туралы білімді қалыптастыру; балалардың зейінділігін, байқағыштығын, бірнеше адамның арасынан өз үйін таба білу қабілетін дамыту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу қабілеті; балалардың туған жеріне қызығушылығын арттыру.

Барысы: балаларға бірнеше ғимараттан тұратын суреттер ұсынылады, олар өз үйлерін тауып, жауап іздеуі керек. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

(Назерке,Салиха,Рамиль)

"Суреттерді орналастыр" дидактикалық ойыны.

Міндеттер: Заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

(Аяна, Медина, Ербол)

Жыл мезгілі жайлы әңгімелесу.

Міндеттер: Қарапайым сұрақтарға толық жауап беру іскерліктерін жетілдіру.

(Назерке, Айлана,Асылым)

Серуенге дайындық

Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Құстарды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Көлеміне, қозғалу тәсілдеріне назар аудара отырып, әртүрлі құстардың сыртқы түрінің айырмашылығын табуды ​​үйрету.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қураған жапырақтарды ортаға жинау).

Міндеттер: Топта жұмыс істеуді үйрету, ересектерге көмек көрсету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: “Құстар мен мысық” (2-3 рет ойнатылады). (дене шынықтыру)

Міндеттер: Балалардың денсаулыққа, ойынға құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйлерін көтеру; ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру; балаларды саламатты өмір салтына тәрбиелеу.

.

Сауысқанды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру, көркем сөз, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Сауысқанның пайда болуы, оған тән ерекшеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру; қыстайтын құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көркем сөз.

Қадыр Мыза Әли "Сауысқан".

Ала қанат сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан.

Қырда жауыр көрінсе,

Қиқаңдатқан сауысқан.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (күзгі жапырақтарды жинау).

Міндеттер: Жұмыс тапсырмаларын ықыласпен орындауды үйрету.

үйрету.

Бұлттарды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға қызығушылықтарын арттыру.

Көркем сөз.

- Ақсың, сұрсың, қарасың

Қайда қалқып барасың?

- Жерге нөсер төгемін,

Өссін гүлдер, көп егін!

- Гүл-гүл жайнап өсер көк,

Нөсерлетсең нөсерлет!

- Бұлт дегеніміз не?

- Бұлттардың түсі қандай болады?

- Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен)

- Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат-қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)

- Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек-түйдек болып тұрады)

- Шарбы бұлттар неге ұқсайды? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң, олардан таныс бейнелерді көруге болады)

- Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)

- Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)

- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)

Ересек адамдармен

ету және өз құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе білуін қалыптастыру.

Шетенді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Шетеннің суық мезгілде жануарлар мен құстарға тигізетін пайдасы туралы білімдерін бекіту.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі тастарды жинау).

Міндеттер: Тазалықты байқау қабілетін қалыптастыру.


Жүргізушілердің еңбегін бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Міндеттер: Балалардың жүргізуші жұмысы туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру; ересектердің жұмысына қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі тастарды жинау).

Міндеттер: Тазалықты байқау қабілетін қалыптастыру.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Жүргізушілерміз", "Жапырақтар". (дене шынықтыру)

Міндеттер: Балалардың физикалық белсенділігін дамытуды жалғастыру; ойын әрекеттерінде ересектер еңбегі туралы білімді көрсетуге ұмтылысты ынталандыру.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту.

Міндеттер: Қозғалыс дағдыларын жетілдіру.

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуға, өз киімін өздігімен шешуге, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың үйге қайтуы

Жаднама:

"Балаға қандай ойыншықтар сатып алуға болады?"

Бала тәрбиесіндегі «Әкенің рөлі» тақырыбында әкелермен әңгімелесу.

Ата-аналарға кеңес: «Үйде ойын бұрышын» ұйымдастыру.

«Достарымыздың арасында өзімізді қалай ұстау керекпіз?» тақырыбында әңгіме жүргізу.

«Үйде балаларға арналған жиһаз» атты сұрақ-жауап


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі