ШАҒЫН ТОПТАРДА “БІРЛЕСКЕН ЖАЗУ” ЖҰМЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ШАҒЫН ТОПТАРДА “БІРЛЕСКЕН ЖАЗУ” ЖҰМЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаушылардың топтық жұмыстың маңыздылығы туралы бастапқы білімдерін байқау үшін төмендегідей сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылы

Жамбыл атындағы орта мектеп КММ

Кайрова Айжан Докторбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: ШАҒЫН ТОПТАРДА “БІРЛЕСКЕН ЖАЗУ” ЖҰМЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ”

Шағын топтарда “Бірлескен жазу” Жұмысын жүзеге асырудың қадамдары?

Шағын топтарда бірлескен жазу жұмысын ұйымдастырудың бірнеше қадамдары бар:

  1. Топтарды құру

  2. Ролдерге бөлу

  3. Жазу процесін бастау

  4. Топта талқылау

  5. Нәтижені ұсыну


Шағын топта бірлескен жұмыс жүргізу.  Топтарға бос А4 парақтары таратылып беріледі де, әр топ өз жұмыстарының одан әрі нәтижелі, шығармашыл шығуы үшін топ ережесін жазып шығуға нұсқаулық беріледі.

Әр топтан шыққан топ  ережелерінің мониторингін жасап, топ ережелеріне қатысты суретті  мониторнингкке сәйкес таңдап алуға  және «Топ ережесі» бұрышын жасауға  нұсқаулық беремін.

Мұғалімдер әр топта қандай тапсырма болса да бірлесе жұмыс істеу, әркім өз идеясын айта отырып, топ жұмысына үлес қосса тиімді, ұтымды, нәтижелі шығатынына көз жеткізеді. Топ ережесін жеке жазу және топ ішінен келісе отырып ортақ ережені шығарады.

Тыңдаушылардың  топтық жұмыстың маңыздылығы туралы бастапқы  білімдерін  байқау  үшін  төмендегідей сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдаймын.


Сіз команда түрінде қаншалықты тиімді жұмыс  орындадыңыз?

Бір-біріңізге көрсетілген қолдау қаншалықты көп болды?

Топтық жұмыста қандай түйінді сәттер жақсы өткізілді?

Қандай түйінді сәттер нашар өткізілді?

Осыдан қандай сабақ алуға болады?




Ия әрине оның ережесі бар.Өйткені сен өзіне күнделік арнасаң, сен оған

қызықты оқиғаларынды және құпияларыңды жазасың.Және оны ешкім

оқымайды,тек қана өзің ғана білесің.Негізі өз басым күнделікті қызықты

күндеріңді күнделікке жазған дұрыс.



Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға

үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.

Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.

Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.

Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.

Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.

Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.


2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.


3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.


Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңкедегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке.Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.


4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.



Күтілетін нәтиже:

Топтық жұмыс:

1. топ. Автордың айтайын деген негізгі ойын анықтаңдар?

2. топ. Торғайға не болды деп ойлайсыңдар? Өз нұсқаларыңды айтыңдар?

3. топ. Төртінші шумақтан теңеу сөздерді тап.



1топ. Сурет салып,торғайдың көніл-күйін анықтау 
2топ. Венн диаграммасы арқылы Қ.Аманжоловтың «Көктем » өлеңімен салыстыру
3топ. Торғайға көмек

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру арқылы тақырыпты жинақтайды.

Қорытынды

Бастауыш сынып оқушыларының шағын топтарда бірлескен жазу жұмыстарын жүзеге асыру дағдыларын дамытудағы негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары.

-Тыңдалым мен жазылу дағдыларын дамытудың маңыздылығы және оның жазба жұмыстарына әсері.

- Әдістемелік құралдың оқушылардың шығармашылдық қабілеттерін жетілдірудегі рөлі.

Қолдану бойынша ұсыныстар.

-Мұғалімдерге: Жинақтағы әдістерді сабақта тиімді пайдалану жолдары.

- Бұл әдістемелік құралды қолдану арқылы оқушыларда қандай дағдылар қалыптасады.

- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлау деңгейі қалай жақсарады.

Сурет арқылы шығарма жазу – бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын дамытуға көмектесетін қызықты әрі тиімді әдіс.Бұл тәсіл оқушылардың логикалық ойлауын, байқағыштығын, шығармашылдық қабілеттерін дамыта отырып, жазылым дағдыларын жетілдіреді. Мұғалімдер бұл әдісті жүйелі түрде қолданса, оқушылардың шығарма жазу қабілетін айтарлықтай жақсарады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Алдиярова Ж. «Бастауыш сыныптарда шығармашылық жазу дағдыларын қалыптастыру» - Алматы: Атамұра, 2020ж

  2. Жұмабаева Ә «Бастауыш сыныптарда шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» - Астана: Фолиант,2019ж

  3. Құлмағанбетова Б «Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі» - Алматы Мектеп, 2018ж

  4. Қабдолова Б «Мазмұндама мен шығарма жазу әдістемесі» - Алматы:Білім, 2017ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі