Материалдар / «Сағыныш сәті» жаңа жыл ретро стилі бойынша сценарий.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сағыныш сәті» жаңа жыл ретро стилі бойынша сценарий.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сағыныш сәті» жаңа жыл ретро стилі бойынша сценарий.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жасөспірімдердің құқық бұзушылығын ескерту. Азаматтық және қылмыстық жауапкершілік» атты ата-аналар жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы №3



Күні: 05.01.2024 ж.

Класы: 8А

Барлығы: 18

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны:3


Күн тәртібінде:

1. «Жасөспірімдердің құқық бұзушылығын ескерту. Азаматтық және қылмыстық жауапкершілік»

2. 2023-2024 оқу жылдың ІІ тоқсан қорытындысы.

3. «№5 мектеп-лицей оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған» мақсатты нұсқаулықпен таныстыру .

4. Әртүрлі


1-мәселе. ІI оқу тоқсанының қорытындысы

Пән атауы

баға

сапа

үлгерім

5

4

3

2

н/а

1

Қазақ тілі

7

10

1

-

-

94%

100%

2

Қазақ әдебиеті

7

10

1

-

-

94%

100%

3

Орыс тілі мен әдебиеті

6

7

5

-

-

72%

100%

4

Ағылшын

6

11

1

-

-

94%

100%

5

Алгебра

6

4

8

-

-

55%

100%

6

Геометрия

6

4

8

-

-

55%

100%

7

Физика

5

9

4

-

-

78%

100%


География

5

12

1

-

-

94%

100%

8

Химия

4

7

7

-

-

61%

100%

9

Информатика

9

9

-

-

-

100%

100%

10

Қазақстан тарихы

6

7

5

-

-

72%

100%

11

Биология

5

7

6

-

-

67%

100%

12

Дүние жүзі тарихы

9

6

3

-

-

83%

100%



ІI оқу тоқсанының қорытындысы бойынша оқу сапасы – 50% құрайды.

Үздік оқушылар: Амангелді Адина,Нұрлан Адина,Өтеғұлов Диас:Бегімбетова Айжан.

Екпінді оқушылар: Айтенова Әмина,Байжұлдызов Шәкір,Көбегенова Нұрайым,Ұзақбай Қарақат, Сайлауова Інжу.

1 пәннен 3-ке бағаланған оқушы: Амангелді Али(алгебра)

Алдағы тоқсанда осы олқылықтарды жою керек. Білім апасын арттыруға күш салу қажет.


2-мәселе оқыту барысында талап ережелер, ата-анаға кеңес беру бойынша 8 «А» сынып жетекшісі А.С.Ешмұханова:

Балаға құқықтық тәрбиені қалыптастыруда отбасының рөлі қандай?  Бұл сұраққа жауап іздемес бұрын «Құқықтық тәрбие дегеніміз не?» деген сұраққа тоқталсақ. Құқықтық тәрбие – ол балаға құқықтық білім бере отырып, баланың құқықтық санасын қалыптастыру. Балаға құқықтық білім беру арқылы ол өз құқығын түсініп, тұлғалығын дамытады. Сонымен қоса басқа тұлғаларды, заңды құрметтеуді үйренеді және заңның әділдігін сезініп, оларды орындауға деген дағдысын, санасын қалыптастырады. Балаға ең алдымен жақсы тәрбие беру арқылы олардың еркін және толық құқылы тұлға болып өсуіне, дамуына мүмкіндік беру – әрбір жеке тұлғаның, қоғамның міндеті. Аталған белгілер жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына, тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін және өзін-өзі тануы, жеке тұлға ретінде де,қоғамның толыққанды мүшесі ретінде де бірқалыпты дамуы отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асырылады. Құқық пен тәрбие қатар жүргендіктен бұл процесс ата-аналар мен ұстаздар арқылы жүзеге асырылатын өзара байланыста және бірқалыпты атқарылатын іс. Құқықтық тәрбиенің негізі отбасынан басталады. Өйткені отбасы ол балаға ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, үлгі-өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Қазіргі замандағы қоғамда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі – ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай оқушылардың тәртіп бұзуының бір себебі отбасында жатыр. Отбасы ол шағын мемлекет болғандықтан ол әр қилы болады. Қоғамда маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын отбасылар да бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке немқұрайлы қарауы мүмкін.  Мұндай отбасында тәрбиеленген бала тіпті қылмысқа бір табан жақын тұруы мүмкін Бұндай жағдайлар оқушының қажеттілігін толық қанағаттандыру керектігін, оны дене және ой-еңбегіне үйретуге, адал болуға, жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиренуге, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың рөлі өте маңызды екенін көрсетеді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұрпағымыздың бойына дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім дарытуымыз керек. Жеке тұлғаға қарағанда санасы мен мінез-құлқы енді қалыптасып келе жатқан жасөспірім ол тәрбиенің ең қолайлы обьектісі болып табылады.Ата-аналар өздерінің тұлға аралық қатынастары мен мәдениетін дамыта отырып, өз-өздерін дамытып, балаларды тәрбиелеуде идеалды атмосфераны құрайды. Оқушылардың бойындағы ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынастың дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі ол ең алдымен отбасына байланысты. Құқықтық тәрбие беру әрбір жасөспірімнің жеке тұлға болып қалыптасуын, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасын дамытудың міндеттерін атқарады.






3-мәселе. Оқушылардың қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздігі.

Сынып жетекші ата-аналарға қысқы демалыс уақтында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға байланысты төменде көрсетілген әр түрлі жағдайларда тиісті ескертпелерді сақтап, жауапкершілікті күшейту туралы ескертті:

1. Қоғамдық орындарда балалар мен ересектерге сыпайы және мұқият бол, моралдық нормалар мен этиканы сақта.

2. Жолдың жүріс бөлігінде мұқият бол және абайла, жол ережелерін ұстан. Қысқы жолдың әсіресе қауіпті екенін біл.

3. Су қоймаларының маңайына қыс мезгілінде ересек адамдарсыз баруға болмайды. Мұзға барма - бұл өте қауіпті.

4. Мұзды (қарлы) сырғанақтардан шанамен, шаңғымен және т.б. сырғанау ережелерін ұстан. Есіңде болсын! Сырғанау төбесі жол жүру бөлігінен алыс болуы керек!

5. Шатырында қар, мұз, мұз кесектері жиналған ғимараттардың жанымен жүрме немесе жақын ойнама - бұл өте қауіпті.

6. Жаңа жылдық мерекелерде жарақаттанудан аулақ болу үшін көпшілік жерден аулақ болуға тырыс.

7. Фейерверк, бенгал жарығы, жаңа жылдық түрлі жарылғыш заттарды пайдаланба, оларды ересектермен ғана пайдалан. Сенің денсаулығың үшін қауіпті.

8. Ішкі ғимараттарда Бенгал жарығын жарықтандыруға, крекерлер мен балауыз шамдарды қолдануға рұқсат етілмейді. Есіңде болсын, ашық от әрқашан қауіпті!

9. Бөгде адамдармен сөйлеспе. Үйде жалғыз болғаныңда, бөгде адамдарға есікті ашпа.

10. Ата-ананың рұқсатынсыз олар жоқ кезде жаңа достар мен таныстарыңды үйге әкелме.

11. Қараңғы жерлерде, құрылыс алаңдарында, қоқыс тастар арасында, тастанды ғимараттар маңында және темiр жол мен автожолдың жанында ойнама.

12. Әрқашан ата-анаңа қайда бара жатқаныңды айтып отыр.

13. Қаңғыбас иттерді және басқа да жануарларды ұстап, сипама.

14. Үйде болған кезде, өткір, кескіш, қауіпті заттармен және электрлі жылыту құралдарымен жұмыс істегенде абай бол; шырпымен, жанғыш заттармен ойнама.

15. Жаңа достар мен таныстардың алдында отбасының материалдық игілігін мақтан етпе.

16. Жаңашылдық іздеме, қауіпсіз демал.

17. Шатырына қар жиналып, құлау қаупі бар ғимараттардың жанына жақындама, басқа балалардың

мұндай жерлерде болуына жол берме, ескерт.

18. Егер қауіпті орын қоршалған болса, қоршаулардан өтуге тырыспа, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өт.

19. Күдікті шуды естіген болсаң, тоқтама, басыңды көтерме, бұл қар немесе мұз кесектерінің жылжып, құлауы мүмкін. Ғимараттан қашпа, қабырғасына мүмкіндігінше тақалып ал, шатырдың жиегі қауіпсіз.

20. Шатыр төбесінен қардың құлауы немесе мұз сынықтарының түсіп кетуі мүмкін жерлерде бұрын жиналған қардың немесе мұздың іздері көрініп тұрғандығынан аңғаруға болады. Бұл орынның қауіпті екенін көрсетеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!