Материалдар / Сахналық көрініс - "Сәбира"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сахналық көрініс - "Сәбира"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс іс-шара. Сахналық көрініс "Сәбира"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2023
2809
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сахналық көрініс «Сәбира Мұхаметжанова»

Құрастырған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев. Талдықорған қаласы, №18 орта мектеп-лицейі.

Түрлі кітаптардан, тарихи деректерден алынған


1 көрініс «Камера»

КНБ қызметкерлері, әскери киімдегі адамдар

Үстел тұр, орындықта әскери киімде шенеунік отыр. Біреуі тұр. Осы кезде бойжеткен қызды конвой алып кіреді, диалог басталады

Қ: - Ия, бүлікші қыз, Сәбира, сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындамайсыз?

С: - Мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын

Қ: - Доғар! Сен менің жыныма тиіп біттің, енді сенімен сөз басқаша болады. Сен, жатақханадағы қыздарды үгіттеп, үкіметке, партияға қарсы насихат жүргіздің. Сен онбаған ұлтшыл, алаңға шығып, ел арасында бүлік шығарып, бұзақылық жасадың. Сендейлерді қоғамнан аластатып қоймай, көзін құрту керек.

С: - Мен тағы да айтамын, мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын, қазақтың басшысы қазақ болсын деген сендер үшін қылмыс па?! Алаңға жиналғандардың талабы бар болғаны осы. Бізге өз басшымыз керек.

Қ: - Демек біз деп тұрсын ғой. Біз дегенің кімдер? Өзіңмен бірге кімдер болды? Бізге өзіңмен оқитын 5 оқушының фамилиясын айтып, мына қағазға қол қойып бер. Сені өз еркіңе жібереміз.

С: - Мен сіздерге айттым ғой, менімен алаңға барғандарды білмеймін деп, біреу келіп, біреу кетіп жатыр.

Қ: - Ей! Сенімен тәжікелесіп отыратын уақытым жоқ. Бүлікші екеңінді мойында! Әйтпесе..

С: - Әйтпесе не?

Қ: - Әйтпесе ана қасыңдағы жолдастарыңа сені сатқын, отанын, елін сатты деп жала жаба саламын, бұл менің қолымнан келеді. Ойлан Сәбира, ойлан...

С: - Ойланатын түк жоқ, мен айтарымды айттым, аққа күйе жұқпайды, күндердін күнінде сендердің жапқан жалаларыңнан тарихтың өзі-ақ ақтап алатын болады. Жақын арада қазағымның өз билігі өзіне тиетініне сенемін. Тек сол күнді көрсем екен

Қ: - Сен осы әрекетіңмен қасындағы курстастарынды жаппай оқудан шығаруға әрекет етіп жатырсың. Мына сен үшін барлық қазақ группалары оқудан шығады. Так что сен қайтадан ойлан. Мен қайтып келгенше ойлан Сәбира, ойлан...

С/жеке қалып/: Қайран қазағым-ай, расымен күнің сөніп барады ма?!

Өр-рухты намысым деп, ақтық демі қалғанша кеудесін ешкімге бастырмайтын Кенесары, Қабанбай бабаларымның ұрпақтары шынымен де қалмаған ба?!

Қазақтың болашағы болады деген жастарды бас көтертпей тепкілеп жатса, мен сияқты қыздарды жала жауып түрмеге тоғытса, болашақ қалай болар, бұл қорлықтың шегі бар ма?!

Ал мен жалған ақпаратқа қол қойсам, менің кім болғаным, ертеңгі күні елімнің болашағына қалай балта шабам, тығырықтан шығатын жол болмай кетті ғой. Егер бар жамандықтың соңы менімен бітетін болса, сол құрбандық мен-ақ болайын. Елім дейтін азаматтарымыз көп болсын.


Осы уақытта саханға КНБ қызметкерлері кіріп:

Қ1: - Все, ее отпускайте, но обьясните ей что разговор еще не окончен. И поработайте с руководством училище

Қ2: - Ал Сәбира, сен боссың, шыға берсен болады, бірақ та бұл іс осымен біткен жоқ. Ата-анаңды ойла, туған-туыс бар дегендей... Ойлан ойлан...

Қ1: - Конвоир проводите ее! /барлығы шығып кетеді/


2 көрініс «Жатақхана»

Төменгі сахнада жатақхана көрінісі, төсек, түскілем тсс

Төсекте Сәбираның анасы отыр, осы уақытта Сәбира кіріп анасын құшақтап:

С: - Анашым қалай жеттіңіз, денсаулығыңыз қалай?

Анасы қызын қатты қысып, жылап алды

А: - Балапаным жүдеп кетіпсің ғой, мойыма, барлығы саған сәлем айтып жатыр

С: – Мені 10-шы классқа қабылдайды ма?

А: - Әрине, қабылдайды...

С: - Сатқын деген ат жақсы ма? сұрады абыржып

А: - Ол сөздің несі бар, бұдан да ауыр сөз бар ғой

С: - Тууу, мама, өзіңіз мұғалім бола тұра, оның жай сөз емес екенің біле тұрып, қалай айтып отырсыз? деді ренжіп. Содан көз жасын сүртіп

С: - Жүріңіз, класс жетекшіміз күтіп қалды.


3 көрініс «Аудитория»

Жоғарғы сахнада кабинетте үш әйел, екі еркек тұр

Завуч: - Сәлеметсіздер ме, барлығымыз жиналған сияқтымыз, онда жиналысымызды бастайық. Сөзді класс жетекшісі Шолпан Ахмадиевнаға берейік.

Ш: - Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой (деп қызға шүйілді). Соны апана қайталап айтып берші қане.

С: - Менің арым таза, мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын

А: - Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естіген емес еді

Ш: - Ия, солай ма? Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді

Завуч: Бұл жерде, ұлтаралық араздықты қоздыру, жаппай тәртіпсіздікке қатысу айыбы тағылмақ

Сәбира қыз осы сөзді ести сала сыртқа шығып кетті. Анасы не істерін білмей тұрып қалды. Осы сәтте екі жас жігіт кіріп келіп, - Апай, қызыңыз бесінші этаждан құлап, өліп қалды!

А: - Менің Сәбирам ба – деп қайталай берді

/осы кезде барлығы сахнадан шығып кетті/

А: - Қызым, сүт кенжем-ау, бұл не істегенің? Не жазығың бар еді? Өлтірді ғой!... Өлтірді...

Ғұмырыңның бәйшешектей қысқа болатынын қайдан білейін.

Сәбирам менің, сәбиім менің

Мен сенің балғын күніңдегі пәк күлкіңді сағындым.

Қызым менің, қызғалдағым менің, неге тым ерте солдың

Қарлығашым менің, қалықтап ұшпай қанатың

Мен мынау меңіреу заманның мылқау заңына не істедім

Қызым менің, мен енді не деймін, мына еліңнің бақытты болашағы жолында соңғы сөнген жұлдызысың


Анасының жоқтауы:

Қазаққа да еркіндік

Тиетін күн бар ма екен?!

Өтеміз бе, қарағым,

Еркіндікке жарымай

Өжет едің, өткір ең

Жалтақтығың жоқ білем

Көз жасым мынау парлаған

Даусым ащы сарнаған

«Аман қыл!», − деп ел-жұртты, −

Тәңірден медет сұрайын

Уа жаратқан Құдайым

Тыныштық бер еліме

Ғұмыр бергін жасыма

Енді қайғы төндірме

Қартайғанда басыма! /соңы/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!