400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолын оқытатын "КӨШБАСШЫ" таңдау курсынан сабақ беретін ұстаздар үшін сабақ жоспары. Сынып жетекшілері елбасының шахтерлар өлкесіндегі істеген еңбегі туралы оқушылармен тәрбие сағатын өткізгенде де қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп -лицейі









Шахтерлер өлкесіндегі

магнитка басшысы

/«КӨШБАСШЫ» таңдау пәнінен ашық сабақ/








Өткізген: Азбаева Айжан Хамиевна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі





Жезқазған, 2018ж.


Мектеп: «Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Азбаева Айжан Хамиевна

Күні: Сынып: 6


Сабақтың тақырыбы

Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысы


Сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысының ерен еңбегін тану, мәтінмен жұмыс барысында «FILA» әдісінің орындалу шартын түсіну.

Сабақ мақсаты

Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін тану, ел адамы бойындағы асыл қасиеттерді үлгі ету, жан-жақты және үйлесімді дамыған, көшбасшылық қасиеттерді бойына сіңірген, елге, жерге құрметпен қарайтын жеке тұлға тәрбиелеу, мәтінмен жұмыс барысында талдау жұмыстарын жүйелі, сауатты түрде жүргізу, жинақтау.

Жетістік критерийі

«Еңбек адамы» бойындағы қасиеттерді ашады, топтастырады;

Мәтін үзінділерімен «FILA» әдісі бойынша жұмыс жасайды;

Бас кейіпкерге хат жазады;

Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөз тіркестері: еңбек адамы, шахтерлер өлкесі, алғашқы шойын, болат балқытушы, адамгершілік қасиет, магнитка басшысы, т.б.

Тыңдалым: ел көшбасшысының еңбегін көре отырып, тыңдайды.

Айтылым: топтық, жұптық жұмыс барысында бір-біріне сұрақ коюда қажетті сөз тіркестерімен орынды пайдалануға қолдау көрсетеді, жасалған қорытындыларын сыныптастары алдында қорғау барысында өз ойларын еркін жеткізеді, диалог құрады.

Оқылым:берілген мәтінді, тапсырманы түсініп оқиды.

Жазылым:берілген тапсырмаға қорытынды жазады.

Құндылықтарды дарыту

Шарболаттай шыңдалған ел азаматының еңбек жолын, от жалында шыңдалғанын, іргелі істерден бастау алған еңбегін үлгі ету, әрбір оқушы бойынан елбасының көшбасшылық қасиеттерін көре білу, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік сынды құндылықтарымызды нығайту, өз ұстанымын қалыптастыру. Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы , елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін ұғындыру.

Пəнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Өздері жүктеп әкелген бейнефильмді көреді; флипчарттағы тапсырманы интербелсенді тақтаға орындайды.


Бастапқы білім

Шахтерлер өлкесіндегі магнитка туралы алған білімдерін толықтыра алады, мәтінмен жұмыс барысында

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басталуы

2 мин







3 мин




7 мин

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, топқа бөлу.

  • Психологиялық ахуал «Ой жалғастыр»

Еңбектің наны тәтті, ...

Ердің атын ...

Еңбек етпесең елге өкпелеме, ....

Жылай-жылай арық қазсаң, ....

Еңбек түбі - ...


Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интербелсенді тақтадан «Елбасы жолы» бейнефильмін көрсету.


  • «Топтастыру» әдісі. «Еңбек адамы» іс әрекетін топтастырып постер құру, қорғау.


Топтық бағалау. «Бас бармақ» әдісі (оқушылар басқа топтарды бас бармақты көрсету арқылы бағалайды)

Сынып бөлмесі






бейнефильм




постер, маркер, магнит

Ортасы


15 минут






































































5 мин






3 мин

  • Топ оқушыларына әр түрлі мәтіндер таратылады. Жұмыс барысында «FILA» әдісін қолданады.

FACTS-мәліметтер

IDEAS- идеялар

LEARNINGISSU-зерттеуді талап ететін сұрақтар

ACTION PLAN-шешімдер жоспары







Өзін өзі бағалау. Дискриптор арқылы.


Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысы

Оқу мақсаты: Мәтінмен жұмыс барысында «FILA» әдісінің орындалу шартын түсіну, тапсырманы толық орындау.

Бағалау критерийі: Білім алушы

Мәтіндегі мәліметтерді анықтайды;

Мәтін идеясын табады;

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;

Мәтін бойынша жоспар құрады.

Оқу дағдыларының деңгейі қолдану

Мәтін бойынша тапсырмалар /«FILA» әдісімен орындалады/

І топ тапсырмасы

“…Комбинаттың сонау төрінен қайтып келе жатқанымызда, домна пеші көмейіне ұзын көсеулерін бойлатып, “ойнап тұрған” адамдар қатарынан біреу оқшау шығып, жалпақ етекті бас киімін қолына алып, Қаныш ағайға сәлем берді.
– Орыссың ба, қазақсың ба, шырақ? – деп сұрады оның сәлемін алғаннан кейін.
– Қазақпын, – деді жігіт бар тісін көрсете күлімдеп. Әлде от табына шарпылғаннан ба екен, оның алаулаған жүзінен орыс екенін, қазақ екенін айыру қиын еді.
– Қазақ болсаң дұрыс екен. Горновойсың ғой.
– Горновоймын.
– Мұндағы домналардың іске қосылғаны былтыр ғана ғой. Мына мамандықты қайдан үйренгенсің? Өзің жас екенсің.
– Украинаның Днепродзержинск қаласынан отты мамандықтың оқуын бітіргенмін.
– Мынауың дұрыс екен. Өзің қай жерденсің?
– Алматы облысынан.
– Мұнда өзіңдей жас жігіттер көп пе?
– Бар. Бірақ отпен ойнауға шыдай алмай кетіп жатқандары да аз емес, Қаныш аға.
– Мына комбинат Қазақ елінің байлығы. Бұған ие болу үшін мұнда қазақ жастары көп болуы керек. Сендер комбинатқа жұмысқа қазақ жастарын шақырыңдар. Сөйте-сөйте өзіміздің еліміздің солтүстігінде қандастарымызды көбейтейік. Өзіңнің аты-жөнін кім? – деді де Қаныш ағай маған көз қиығын салып қойды. Әлденені ұмытпашы дегендей, ағайдың сұхбат үстінде осылай көз тастап қоятын әдеті. Дереу қойын дәптерімді алдым да, анау жігіттің аузынан шыққан аты-жөнін түртіп қойдым: “Нұрсұлтан Назарбаев”, деп жазылғандай, асыл тұлға аға көз түсірген інісі бойынан алғырлықты, сөзінен сұңғылалықты байқайды. Асылы, жақсының жақсы қасиетін жақсылар ғана таниды деген осы шығар.

Бағалау критерийі: Білім алушы

Мәтіндегі мәліметтерді анықтайды;

Мәтін идеясын табады;

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;

Мәтін бойынша жоспар құрады.


ІІ топ тапсырмасы

Н.Назарбаевтың 2006 жылы Мәскеудің Болат және балқыма институтының сту­дент­терімен кездесуде, осы оқу орны­ның ректоры Ю.Карабасов горновойдың қан­­дай қиын мамандық екенін екінің бірі біле бермейтінін айта келіп, домна пешінде гор­новой болу үшін басты екі қасиет болу керектігін айтады: «Біріншісі, қайнап жанып жатқан отпен арпа­лысу үшін қайсар мінез керек. Қорықпай­тын ержүрек болу керек. Екінші, мықты денсаулық болуы керек. 45 градустық ыстық цехта бірнеше са­ғат бойы тер төкпек түгіл, шамалы ыссы далада басы ауырып, көзі қарауытатындар қаншама?!

Міне, Назарбаев осындай батыр! Ол оттың ішінде жүріп шыңдалды. Мәскеуде отырып, кейде ойлаймын: Қазақстан хал­қы­ның бағы бар екен деп, Неге? Өйт­кені металлург тұңғыш Президент болды!. …Елестетіп көріңізші, алыпсатар, не сау­да­гер, болмаса басқа бір болмашы мамандық иесі таққа отырғанда не болар еді? Нұрсұл­тан Назарбаев сияқты «жоқтан бар» жасай алар ма еді? … Қазақстанның жолы болды. Назарбаев халыққа бақ болып қонды. Н.Назарбаев Қазақстан Магни­т­ка­сы­ жайлы сөз болғанда «Егерде менің өмірімде Магнитка мен Темір­тау болмағанда, мен ешқашанда Прези­дент болмаған болар ем» дейді.

Бағалау критерийі: Білім алушы

Мәтіндегі мәліметтерді анықтайды;

Мәтін идеясын табады;

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;

Мәтін бойынша жоспар құрады.


ІІІ топ тапсырмасы

Қазақстан Магниткасы металлургия саласында ұлттық жұмысшы кадрлары мен мамандарының қалыптасуына ықпал етті. Жетістіктермен шектелмей, жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылыс жас Нұрсұлтанның бойынан сол жылдары-ақ көрініс берді.

Н.Ә.Назарбаев өзін білікті әрі болашағы зор металлургтардың бірі ретінде көрсете білді. 1962 жылғы 15 шілдедегі «Казакстанская правда» газеті: «Қазақстандық Магнитканың көрікшілері Нұрсұлтан Назарбаев пен Қабидолла Сәркенов сынды тамаша адамдар Теміртауда санап аларлық!»-деп жазды.

Еңбекпен пісіп-жетілу болашақ көшбасшының адамгершілік мінезін қалыптастарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істеген бригаданың құрамынды татар, орыс, украин сынды ұлт өкілдері болды. «Адамның қадір-қасиеті ұлтына қарай емес, металмен жұмыс жасау барысында шыңдалған басқа сапаларымен анықталады»,-деп еске алады Н.Ә.Назарбаев Көпұлттық ұжымда оқып, жұмыс істеу тәжірибесі болашақ саясаткердің бойында адамды еңбегі мен қабілетіне қарап бағалайтын қасиет қалыптастырды. Еңбексүйгіштік, ақылдылық, зиялылық Нұрсұлтан Назарбаевты биікке жетелеп, өзіндік жетілудің шыңына шығарды. Жастық жалын өмірлік тәжірибемен толысты.

Бағалау критерийі: Білім алушы

Мәтіндегі мәліметтерді анықтайды;

Мәтін идеясын табады;

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды;

Мәтін бойынша жоспар құрады.



  • Кейіпкерге хат /оқушылар бас кейіпкерге хат жазып, өз қалауымен оқиды/


Топтық бағалау. «Үш мадақтау, бір әрекет» әдіс (оқушылар басқа топтарды тамаша, керемет, жарайсын, қол шапалақ арқылы бағалайды)


  • «Сөздер банкісі» /келтірілген мысалдарды дұрыс орналастыр/

Жұптық бағалау /+ дұрыс, - бұрыс/



дәптермен жұмыс







таратпа мәтіндер



























































дәптермен жұмыс





интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

5 мин








«Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі арқылы оқушылар рефлексия жасайды.


Білемін

Білдім

Білгім келеді










ватман

стикер









Саралау – Оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Қабілетті жоғары оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?


Бағалау – оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасынның

сақталуы



/Эссе жазу тапсырылады.

Сиясы кеппеген өлең./



Сабақ барысында жекелеме, жұптық және топтық жұмыстар мұғалімнің, оқушылардың бір-біріне дискрипторға негізделген кері байланысы арқылы жүргізіледі. Сабак барысында «Бас бармақ», «Үш мадақтау, бір әрекет» әдістері және ынталандыру «Жарайсың!», «Өте тамаша!» сөздері қолданылады.

Сыныптағы қолайлы ахуалды сақтау үшін топтық, жұптық жұмыстар жүргізіледі, бейнефильм көрсетіледі.

«Топтастыру», «FILA» «Кейіпкерге хат», «Сөздер банкісі» әдістері қолданылады.



Рефлексия /сабақ туралы өз пікіріңіз/

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?




Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі аспекті (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.























«КӨШБАСШЫ» таңдау пәнінен «Шахтерлер өлкесіндегі магнитка басшысы» тақырыбында 6 «Д» сыныбында өткен ашық сабақ суреттері





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі