Шай демдеу өнері сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Шай демдеу өнері сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шара көркем еңбек пәні бойынша 5 сыныптың қыз балаларына сыныптан тыс шара ретінде жоспарланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шай демедеу өнері» сынытан тыс шара


Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Сымбаты бойға жарсар, өнерлі өрен біздерміз» атты эстетикалық пәндер бірлестігінің әдістемелік апталығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі шараны бастамас бұрын көрермендерге жасырар жұмбағым бар:

Бір жансыздың қаны бар,
Тіл үйірген дәмі бар,
Шөлдесең іш, қанып ал. (
Шай)

 

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
(Құман мен шай)


Яғни, бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Шай демдеу өнері» деп аталады.

Ендеше, бүгінгі шарамыздың қатысушыларын қарсы алыңыздар:

5 «а» сыныбынан «Шайкұмарлар» тобы: Айнұр, Нұрлы, Нұрсезім

5 «б» сыныбынан «Чайкомандар» тобы: Айнагүл, Жанбота, Еркемай


Құрбы-құрдас әзіл сөзбен сайысып,

Құдашаңыз қонақ күтер майысып.

Ойын-тойдан бір кем емес отауда

Отырсаңыз қызыл күрең шай ішіп.


Көрші ауылдан досың келсе салдыртып,

Керегіңнің бәрін түгел алдыртып,

Шай ішілсе, тасқұманды өзгертіп,

Самаурынды қайта-қайта жаңғыртып.


Бірі болса жексенбі мен сенбінің,

Бірден сезсең үй иесінің кеңдігін.

—        Тесілуден аманбысың, әйтеуір!

—        Түйе болып кетпегейсің сен бүгін!


Шынында да, көп ішесіз бұл күні.

Шат күлкі де, шай құю да үлгілі.

Маңдай терді сүртіп-сүртіп аласыз,

Мойныңызға асып қойып сүлгіні.


Ақ дастарқан — Ақ ниетің, Ырысың.

Ақ көңілмен айтасың сен дұрысын. 

Қаймақ қатқан күрең шайдан жазылар

Қайдағы бір құрысың мен тырысың.


Сөз болады халық қамы, ел қамы,

Сөз болады ойын-тойлар алдағы.

Құрбы-құрдас, қылықты қыз қақында —

Содан соңғы әңгіменің қалғаны.


Ерлік жайлы айтылған сөз әлгіде

Есіңізде қалады енді мәңгіге.

Шайдың көркі — қаймақ емес, Шынында,

Шайдың көркі — қызғылықты әңгіме.


Қатар-құрбы әзілменен сайысып,

Құдашаңыз қонақ күтер майысып.

Шайдың көркі — … Сенбегендер байқасын

Бір тіл қатпай Үнсіз-түнсіз шай ішіп!


Бұл - Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл шай және қызық әңгіме» деген өлеңі болатын. Бұйыртса шара соңында осы арада терлеп-тепшіп әңгіме-дүкен құрып, шәй ішіп отырамыз деген ойдамыз.


Бұгінгі шараның жоспарына тоқталып өтейік:

  1. Көркем еңбек пәнінен өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Шай туралы таныстырымды тамашалау

  3. Ребус шешу

  4. Жаңылтпаш айтып жарысу

  5. Шаймен тәжірибе жасау

  6. Сармандық жұмыс – шай демдеу

  7. Ең соңында әңгіме айтып шай ішу.


Алғашқы кезекті «Сұрақ –жауап» бөліміне береміз. Қыздар барынша дұрыс, барынша көп жауап беріп, алдыңғы сабақта алған білімдерін дәлелдейді.

(сұрақ-жауап)

Бүгінгі шараның теориялық бөлімімен көркем еңбек пәні мұғалімі Ақтолқын Ғаббасқызы таныстырады.

(Презентация)

Орыстың көрнекті жазушысы Лев Толстой “Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады” – деп шайды мадақтаған екен. Адам бойындағы мүмкіндіктерді оятатын шай туралы кезекті қызықты ойындарға береміз. Қыздар ребустар шешіп, шай туралы жаңылтпаш айтып жарысатын болады.

Ребус:

  1. Құманы сәнді болса, шайы да дәмді болар

  2. Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.
     

Жаңылтпаштар:

  • Омар көп шай ішіп жүр, Құмар шөп шай ішіп жүр. Ал Шынар бұл маңда жоқ шай ішіп жүр.

  • Шәугімдегі шай қайнады ма? «Шай қайнады!»– деп, шешем айғайлады ма?

Біздің ғаламшарымыздың тұрғындары шайды өте жақсы көреді. Шай тек сусын емес, оның мәдени және әлеуметтік маңызы бар. Шайға шақыру – қонақжайлықтың белгісі. Осыған байланысты әлем бойынша қай ел шайды көп тұтынады деген сұрақ туындайды. Рейтинг бойынша Қазақстан 10-шы орында, Ұлыбритания 5-ші орында, 3-ші орынды Ирландия иеленсе, 2-ші орында өзінің шайымен танымал Марокко елі де , ал 1-ші орынға Түркия елін жатқызады. Сондықтан да Түрік сериалдарының қай-қайсысында да шыны сақанмен шай ішіп отырғандарға әбден көзіміз үйреніп алған.

Осы көпке ұнаған шайды қалай демдеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Шаймен тәжірибе жасау үшін ортаға шай қайнату ғылымының докторы Ақсұлуды шақырамыз.

(Тәжірибе)



Дана халқымыз «Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды» деп, шайдың орнын ерекше бағаласа, Ғабит Мүсірепов атамыз “Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады” – деген қанатты сөз қалдырыпты. Осыған қарап ата-бабамыздың қыз тәрбиесі мен шайға деген ерекше көңілін көреміз. Бүгінгі сайыскерлеріміз шай демдеуге қаншалықты шебер екенін байқау үшін келесі кезек сарамандық жұмысқа беріледі. Қыздар шай демдеу технологиялық картасымен танысып, өздеріне жұмысқа қажетті құралдары мен тағам түрлерін таңдап алып, шай демдейтін болады.

(Сарамандық жұмыс, фон «Бір шәугім шәй» әні)



Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар.  Шәй – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, күткенде уақытты азайтатын пайдалы құрал да болып саналады. Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шәй ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шәй ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады.

Әрбір қыз бала үй жағдайында шәй ұсынудың қыр-сырын жақсы білуі керек. Ол үшін ең бастысы: таза әрі бүтін ыдыс, қыртысы жазылған дастархан, қант, лимон, сүт немесе қаймақ, тәтті бәліштер мен жылы шырай керек. Сіздің үйіңізде аталғандардың барлығы болса, кез-келгенге «Шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен» деп қолқа салуыңызға болады. Ендеше, сіздерді де бүгінгі қыздар ұсынған шайға шақырамыз.

(Қорытынды –шай ішу)

Құрастырған: Аралбаева Актолкин Габбасовна - көркем еңбек пәні мұғалімі

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ

Сарыөмір аулы

Теректі ауданы

Батыс Қазақстан облысы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
34
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі