400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сайлау

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мен сайлауға қатысамын

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдасытру кезеңі

2.Жаңа материалды меңгерту

Кезеңнің формасы: топтық, жұптық

Уақыт: 20-25 минут

Тапсырма: «Мен сайлауға қатысамын» мәтінін мазмұндау

Тәсіл: «Шпоры», «Сұрақ-жауап, жауап-сұрақ».

Мақсаты: «Шпоры», «Сұрақ-жауап, жауап-сұрақ» тәсіл арқылы айтылым дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгіру

  1. Ассоциация құру

«Сайлау» тақырыбы бойынша қандай ассоциативті сөздер жаза аласыңдар?

*Ассоциацияға сүйеніп, сөз тіркес құру.

(құрылған сөз тіркестерді бөлек парақшаға жазып, екі бөліп, бір бөлігін бір оқушыға, екінші бөлігін басқа оқушыға беріледі.

Әр оқушы өз сынарын тауып, жұпқа бөлінеді).

  1. «Шпоры» тәсілі (жұппен жұмыс).

  • Мұғалім әр жұпқа мәтінді береді.

  • Жұп оқып, сұрақ қояды.

  • Сұрақтарға басқа жұп жауап береді.

  • Сұрақтарға сүйене отыра, «шпор» даярлайды.

  • Дайын «шпорларын» келесі жұпқа береді.

  • Алған «шпорларды» қолданып, сынып алдында мазмұндау.





Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесінің қалыптасуы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық Референдумда ҚР - ның Конституциясы (9 бөлім 98 бап) мен 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Сайлау туралы» Заңынан (2 бөлімнен, 15 тараудан, 133 баптан) тұрады. Әрбір сайлаушы тек қана өзі дауыс береді: дауыс беру құқығын басқа адамға беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге тыйым салынады. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері негізінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі бойынша беріледі. Сайлаушы тізімге бюллетеньдерді алғандығы туралы қол кояды. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сагат он екіден кешіктірмей беретін жазбаша өтініші бойынша, осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруін ұйымдастыруы тиіс.

Сайлаушылар тізімі алфавит бойынша немесе басқа тәртіппен жасалады. Тізімде сайлаушылардың тегі, аты, әкесінің аты, туылған жері (18 жаста болса, айы, жылы және мекен - жайы) көрсетіледі.
Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін халық санын тіркеуші органдардың берген мәліметін пайдалана отырып әкімшілік дайындайды. Сайлау комиссиясы дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын баска уақыт белгілеуге хакылы, бірақ бұл таңертеңгі алтыдан ерте, сағат жиырмадан кеш болмауы керек. Дауыс беру арнайы бөлінген үй-жайларда, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған, сайлау бюллетеньдерін беретін орындары белгіленген, дауыс беруге арналған жәшіктердің қойылуы, дауыс беретін адамдар оларға жасырын дауыс беретін кабиналар арқылы өтіп кететіндей болуы тиіс.

  1. «Сұрақ-жауап, жауап-сұрақ» топтық жұмысы.

  • Топқа бөлу ( оқушылар№1,№2 сайлау учаскісі бойынша бөлінеді).

  • 1 топ -№2 топқа сұрақ қояды, содан кейін №2 топ №1 топқа сұрақ қояды.

Шарттты:

  • Сұрақ мәтіннің мазмұны бойынша рет-ретімен келуге тиіс,

  • Сұраққа толық жауап беру керек,

  • Жауапты топ мүшелері толықтыра алады.

4.Кері байланыс

Маған ... ұнады.

Мен ... істей алдым.

Мен ... істей алмадым, өйткені ... назар аудармадым.

Жұпқа берілетін сөйлемдер:

*Әрбір сайлаушы тек қана өзі дауыс береді: дауыс беру құқығын басқа адамға беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге тыйым салынады. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері негізінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі бойынша беріледі

*Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сагат он екіден кешіктірмей беретін жазбаша өтініші бойынша, осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруін ұйымдастыруы тиіс.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі