400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Саймасай шығармашылық орталығы: шабыт пен мүмкіндік мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім – бұл баланың міндетті оқу бағдарламасынан тыс, еркін ізденуге мүмкіндік беретін кеңістік. Ол балаға өзіне жеңіл, түсінікті және қызықты бағыттағы білімді таңдау мүмкіндігін береді. Осы арқылы ол табиғи дарыны мен қызығушылығына қарай бағыт алып, өзі қалаған салада пайдалы дағдылар мен білімді игере алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Саймасай шығармашылық орталығы: шабыт пен мүмкіндік мекені»


Балаларға қосымша білім беру – олардың кәсіби бағытын анықтап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды жүйе. Бұл бағыт баланың тұлғалық және шығармашылық дамуына зор ықпал етеді.

Саймасай ауылдық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы 2023 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта орталықта төрт бағыт бойынша 29 үйірме тұрақты қызмет атқарады: әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-техникалық, эстетикалық-шығармашылық және спорттық.

Үйірме жетекшілері – жоғары білімді, білікті, тәжірибелі кәсіби мамандар. Біздің орталықта түрлі саланың өкілдері еңбек етеді, ұжым арасындағы ауызбіршілік пен ұйымшылдық жоғары деңгейде. Бұл – өткізілген көрмелер, аудандық және қалалық семинарлар кезіндегі белсенділік пен жауапкершіліктен анық байқалады.

Қосымша білім беру педагогтері балалардың қабілеті мен дарынын ашып, эстетикалық, көркемдік, ғылыми және музыкалық бағыттарда дамытуға зор үлес қосады. Олар дарынды ұл-қыздардың шығармашылығын шыңдап, өз жолын табуына мүмкіндік жасайды.

Орталықтағы " Қазақ тілін сөйлеп үйрету"атты тіл үйірмесі балалардың еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сөздік қорын байытуға, мазмұндау қабілетін дамытуға және сауатты жазуға үйретеді.

Үйірмеге 28 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі әрі білікті маман жетекшілік етеді. Мұнда басқа ұлт өкілдеріне — қазақ тілін сөйлеп үйрету. Ал қазақ тілді балаларға — ана тілін тереңдетіп оқыту, мақал -мәтел ,жаңылтпаш жаттау сияқты ауыз әдебиетінің тілдік үлгілерін қолдана отырып, жан-жақты дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Не үшін қосымша білім алу керек?


Қосымша білім – бұл баланың міндетті оқу бағдарламасынан тыс, еркін ізденуге мүмкіндік беретін кеңістік. Ол балаға өзіне жеңіл, түсінікті және қызықты бағыттағы білімді таңдау мүмкіндігін береді. Осы арқылы ол табиғи дарыны мен қызығушылығына қарай бағыт алып, өзі қалаған салада пайдалы дағдылар мен білімді игере алады.




Тіл маманы

Камшат Жанарбек


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.10.2025
32
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі