жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шайтанкөл 5 сынып
23.04.2018 жыл. |
|
Тақырыбы: |
Шайтанкөл — ғажайып құбылыс |
Сілтемесі: |
Күнтізбелік жоспар, 5 сынып. |
Жалпы мақсаттары: |
Бұл тақырып балалардың тілдерін дамытып сұрақ-жауап пен диалог құруға, сонымен қатар өз ойларын айта білуге, өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды үйрену, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге, рефлексия жасап үйренуге баулу. Өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. |
Оқудың нәтижесі: |
*сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрену, *өз ойларын жеткізе білу, *өзін және өзгені бағалау, *топпен, жұппен жұмыс жасау. |
Өзектілігі |
1. Туған жерін құрметтеуге, бағалауға шақыру, 2. Қоршаған ортаны қорғауға, экологиясын сақтауға шақыру, 3. Жұмыс бірлігі, |
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ - жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, Синквейн стратегиясы, ЖИКСО стратегиясы, аквариум әдісі, жобалау әдісі. |
1 Қызығушылықтарын ояту
2.Мағынаны ажырату.
3 Ой толғаныс кезеңі
4 Қорыту |
Кіріспе Мұғалімнің алғы сөзі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар! Балалар түгелдей тақтаға қарайықшы! Слайд.1 Мына слайдта не көріп отырсыңдар «Иә » Балалардың жауабы «ия » сөзі Осы Ия сөзі туралы тағы не айта аласыңдар? Ол не деп ойлайсыңдар? Балалардың жауабы: Ол ... Слайд 2 Онда өте әдемі Слайд 3 Онда өзен де,тау да бар. Слайд 4 Дұрыс, ол - қала. Балалар сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай екен? Балалардың жауабы: көл туралы Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбына қандай мақсат қоюға болады екен? Балалардың жауабы: Қазақша сөйлесеміз, жаңа сөздермен танысамыз, бір бірімізді бағалаймыз, сұрақтар құрастырамыз, өз ойымызды айтамыз. Мұғалімнің сөзі: Ал қазір топқа бөлінеміз. (осы қиықтардан құттықтау хат құрастырып, балалар топқа бөлінеді. Белгілі топ құрылып болған соң тапсырма беріледі: суретте не бейнеленген, қысқаша айтып беру) Бағалау парағын тарату. - жауаптарды тек қазақша айтса (суретпен жұмыс, сұрақ – жауап, әңгімелеу) - 5 ұпай; - «жуан» сұрақтар қойса - 5 ұпай; - мәтіннен негізгісін табу -5 ұпай; - топтық жұмысқа белсенді қатысса- 5 ұпай; -жауаптарды толық қазақша айтпаса -4 ұпай;
15-20 ұпай - «5» 10-15 ұпай - «4» 5-9 ұпай - «3». Тақырыпқа көшпес бұрын жаңа сөздермен танысайық. Слайд - сөздік жұмысы Жаңа сөздермен жұмыс. 1 Оқу, аудару, 2 сөз тіркесі, сөйлем құрау. ЖИКСО стратегиясы Мәтін үш бөлікке бөлінеді. Әрбір оқушыға мәтіннің бөлігі беріледі. Мысалы 1Бөлігі- 1 топқа, 2 бөлігі- 2 топқа, 3 бөлігі- 3 топқа беріледі. Әрбір топ алдымен өзі оқып, содан соң жұппен ақылдасып, аударып, топпен жұмыс істейді, негізгісін қағазға түсіреді. Мәтінді талқылап, бір ойға келген соң, әр топтан бір спикер басқа топтарға барып, өз бөлігін түсіндіреді. Аквариум стратегиясы бір бала шығып өз ұққанын бүкіл балаларға айтып жеткізеді, бірақ алдымен 3 топ көздерін жұмып саусағымен кез келген топқа көрсетеді, қай топқа саусақ көп нұсқалса, сол топ бірінші шығып айтады. Мұғалімнің сөзі. Блум түймедағы бойынша сұрақтар құрастырып көрейік. (Жай сұрақ, практикалық сұрақ, түсіндірмелі сұрақ, бағалау сұрағы, нақтылау сұрағы, шығармашылық сұрақ ) Бағалау парағы бойынша әр топ бір - біріне баға қояды. Рефлексия Синквейн - Шайтанкөл.
|
Үй жұмысы |
«Шайтанкөл» туралы қосымша мәлімет табу.
|
Өтілген сабаққа берілген рефлексивті есеп.
Мен 7 модуль тәсілдерін пайдаланып «Шайтанкөл - ғажайып құбылыс» атты сабағымды өттім. Сабағымда оқытудағы түрлі жаңа тәсілдерді пайдаландым. Сабағымды сыни ойлау, диалог әдісі арқылы өткіздім. Ондағы мақсатым оқушылар сыни ойлауларын, бір-бірлерімен қарым-қатынас жасауларын дамыту, дұрыс сұрақтар құрастыра білуге, сөздік қорларын дамыту Ең алдымен тақтаға арнайы дайындалған «Топтық ереже» , «Бағалау критерилері», «Топты бағалауға арналған тізімге құрылған кесте», Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтар жазылған плакаттар ілініп қойылды. Сабақта ережені сақтау керек екені ексертілді. Үй жұмысын сұрауды топтық жұмыс ретінде жүзеге асырдым. Бұл ретте мен диалогтік оқыту тәсілін, және Выготскийдің сындарлы теориясын пайдаландым. Және көбіне дұрыс-дұрыс еместігін өздері тауып өздері бағалап отырды. Арасында өз пікірімді де білдіріп ойларына ой қосып отырды.
Жаңа сабақты бастауда АКТ-ні пайдаландым.
ЖИКСО стратегиясын қолдандым. Қытай ойшылы – Кофуцийдің «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істеші мен түсінемін» деген нақылын негізге алып сол бойынша жеке-жеке оқушыларға жаңа сабаққа мәліметтер жинап слайдтар жасап келуге арнайы тапсырмалар берген болатынмын. Сыни тұрғыдан ойлау, сынау емес, ол адам ойын ұшқырлатып, бала бойына білімді жаңаша меңгертетін әдіс-тәсіл. (Нұсқаулық)
Мен өзім де жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын топта бағалауды өзін-өзі және өзара бағалау түрлерімен қоса формативті бағалау түрін де қолдандым.
Сабақ соңында оқушылар бұл сабақтан не білгендері жөнінде және не білгісі келетіндері жөнінде жауап жазған стикерлерін қабырғадағы Рефлекция плакатына іліп отырды. Бұл тәсіл арқылы мен оқушылардың бүгінгі сабақты қалай түсінгені жайлы және алдағы уақытта не білгісі келетіні жайлы біліп келесі сабағымды сол бойынша жоспарлауды көздедім.
Сабақ соңында оқушылар «Не білдім? Не білгім келеді?» деген сұрақтар жазылған плакатқа стикерлерге өз ойларын жазып ілу тапсырылған.
Бұл сабақты «Кембридж» тәсілдерімен өту барысында бұрынғы өткен сабақтардағы кемшіліктерді анықтаумен қатар көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген