400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайы сабақ "Ана тілім-айбыным"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:12.09.2012ж

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім айбыным.

Сабақтың мақсаты: Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары

екенін, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері

екендігін тереңірек түсінеді.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

  • көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді;

  • ой-түйіндерінің қорытындысын айта алады;

  • сабақта алған білімдерін қолдана алады;

- ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады;

- ақпарат мүмкіндігін еркін қолдана алуға үйренеді.

.

Сабақтың түрі:Сынып сағаты

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.

Көрнекілігі: мультимедиа кабинетінің мүмкіншілігі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру


Жұмыс істеу маршрутымен таныстыру

Гипермәтін

(DrawObject1 DrawObject2 теория)


Модуль Сөздіктер

Микромодуль Глосарий

DrawObject3

DrawObject4 Тест Бейнекөрініс

DrawObject5 DrawObject6

Тапсырма


Интерактивтік тақтадан өлең жолдарын оқыту


Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,

Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,

Сенімен мейірімді ананы ұқтым,

Сенімен мейірімді даламды ұқтым.


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»

«Қазақстан Республикасының

Тіл туралы Заңы» 1997 ж .11 шілде


І. Қызығушылықты ояту.

О й қ о з ғ а у.

/ Ұлттық тіл оқушылар өздерінің білетін сөз, сөз тіркестерін дәптерге

түсіру. /

Тапсырма: Сөз және сөз тіркестерін жазыңыз?



DrawObject12 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject11 DrawObject8 DrawObject7 Сұрақ: Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?


Дәптерге жауап : (2-3 сөйлем)


«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.»

Н.Ә.Назарбаев


Интерактивтік тақтадан өлең жолдары көрсетіліп тұрады.

(оқушылар мұғалімнің нұсқауымен монорежимге көшеді.Мұғалімді наушник арқылы тыңдайды. Мұғалім өлең жолдарын радиомикрофонмен оқиды. )

Ана тілім – абырой, ар-намысым,

Тілім болса болады қолда күшім.

Тіл болмаса қалайша орындалар,

Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.


Халықтығым – біртұтас алыптығым,

Ана тілім – алдағы жарық күнім.

Төбем көкке жеткендей қуанамын,

Тілімнің құдіретін танып бүгін.


О, менің қасиетті Ана тілім,

Жебей гөр астына алып қанатыңның

Қазақ деген бойымда қаным барда,

Өзіңсің көтеретін дара туым.

(күні бойы айтылып жатқан ой-түйін толықтырылады)

Мұғалім: Ендеше, тіліміздің өшуіне де, өсуіне де себепкер біз, яғни осы отырған қазақ деген халықпыз.





Мен кіммін?


Арыстанмын , айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?

М.Жұмабаев


Мен – қазақ.


Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

С.Торайғыров



Мен – қазақпын


Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ж.Молдағалиев


Мұғалім: Ұлы тұлғалар, қазақтың біртуар азаматтары қазақ екендіктерін осылай жырға қосқан.

(кестені толтыруға ұсыну)

IPBOARD- интерактивті тақтамен жұмыс


Автор

Мен кім?

Әңгіме - сыр

Мағжан кім?





Сұлтанмахмұт кім?


Жұбан кім?

ұлт патриоты,ұланы





ұлтжанды, жанашыр







Мұғалім: Біз «қазақ» деген елміз – ешкімге намысымызды таптатпаған елміз. Тілімізді қорламай, сақтай білген елміз,- деп Қазыбек бидің сөзін жалғастырғым келіп отыр. Ендеше, біз «қазақ» деген атпен мақтана аламыз.

Қадыр Мырзалиев «Қазақ осы».

(Әнді слайд-шоу арқылы бас компьютерден дыбыс тыңдату)


Б і з к і м б і з ?

DrawObject15 DrawObject13 DrawObject14 DrawObject16

DrawObject17



Сауаттылық хаты

(LinquaMaxx программасына көшеміз)

Біз – еліміздің ертеңіміз

( компьютердің хат жазу мүмкіншілігін пайдалана отырып хат жазу )

(Орындап болғандары мұғаліммен байланысқа шығады. Мұғалімнің наушниктегі микрофоны қосылады.)

Қосымша тапсырма: Гипертест (Жауабы бірден беріліп отырады.)

Қорытынды

Тәуелсіздік тартулары

Ана тілде ата – баба сыры бар

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар.

Оразақын Асқар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қазан
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі