400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс "Ән жұмбақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс уақытта өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ән жұмбақ» музыкалық сайысы

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту,ұлттық аспаптарымызды дәріптеу, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұламалар айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.          


Жүргізуші: 1-4 сыныптар арасында ортамызда міне Домбырашылар тобы және сыбызғышылар тобы сайысқа түспек.Алдымен құрметті сайыскерлер сәлемдесіп алайық.

Жүргізуші: Жақсы. Балалар, көңіл күйіміз қалай? Өте жақсы. Олай болса осы тамаша көңіл күймен сайысымызды бастайық. Сіздерге сәттілік тілеймін.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық. 5 балдық жүйемен бағалаймыз.

Жүргізуші: Рахмет, олай болса мен сіздерді сайыстың шартымен таныстырып өтейін.

Сайыс  7 турдан тұрады.

  • 1.тур: «Жүрекке жылы әуендер» (Әуенді тап). Қай топ әннің атын тез әрі қатесіз табады. Жылдамдықтары ескеріледі.

(әр топ 3 әннен табу керек).

Әділ қазылар бағасы


2.тур: 1000 бір мақал, 101 жұмбақ (сөздің көркі мақал).

Әр топқа 4 мақалдан қалып қойған сөзін айтады және 3 жұмбақ жасырамын шешуін табамыз.

  1. Өнер – ағып жатқан бұлақ

Білім жанып тұрған шырақ.

  1. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

  2. Тойдың сәні ән болар, ән бар жерде би болар.

  3. Өнерлінің қолы алтын,

         Өлеңшінің сөзі алтын.

5.Өнерлі бала сүйкімді.

  1. Өнерлі жігіт өрде озар,

  2. Өнерсіз жігіт жер соғар.

  1. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

  2. Өнер алды қызыл тіл.

10.Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол

11.Су анасы - бұлақ,
Сөз - анасы - құлақ
.

12.«Ақыл -көпке жеткізер,
Білім- көкке жеткізер».

Жұмбақтарға дұрыс әрі тез жауап беру. (әр топқа 3жұмбақтан жасырылады).

                   Жұмбақ жасыру

  1. Әрқашанда аялап,

Қастерлейді бар елім.

Әбден таныс құлаққа

Менің қоңыр әуенім.          (Домбыра).   

  1. Тілі бар түймелі,

Кеңірдегі кернеген.

Ән менен күй кені.             (Шаңқобыз)

  1. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл аспап қай аспап?        (Жетіген)


  1. Бас, құлақ, мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар әні бар.     (Қобыз).

  1. Сазымнан жасалған,

Өрнектеп қашалған.

Сырнайдың үніндей,

Бұлбұлдың біріндей.         (Сазсырнай).

  1. Кесіп алған қыраттан,

Қурайшының үні ізгі,

Сазы кетпес құлақтан,

Қандай аспап?                  (Сыбызғы).  

Әділ қазылар бағасы


3тур: «Кім жаңылыспайды?» (Аспаптардың дауысын тап) Қай топ аспаптың даусын тез әрі қатесіз табады. (шертер, шаңқобыз, даңғыра, сазсырнай, мүйізсырнай, жетіген, қобыз, домбыра, сыбызғы, қоңырау,асатаяқ, дауылпаз).


Әділ қазылар бағасы

    4.тур: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Кім көп ұпай жинайды?.

  • (әр топқа 5 сұрақтан қойылады).

  • «ДОМБЫРАШЫЛАР» ТОБЫНА:

1.Күй атасы кім, қандай күйлерін білесің? (Құрманғазы Сағырбайұлының)Күйлері: «Балбырауын», «Серпер», «Сарыарқа», «Адай»,»Түрмеден қашқан», «Көбік шашқан, «Аман бол шешем, аман бол», «Алатау»).

2. «Қазақ вальсі» атты ән шығарған композитор кім? 3 сынып (Латиф Хамиди сөзі С.Мұқанов )

-Май туса,гүлдер шешек атса жазда,

Тоғайда бұлбұл, көлде аққу қаз да

Сайрасақ,біз жастар да нақ солардай

Бақытқа бөленеміз,суық назға.

3. «Ырғақ» сөзінің орысша аудармасы (ритм ( 2 сынып)

4. Ән мәтіні неден тұрады? (шумақ пен қайырмадан)1 сынып

5. Хан баласының қазасын жеткізген кім және ол күй қалай аталады? (Күйші, орындаушы, халық күйі «Ақсақ құлан»).

6.«Күй анасы» кім? (Дина Нұрпейісова).

«СЫБЫЗҒЫШЫЛАР» ТОБЫНА:

1. Опера жанрының негізгі түрлері ата? (драмалық опера, комедиялық опера) 4 сыныпта

2.«ҚҰРАЛАЙ» кімнің әні? 4 сынып (халық әні)

1.Айналайын қарағым ,хал жақсы ма,

Сала берме көзіңді әр жақсыға.

Қ-СЫ: ҚҰРАЛАЙ әркім бір сізге құмар-ай

Қайткенде көңілім,о-оу,тынар –ай

3.Ақан серінің шын аты-Ақжігіт. «Ақан сері» деп кім атап кеткен?

3 сынып(Халық)

4. «Пинг-понг» деп аталатын үстел ұстіндегі теннис ойыны бар. «ПИНГ»қандай дыбыс?, «ПОНГ» қандай дыбыс? --- (2 сынып («ПИНГ»ракеткамен допты соққан кезде шығатын дыбыс, «ПОНГ» доп ойын үстеліне тигенде шығатын дыбыс)

5. Музыка әртүрлі нені білдіреді? (көңіл- күйді) 1 сынып

6. Нота дегеніміз не? (Музыкалық таңба)

Әділ қазылар бағасы

  

КӨРЕРМЕНМЕН ОЙЫН: «Тез жауап бер?»(сұрақ)

5 тур: «Қандай аспап екенін тап?» (СЛАЙД)


Әділ қазылар бағасы


6 тур:  «Ойнайық та ойлайық».

  1. «Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны.

Шарты: оқушылар әріптерді ретімен қою арқылы күйдің атын табады. («Ақсақ құлан», «Балбырауын»; «Нар идірген»).

Домбырашылар тобына:   Қ С Қ А А    Ұ Н А Қ Л

Сыбызғышылар тобына:   Р Н А    Г И Н Е І Д Р

Әділ қазылар бағасы



7 тур: «Кім көп біледі» Топ басшылар сайысы

Жүргізуші: Менің қолымда 2 түрлі ән жазылған қағаз бар. Қазір осы өздеріңе түскен әнді орындап бересіңдер.

Әділ қазылар бағасы



  ЖҮРГІЗУШІ: Сайысымыз өз мәресіне жетті.

Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.

  Сайыскерлер марапатталады.    

  Жүргізуші: Жинаған өн бойына білім кенін,

                       Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

                        Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,

                        Жарайсың, айналайын сайыскерім! – дей келе, сайыскерлерге рахмет айта отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.Оқушылардың орындауында  «Аудасити» бағдарламасымен «Сырда туған баламын» әнін тыңдаңыздар. Көңіл бөліп  тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!



КӨРЕРМЕНГЕ СҰРАҚ:

  1. Сал, серілерді ата? (Біржан сал Қожағұлұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Ақан сері Қорамсаұлы).

  2. Күләш Байсейітова кім? (әнші, орындаушы, қазақтың «бұлбұлы», Кеңес Одағының халық әртісі).

  3. «Астана» әнінің композиторы? (Бағдат Әлімжан).

  4. «Айгөлек» әнінің композиторы? (Бақытжан Байқадамов)

  5. Халық әні деп не себепті аталған? (себебі композиторы жоқ, ұмытылып кеткен)

  6. Музыка тілінің кілті? (Скрипка кілті)

  7. Қобыз аспабын ойлап тапқан кім? (Қорқыт ата Қарақожаұлы).

  8. «Гәкку» әнін кім жазды және кімге арналған? Алғаш орындаған әнші кім? (Ыбырай Сандыбайұлы, қызға арналған, алғаш орындаған әнші Күләш Байсейітова).

  9. «Қараторғай» әнін жазған композитор? (Ақан сері Қорамсаұлы).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
2042
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі