Материалдар / Сайыс. Анаға қарап - қыз өсер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс. Анаға қарап - қыз өсер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2019
1512
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Анаға қарап - қыз өсер!

Мақсаты. Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Аналардың өмірдегі орнын танытып, оның еңбегін ақтауға үйрету. Аналарды сыйлауға, ардақтап қадірлеуге, өнеге тұтыуға құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:Құрметті ата- аналар, мерекелік қонақтар! Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - АНА. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Шыр етіп өмірге келген сәттен бастап бар шуағы мен мейірімін тек біздерге арнап, жүрегінің әрбір дүрсілі тек біздер деп соғатын жан АНА екені даусыз.

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

«Гаухар» балабақшасында өткелі тұрған « Анаға қарап – қыз өсер » атты сайысымызға қатысатын аналарымызды. қыздарымызды ортаға шақырайық.

1 Құлпырған дала гүліндей,

Жүрсең әркез күлімдей.

Аман болсын анашың,

Айару қыз, арманына жет сүрінбей.

2. Сабырлы әрі салмақты,

Кәусар біздің ардақты

Қияға қиял менен қарыштайды.

Өнерін анасына бағыттайды.

3. Қазақтың қызы ғой ол елін сүйген,

Бойына әдептілік нәрін түйген.

Анасын әрқашанда сыйлап өтер,

Жанерке орындалсын басты арманың.

4. Анасын әркез сүйетін

Келесі біздің Гүлзия

Шырқап ән сап беретін.

Жүргізуші:

Әділ баға берсін деп,

Әділ қазы алқасын

Сайлап алсақ жөн болар.

  1. Күзенова Жансая– балабақша меңгерушісі.

  2. Қалиева Алтынгүл- ата – ана

  3. Саркулова Алтынгул – тәрбиші

Ендегі кезекші сайыс шарттарымен таныс болайық:

  1. «Сәлем сөздің анасы»Таныстыру

  2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнрлерін көрсетеді)

  3. «Мақал – сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын табады)

  4. «Ертегі айта білеміз бе?» (Аналары қыздарына ертегі атып береді)

Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар баршалықты,

Таныстырып өздерін ән салыпты.

Бүгінгі сайыстан бәйге алуға,

Сайыскерлер аянбай жан салыпты – деп кезекі таныстыруға берейік..

  1. Сайыскер анасы Бибінұр мен қызы Айару

  2. Сайыскер анасы Мөлдір мен қызы Кәусар

  3. Сайыскер анасы Ақтоты мен қызы Жанерке.

  4. Сайыскер анасы Мадина және қызы Гүлзия

Жүргізуші:

Өнерді көп білетін дана болар

Өнерлі өрге жүзер дара болар

Сайысқа қатысушы сайыскерлер,

Ортаға өнерлерін көрсетер – Келесі сайыс өз өнерін көрсету.

  1. Сайыскер анасы Бибінұр мен қызы Айару

  2. Сайыскер анасы Мөлдір мен қызы Кәусар

  3. Сайыскер анасы Ақтоты мен қызы Жанерке

  4. Сайыскер анасы Мадина және қызы Гүлзия

Жүргізуші:

Мақал сөздің мәйегі. Сайыскерлеріміз гүлдердегі мақалдарды жалғастырады.

1.Ананың сүті-бал..... (баланың тілі – бал)

2. Жақсы қыз - жағадағы құндыз....(Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз)

3. Анаңа ауыр сөз айтпа......(Атаңа ауыр жүк артпа!)

4. Шешесіне қарап қызын ал.....(Аяғына қарап асын іш)

5. Ағайын — алтау.......(Ана — біреу.)

6.Қыз өссе елдің көркі.....(Гүл өссе жердің көркі)

7.Ана алдында — құрмет,.....(Ата алдында — қызмет)

8.Ақылды қыз білімге жүгінер.....(Ақылсыз қыз сөзге ілігер.)

Жүргізуші:

Аналардың көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толы өмірі.

Шатыққа шаттық ұлассын- Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.

Әсел: Дүниеге әкелген, ол да сенсің анашым,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенсің анашым.

Тіл алмасам кешірген ол да сенсің анашым.

Мәпелеген баласын аман болшы анашым.

Қарақат:

Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

Гүлзия:

Мәпелейсің мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңа қысылмай.

Жанерке:

Ана деген бақыттың алтын күні,

Сен бірге бол анашым күні - түні,

Жақсы сөздің бәрінде саған айтам.

Құтты болсын мерекең жан анашым.

Айару:

Жақсылықтан таралған

Құшағы оның таң маған

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?

Жанбота:

Мейірімді сымбатты,

Қадірменді қымбатты

Ең жақсы жан балаға

Ол кім десең ол ана!

Нұрсәуле:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мерекең!

Інжу:

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы.

Анамыздан тарайд.

Кәусар:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Айзере:

Менің анам, гүл анам.

Шуағы мол нұр анам.

Ерназар.

Анашымды әрқашан

Сыйлап жақсы көреміз.

Жүргізуші:

Ерте , ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Ертегі айта білеміз бе?- ертегі айтады.

  1. Сайыскер ансы Бибінұр мен қызыАйару

  2. Сайыскер анасы Мөлдір мен қызы Кәусар

  3. Сайыскер анасы Ақтоты мен қызы Жанерке

  4. Сайыскер анасы Мадина және қызы Гүлзия

Сөзімді дұрыстайтын – әже,

Айғайлап ұрыспайтын – әже,

Қыдырса, ерте кететін – әже

«Алысқа кетпе сағынам » дейтін әже. Бүлдіршіндердің әжелеріне арнаған тақпақтары.

Айшабибі:

Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Дидар:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

Жүргізуші

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары дұрыс шықты?

«Анаға қарап -қыз өсер !» сайысында

Жеңіске жер дейміз нағыз мықты- сөз кезегі әділ қазыларда.

Ән: Ақ мамам

Той тойлап дала менен қалаларың

Мерекең құтты болсын, аналарым!

Өздеріңе арналған сыйлықтарың,

Сыйлауға келе жатыр балаларың

Аналарға арналған ашық хатты қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз.

Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Құрметті қонақтар, балалар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыыңызға Рақмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!