Сайыс. Әнші балапан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс. Әнші балапан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс. Әнші балапан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әнші балапан

Мақсаты: Өнерлі оқушыларды анықтау. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

-Құрметті көрермендер,ұстаздар,оқушылар .Бүгінгі өткізгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер .
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап,оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Әнші,сал,сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату,ерекше сезім иесі және терең білім шеберлікті қажет етеді.Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар бар ма?

Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
«Әнші балапан» байқауын бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.






1.Сахнада ән салып жүреді
Аружанды бәрі жақсы біледі
Қазіргі бізге тартуы
«Қошақаным» әнін айтып береді.

«Қошақаным » әнімен алғашқы қатысушымыз - сынып бүлдіршіні ---қарсы алыңыздар.


2.Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай

«Тек алға » әнімен сынып бүлдіршіні --- ортаға шақырамыз.

3.Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Қазақ» биін билейді томпаң қағып
--- сыныбының бишілері

«Қазақ » биімен ---- сыныбының бишілерін ортаға шақырамыз.

4. Қадірлі мектеп – бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз.

Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашанда ән саламыз.

Ортаға --- сынып оқушысы---- «Мектебім» әнімен шақырамыз.



5.Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар.

«Күз тамаша» әнімен сынып оқушысы --- ортаға шақырамыз.


6.Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаным өзің дауасың

Нөсерлетіп жаңбыр жауса себелеп

Жер ананы гүлдендіріп аласың
Келесі кезекте ән шырқайтын -- сынып оқушыларын «Жау, жау жаңбыр» әнімен ортаға шақырамыз.

7.Ертең-ақ мен ержетіп
Әнші тәте боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын.

Дей келе »сынып оқушысы ---- «Тұлпарым» әнімен ортаға шақырамыз


8.Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.Ендеше осы өнерге --- сынып бишілерін қарсы алайық.


9.Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге 
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.

«Қошақаным»әнімен сахнаға » сынып оқушысы ------ шақырамыз.

10.Әр-бір ғажап әлемге арнап
Әсем бір ән айтайын деп.

Келген -- сынып оқушысы ------- «Көңілді күн » әнімен ортаға шақырамыз.

11.Аққулар қонды саңқылдап,
Қоңыр қаз жетті қаңқылдап.
Сырнай мен керней тартқанда
Ән мен күй кетті қарқындап .

Сахнаға -»сынып оқушысы ---- «Аққу» биімен шақырамыз.


12. Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

«Мектебім» әнімен--» сынып оқушысын ----- ортаға

шақырамыз.

13.Өз елім өлеңім де, өнерім де,
Бақытты,қайтпас қайсар өр елімде.
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде.
Сахна төріне - сынып оқушысыларын «Қамажай» биімен қарсы аламыз.
Қортындылау

Әділқазыларға сөз беру, өнерпаздарды марапаттау.

Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Әнші балапан» сайысын аяқтаймыз.

















































Әнші балапан

(0-2 сыныптар аралығындағы сайысы)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2024
451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі