Материалдар / Сайыс "Экология табиғат жүрегі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сайыс "Экология табиғат жүрегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ "Экология табиғат жүрегі" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларына Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, аялап қарауға, жауапкершілік танытуға үйрету. Балалар бойында ізгі қасиеттерді дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Тамыз 2021
1799
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Экология» сайыс


Мақсаты :  Табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Амандасу. Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.

Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлең шумақтары бар:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алаған секілді. (Қ.Мырза Әлі.)

Қысқаша түсінік беріп өту слайд арқылы.

Видеоролик көрсету.

I кезең Таныстыру (Әр мектептен қатысушы топтардың аты, ұраны, эмблемасы ) Топтар кезекпен кезек өздерін таныстырып өтеді.

II кезең («Тапқыр болсаң шешіп көр...» жұмбақ шешеді)

1.Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді
. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,

2.Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
3.Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды
.  (Боран)

4.Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.
(Бұлт)

5.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (
Жұлдыз)

6.Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
(Жел)

7.Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.
(Найзағай)

8.Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады
. (Боран)

9.Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады
. (Жел)

10.Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күн күркүреуі)

11.Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне
. (АЙ)


12.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем
(Жер)

13.Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (Күн)

14.Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

15.Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
(Жаңбыр)

III кезең («Атадан қалған асыл сөз...» мақалды жалғастырады)

1. Жауынмен жер көгерер (батамен ел көгерер)
2. Жел дауылды шақырады (бұлт жауынды шақырады)
3. Тау мен тасты су бұзар (ел арасын қу бұзар)
4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (сулы жер құрақсыз болмас)
5. Қаз келсе жаз келер (қарға келсе қатқақ келер)
6. Ағын суда (арамдық жоқ)
7. Құсы жоқ болса көл жетім (елі жоқ болса жер жетім)
8. Жердің сәні егін (ердің сәні білім)
9. Шөбі жоқ деп жерден түңілме (малы жоқ деп ерден түңілме)
10. Сусыз жерде қамыс жоқ (азған елде намыс жоқ)

IV кезең («Ойна да, ойлан» мозайка құрастырады)

Қорытынды: Міне, сайысымыз да мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің бағасын есептеп әділ бағасын беру үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.Әділқазыларымыз жеңімпаз топты анықтағанша әр топ әсем табиғатымыздың қастерлі бөлшектерін қасиетті тіршіліктерін тілге тиек етіп бір-бірімізге жақсы тілек айтып ойын ойнайық

«Тілек айту» ойыны

Бұлақтай мөлдір бол, Судай таза тұнық бол

Жұлдызың жарық болсын, Құстай қанатың талмасын

Ауадай тынысты бол, Айың оңыңнан тусын

Көңілің көлдей болсын, Гүлдей жайнай бер.

Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп, оны қастерлеп, киелі санап, пір тұтқан. Оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялай білген. Біз әсем табиғат аясы, ондағы тіршілік және оны қорғау туралы білімімізді ортаға салдық.

Жеңімпаздарды марапаттау.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!