Сайыс ІЖаратылыстану көшбасшылары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс ІЖаратылыстану көшбасшылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Жаратылыстану көшбасшылары

Мақсаты:  Студенттердің пәнге деген танымдық қызығушылығын , ой-өрісін арттыра отырып, алған білімдерін дамыту,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

 Стуленттерді адамгершілікке,еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа , табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: жұмбақтар,үлестірме карточкалар, сұрақтар, суреттер, презентация
Түрі: зияткерлік сайыс

Ойын барысы
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқытушылар, студенттер? 
Бүгінгі «Жаратылыстану көшбасшылары» атты зияткерлік ойынымызды бастайық. 

Жюри мүшелері;

Сайысқа қатысушы БС-11 , МДТ-11 ,ЕТЖ-11, БС-13, ДШ-11 топ студенттері!   Әр топ тобының аты мен ұранын айту сұралады.

Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 кезеңнен тұрады: 

1 кезең “Ұшқыр ой

2 кезең ««Полиглот»
3 кезең «Не жетпейді?»
4 кезең «Адасқан әріптер»

5 кезең «Сыр сандық құпиясы» жұмбақ тар
6 кезең “Биік шың

1 кезең “Ұшқыр ой

  1. Алғаш жасушаны көрген ғалым. ( Роберт Гук)

2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)

3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)

4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кішкентай бөлшегі (Атом)


5. Оттектің аллопоропиялық түр өзгерісі? (Озон)

6. Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап ? (Флюгер)

7. Күнді айнала қозғалатын ғаламшардың жолы не деп аталады (Орбита)


8. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды (бәйшешек)

9. Ауа- райын зерттейтін ғылым (Метеорология)

10. Жер шарын екі жарты шарға бөледі (Экватор)


11. Дүниедегі ең кішкентай құс? (Колибри)

12. Ең үлкен мұхит (Тынық)

13. Физикалық дененің құрамдас бөлігі (Зат)

14. «География ғылымының атасы» (Эратосфен)

15. Диффузия латын тілінен аударғанда (Таралу, ыдырау, жайылу)

16. Сұйық металл (Сынап)

17. Бір -бірінен ажыратуға болатын әр түрлі заттардың қосындысы (Қоспа)

18. Күннің күркіреуі қандай құбылыс (Дыбыстық)

19. Гүлдер елі (Голландия)

20. Тірі ағзаның ең кіші бөлшегі (Жасуша)

2- кезең«Полиглот» ойыны (слайдтта көрсетіледі)

Бұл айналымда көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтады.Барлық топтарға бірдей оқылады.

1)...... анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ.(су,вода, water)

2)Құдық қазсаң ......ді каз,
......суалмай суалмас  (көл, озера, Lake)

3)...... ақса — көл, 
Дария ақса — сел. (өзен, река, river)

4)Туған жердің .....да шипа (ауа, воздух, air)

5) Соғады күні-түні алмай тыным, құлайды ол тоқтаса таудай ...

(жүрек, сердца, heart)

3 кезең «Не жетпейді?»

1.Микроскоп бөлімі:
(Бұрандалар, тұтқа, табан, объектив, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі)

2. Тамыр бөлімдері:
(Өткізу бөлімі, сору бөлімі, өсу бөлімі, тамыр оймақшасы)

3. Жанғыш пайдалы қазбалар:
(Газ, тас көмір)

4. Пластид түрлері
(Хлоропласт, хромопласт)

5) Өсімдіктің өсімді мүшелері
(сабақ, жапырақ)

4 кезең «Адасқан әріптер»

Бағындырып ең биік асқарды
Тылсымына тарататын жастарды.
Ендеше кәнекей назар салайық
«Адасқан әріптер» кезеңі басталды

ТСААШМБ

ТАҒБИТА

ТВОЭРАК

ДЕНАИРИМ

ЕЖТІРИБӘ

ШІЛІРТІК


5 кезең «Сыр сандық құпиясы»

(жәшікте жұмбақтар таратылады)
1) Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары.
Сөз сөйлесең
Қозғалыста болады. (тіл) 
2) Бетін адам ашады.
Білім нұрын шашады. (кітап)
3) Ізі жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ(су) 

4) Суда қалқиды отта балқиды(мұз) 
5) Шөлге төзімді жануар, арқасында тауы бар. (түйе) 
6) Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті
Қатарларынтізіп алды,
Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ) 
7)Зер-зер кілем,зер кілем
Көтерейін десем зор кілем(жер) 
8)Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты(жел)

9)Әдемі түнде,
Мен жүрсем жүреді бірге (ай)

10) Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым төңкеріп. (аспан)

11) Бар ма жоқ па, 
Оны ашық білмейсің,
Ол жоқ жерде 
Өмір сүріп жүрмейсің(ауа) 

12) Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна(көл)

6 кезең “Биік шың”

Сұрақтарға жауап беру

Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті. Жинаған ұпай санына байланысты жеңген топты марапаттаймыз. Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға мұғалімдеріңе сөз кезегін береміз. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге көп рахмет! Осымен ойын аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2024
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі