400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс. "Жүзденжүйрік"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға және ұстаздарға қосымша материал ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып. Қызықты грамматика

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік 1 слайд


Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, бекіту, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Қашықтықта отырып Топпен жұмыс істей білуге , өзгенің пікірін тыңдай білуге құрметтеуге, ұйымшылдыққа үйрену.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.


Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, 2 слайд


-дегендей, бүгінгі Қызықты грамматик а сабағымыз «Жүзден жүйрік деп аталатын интеллектуалды сайыс түрінде өтеді. Бұл сайыста осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Сайыс ІV айналымнан тұрады.

Сайыс ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, 3 слайд
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды, 4 слайд
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз 6 сл
Көркейтеміз елді біз.

Енді Сайысымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой» 7 слайд


Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 9 оқушы бар әр оқушы 1 сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сан есім? (реттік)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем (сұраулы )

7. Сөздегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан ,не жіңішке болып келуі / Буын үндестігі/

8 Фонетика нені зерттейді?

9 . Көп сөзден құралып бір ғана мағана беретін сөздер / тұрақты сөз тіркестері/


«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

7, Дауыссыз дыбыстардың бір –біріне ықпал етуі / Дыбыс үндестігі/

8. Синтаксис нені зерттейді ?

9. Сөйлемде бір тұлғада тұрып, бірғана сұраққа жауап беретін мүшелер / сөйлемнің бірыңғай мүшесі/


«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

7 , Буын үндестігіне бағынбайтын сөзге мысал келтір / Өнерпаз, сезімтал, Кемпірқосақ/

8. Морфология нені зерттейді?

9. Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі / Күрделі мүше/

ІІ айналым «Құпия сандық» 8 слайд


Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Әрі қарай кезектесіп оқи береді.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


ІІІ айналым бастаймыз «Айшықты сөздер» 9 слайд


Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Тайға таңба басқандай ( анық )
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас) сөздерді шарға жазу

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, )
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

IV айналымды «Жақыныңа жанашыр бол» қызықты тапсырма сақтық ережесіне байланысты суреттерді таңдау маска, сабын, антисепт / суреттер/ 10 слайд

Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың арасына оң жақақтағы дауысты дыбыстарды қойсаңдар қазақ тіліндегі өзіміз оқыған тақырыптар шығады

1 топқа қрмлссйлм ұааөе

2 топқа трқтсзтркс ұаыөіеі

3 топқа крдлмшлр үеіүее




















Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.

3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі