400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс "Кел билейік" "Аққайын"ортаңғы тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды би сабағына қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кел билейік»



Мақсаты: Бүлдіршіндерді би өнерінің түрлерімен,би қозғалыстарымен таныстыра отырып эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Бөбекжай мен ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа,мейірімділікке,ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.


Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Өнер тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар.


-Армысыздар,құрметті ата-аналар,әріптестер!

Болашақтың бастауы болған балғын шақты балалар!

Болашақ үшін қиындыққа қол созған,

Үміт күткен ел арманын қолдасын.

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан,

Ізгі ниет жақсы өнеге тозбасын- дегендей бүгінгі «Кел билейік» атты мерекемізге қош келдіңіздер.


Сайысымыздың шарты бойынша:


1.Әр жұп өзін таныстыру керек.

2.Өз өнерін көрсету.


Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділғазы алқасын таныстырайық.


1.Бөбекжай әдіскері: Оташева Жанна Бақытқызы

2.Бөбекжай психологі: Дуйсенбаева Майра Бақытжанқызы

3.Ата-ана








-Ендеше би сайысына қатысушы отбасыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.


1.Бақтыгерей Айшабибі анасымен

2.Мұрат Мандира анасымен

3.Серік Гаухар анасымен

4. Амангелді Бекасыл апатайымен

5. Мамай Айша анасымен



Ал ендеше танысып болсақ, сайысымызды бастау үшін 5 минуттай серігіп алайық,яғни ата-аналар балаларымен бір флешмоб билесек.


Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт,

Көрелік ал ендеше жарыстырып.

Келіп тұрған отбасылар

Жіберсін өз өздерін таныстырып,-дей келе, сайысымыздың

1-шарты бойынша отбасылар өздерін таныстырса.

(өз-өздерін таныстырп кетеді.)


Сайысымыздың 2-шарты:


Иә,жақсылыққа шын сенейік,

Отбасын,бір биікке теңейік.

Ал енді өнерлерін көрсетсін,

Отбасыларға кезек берейік

(суырған жеребилары бойынша кезек-кезек шығып өз өнерлерін көрсетеді.)


Ал ендеше әділғазылар алқасы ақылдасып алғанша бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Ғалия Қадырқызының орындауында әсем ән.



Шалқытып сайыста ән салайық,

Өнерпаз балаларға тамсанайық,

Ән салып,би билеп,тақпақ айтып,

Сайыскер жанұяға қол соғайық.


Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш- жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық,жарысымыз.








Әділғазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты-деп сөз

кезегін осы кісілерге береміз.


(Марапаттау)



Қош демейміз әлі талай қызықтар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштардан.

Қол ұстасып тұрайық,

Достық әнге салайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық,- деп бүгінгі сайысымызды

аяқтаймыз. Қатысқан ата-аналарға көптен-көп рахметімді айтамын.


























МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы












Тақырыбы:


«Кел билейік»















Орындаған: Упиева Р.М













2018 оқу жыл



Тақырыбы: «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайыс ойыны
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Балаларды спортқа деген қызығушылығын арттыру. 


Құрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер ,ата-аналар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Денсаулық- зор байлық» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер! 


Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

1.Мергендер тобы. 2. Жүйріктер тобы

Командаларды ортаға шақырамыз. 


Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды таныстырып өтіңіздер. 
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады) 


Ал, құрметті қонақтар!
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ қазы алқалары
Әділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 
1. Бөбекжай әдіскері: Оташева Жанна Бақытқызы
2. Музыка жетекшісі: Алсеитова Галия Қадырқызы
3. Шаруашылық меңгерушісі: Каупенова Элмира Казекеевна


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!



Бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады.  


1.Кеглиді тез жеткізу.

2. Шелекпен су тасу

3.Кім жылдам

4. Шаяндар жарысы

5. Паравоз жарысы

Көрсетті міне өз өнерін балалар 
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. 


Ұрпақ керек ертеңгі алда, 
Болашақты болжайтын. 
Дені таза, тәні таза, 
Елін, жерін қорғайтын! 
Денсаулық-басты байлық өмірдегі, 
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. 
Салауатты өмір салтын насихаттап, 
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. 
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Денсаулық- зор байлық» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын
.























МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы













Тақырыбы:

«Денсаулық зор байлық»













Өткізген: дене шынықтыру нұсқаушысы

Упиева Р.М

Тексерген : әдіскер Оташева Ж.Б











2018жыл

Тақырыбы: «Көңілді старт » спорттық сайыс ойыны
Мақсаты:
салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын дамыту.


Құрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер ,ата-аналар! бүгінгі өткізгелі жатқан «Көңілді старт» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер! 

Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз
.

1.Сұңқар тобы. 2. Тұлпар тобы

Командаларды ортаға шақырамыз. 


Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды таныстырып өтіңіздер. 
(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады) 


Ал, құрметті қонақтар!
Жарысты енді көріңіздер.
Әділ қазы алқалары
Әділ баға беріңіздер,- дей келе бүгінгі біздің
жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 
1. Бөбекжай әдіскері: Оташева Жанна Бақытқызы
2. Музыка жетекшісі: Алсеитова Галия Қадырқызы
3. Шаруашылық меңгерушісі: Каупенова Элмира Казекеевна


Шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
Біз биіктен самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз.
!



Бүгінгі спорттық сайыс 5 кезеңнен тұрады.  


1.Допты тез жеткіз.

2. Кедергілерден өту

3.Мотоциклмен жарыс

4. Қояндар жарысы

5. Кім епті жарысы

Көрсетті міне өз өнерін балалар 
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ қазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. 


Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «Көңілді старт» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!





























МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы













Тақырыбы:

«Көңілді старт»















Өткізген: дене шынықтыру нұсқаушысы

Упиева Р.М

Тексерген : әдіскер Оташева Ж.Б









2018жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі