Казталов
мектеп–лицей КММ
Тәрбиелік
шара
Тақырыбы:
«Кім
ақылды, кім шапшаң, кім тапқыр, кім ойлы?»
Дайындаған:
дефектолог-мұғалім
Жардемалиева Э.Ж.
-Казталов,
2019-2020 о.ж
«Кім
ақылды, кім шапшаң, кім тапқыр, кім ойлы?»
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың
білім қабілеттерін тексеру, ойларын
тез, сауатты айта білуге дағдыландыру,
сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау
қабілетін, қолдың ұсақ маторикасын
дамыту. Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
қиынды суреттер, төртінші артық суреттері,
матрешкалар, ертегі (иогурт ыдысы), бау,
қақпақтар.
Сайыстың
өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балаларды
сайысқа дайындау
ІІ.
Негізгі бөлім
Мұғалім:
-Құрметті
ұстаздар, оқушылар «Кім
ақылды?, кім шапшаң?, кім тапқыр?, кім
ойлы?» сайысына
қош келіпсіздер!
Сайыста
бақсыналар, бапсыналар,
Бас
жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім
білімді, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар
алқасы болма санық сыналар, — дегендей,
кезкелген сайыс бағалануы тиіс. Осының
ара жігін ажырататын – қазылар алқасы.
Ендеше әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділқазылар әр бөлім бойынша оқушыларды
бағалап отырады. Сайыс сонында «Ақылды
қыз», «Шапшаң қыз», «Тапқыр қыз», «Ойшыл
қыз» номинацияларымен марапатталады.
Жүргізуші:
Бірінші
сайысымызды бастамас бұрын, сайысымыздың
шартымен таныстырып өтейін. Сайысымыз
8 бөлімнен тұрады.
Сайыстың
шарты:
1.«Сәлем
сөздің анасы» (таныстыру)
2.«Бәйге»
(ауызша сұрақтарға жауап беру)
3.«Қиынды
суретті құрастыр» (суретті құрастыру,
айту)
4.«Төртінші
артықты тап!» (ертегі бойынша есептер
шығару)
5.«Қуыршақты
киіндір» (матрешаны киіндіріп, пішіндерді
атайды)
6.
«Моншақты тізбекте» (қақпақтарды бауға
тізбектеу)
7.
«Сөз құра!» (әріптерден сөз құрап береді)
8.«
Ертегіні айтып бер!» ( Ертегі айтып
береді)
Жүргізуші:
Әрқашан
білімнен қашпаймыз,
Білімсіз
шуақ нұр шашпаймыз.
"Кішкентай
зияткер” атанып,
Ал
енді сайысты бастаймыз.
Жүргізуші:
«Сәлем
сөздің анасы» таныстыру бөліміне
кезек береміз.
Ұрпақсыз
мына өмірде кім түледі?
Жақсы
ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға
шығып таныстырсын өздерін,
Білімді
ұрпақ елімнің жас түлегі, — деп
оқушылар өздерін таныстырсын.
Жүргізуші:
Екінші
кезеңіміз «Бәйге» бөлімін бастаймыз.
«Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп балалар
10сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс
жауапқа 1 ұпай беріледі.
1.Бір
жылда неше мезгіл бар? (4)
2.Жыл
мезгілдерін атап бер! (Қыс, жаз, күз,
көктем)
3.Білім
күні қай айда? (қыркүйек)
4.Қазақ
әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)
5.Бір
аптада неше күн бар? (7)
6.Апта
күндерін атап бер? (Дүйсенбі .....)
7.Қазақстан
Республикасының астанасы қайқала ?
(Астана)
8.Рәміздерді
ата (ту,әнұран, елтаңба)
9.Төрт
түлікті ата (қой,түйе, сиыр, жылқы)
10.Біз
қай мемілекетте тұрамыз? (Қазақстан
Республикасы)
Жүргізуші:
-Келесі
бөліміміз «Қиынды
суретті құрастыр» деп
аталады. Бұл бөлімде балалар қиынды
суреттерді құрып не екенің айтып береді.
Жүргізуші:
-
Келесі
бөліміміз
«Төртінші артық затты тап!» кім
шапшан төртінші артық затты тауып сызып
береді. Өте жақсы!
Жүргізуші:
-
Келесі
бөліміміз «Қуыршақты
киіндір».
Матрешкаға түсін, пішінді тауып қою.
Өте жақсы!
Жүргізуші:
-
Келесі
бөліміміз «Моншақты
тізбекте»
(қақпақтарды бауға тізбектеу)
Өте
жақсы!
Жүргізуші:
-
Келесі
бөліміміз «Сөз
құра!»
(әріптерден сөз құрап береді)
Жүргізуші:
Соңғы бөліміміз «Ертегіні
айтып бер!»
Қорытынды.
Жүргізуші:
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
"Ақылды,
шапшаң, тапқыр, ойшыл” атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.
Әділқазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі
«Кім
ақылды?, кім шапшаң?, кім тапқыр?, кім
ойлы?»
атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Білім
– толқын, жатқандай асып – тасып,
Біреу
— мығым ,біреулер шалыс басып.
Жеңсең
де, жеңілсең де қалма жасып, — деп
бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.