«Көктем аруы - 2018» байқауы
1 -
жүргізуші. Арман қыздар періштедей
сырғалы
Бұратылған тал шыбықтай тұлғалы
Құлпырғанда сендер алау шашқанда
Әсемдігін жоғалтады гүл дағы.
2 -
жүргізуші. Құрметті ұстаздар мен
оқушылар, ата - аналар! Бүгін міне мектебімізде 5 сыныптар арасында
өткелі отырған «Көктем аруы – 2018» байқауына келіп отырсыздар.
Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне
ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны
ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп,
адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеген.
1 -
жүргізуші. Сонымен бірге «Қыз - қонақ», «
Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал –
мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Көктем аруы – 2018» байқауының да
көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды
бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп
жариялаймыз.
(Фанфар Қыз
сыны)
2-жүргізуші.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген
сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам.
1-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы
алайық!
2-
жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды
қарсы алайық.
Ән салуға
жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір сан өнері
бар,
Сырын терең ұға
біл.
1 – ші
талапкеріміз Маратқызы
Анель
1 -
жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер
ақырын
Қыз сынына кеп
қапты
Жүрек жұтқан
қыз
2 – ші
талапкеріміз Ерсұлтан Ақмаржан
Талғатқызы
2 -
жүргізуші: Ұстазын анасындай
құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ
дүрмекпенен.
Қыз ұстазының айнасы
ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам
деген
3 – ші
талапкеріміз Аманжол Аделина
Махмутқызы
1 -
жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны
қас,
Бір жұмысты екі істеп
сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке,
томпақ бет,
Eр жүрек қыз
табылмас.
4 –
ші талапкеріміз Демесинова Милена
Романқызы
2 - жүргізуші:
Өнерлі
Күліп жүрер ақырын,
Жолың
болсын
Өнеріңді төк
енді.
5 – ші
талапкеріміз Джолаева Зайнаб
Асылбекқызы
1 -
жүргізуші: Көңілін сыныптастын таба
алатын
Кеуделерге намыс отын жаға
алатын
Өзіндей болса, шіркін, барлық
шәкірт
Динараның өзі де, сөзі де
алтын.
6– ші
талапкеріміз Медал Динара
Мұхтарқызы
2 -
жүргізуші. «Көктем аруы – 2018» байқауының шарттарымен таныс
болыңыздар.
Байқаудың шарты 5 бөлімнен
тұрады.
1. Сәлем - сөздің анасы (таныстыру)
2. Білімді мыңды жығар
(сұрақ-жауап)
3. Өнерлі өрге жүзер (өз
өнері)
4. Өз қолымнан ас мәзірі (дәмді тағам)
5. Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісін
көрсету)
Құрметті ару әсем қыздарымыз
орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады. Сіздерге сәттілік
тілейміз!
1 - жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз,
білейікші
Аруы деп мектептің
жүрейікші
Әділқазыларға тек
әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік
тілейікші!
Cыныптастарынның қатысушыларға
қолдау көрсету мақсатында түсірілген видеороликке назар
аударайық.
2 -
жүргізуші : Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын
анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
1. Мукашева Гулфани Шакуовна -
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
2. Қайыржанова Зира
Рахимжановна - мектеп психологы
3. Едишева Жанар Төлегенқызы -
музыка пәні мұғалімі
4. Уринбаева Камшат Еркінқызы
- әлеуметтік педагог
5. Изтелеуова Ботагөз
Жандарбекқызы - бейнелеу пән мұғалімі
1 -
жүргізуші: Гүл көңілің қуаныштан
өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры
төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне
үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы
өзіңді.
1 –
кезең. Сәлем - сөздің анасы
(таныстыру) Арулар бір-бірден шығып ортаға өздерін
таныстырады.
Ортаға бірінші аруымызды
шақырамыз.
1. Маратқызы
Анель
2. Ерсұлтан Ақмаржан
Талғатқызы
3. Аманжол Аделина
Махмутқызы
4. Демесинова Милена
Романқызы
5. Джолаева Зайнаб
Асылбекқызы
6. Медал Динара
Мұхтарқызы
2-жүргізуші.
Жас ару жас ғұмырдың
талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің
арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,
сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап
ұшқын.
2 –
кезең. Білімді мыңды жығар
(сұрақ-жауап). Бұл кезеңде жылдамдықты талап
етеді.
1.
Қазақ халқының қандай ою –
өрнектерін білесің ?
2. Үш арсыз? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
1. Ана туралы қандай
мақал-мәтелдерді білесің?
2. ҚР – ның әнұранының авторы
кім?
Сөзін
жазған: Жұмекен Сабырұлы
Нәжімеденов,
Нұрсұлтан
Назарбаев
Әні: Шәмші
Қалдаяқов
1. Бес асыл? (Талап, еңбек, терең
ой, қанағат, рақым)
2. Өзің ұнататын қазақтың ұлы ақынның шығармасынан бір шумақ айтып
бер.
1. Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесің?
2. Төл теңгеміз қай жылы, қай айда дүниеге келді? (1993 жылы 12
қараша)
1.
«Тәуелсіз демократиялы және
құқықтық мемлекет» - деп жариялады.
Қай жылы, қай айда? (1991 жылы
16 желтоқсан)
2.
Ана туралы өлең шумағын айтып
бер?
1. 4
маусым қандай күн екенін білесін бе?
(Мемлекеттік рәміздер
күні)
2. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз
мерекесін дәстүрлі наурызкөжесіз елестету мүмкін емес. Осы
наурызкөженің құрамын айтып берші. (су, ет, арпа, күріш, құрт,
айран, кішіміш)
1 -
жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер
дейміз,
Бір басына өнері жетер
дейміз
Сайысқа келген ару
кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе
дейміз.
3 –
кезең. Өнерлі өрге жүзер
(өз өнері). Бұл кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін
көрсетеді.
2 - жүргізуші. Келесі кезекті Өз қолымнан
дайындаған ас мәзірі айдарына
береміз.
1 -
жүргізуші: Сымбатына сын киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп
тұрған,
Аруларды қызығып
қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын
бөліміне кезек келді.
2 - жүргізуші. Байқауымыздың қорытындысын
әділқазылар алқасы шығарғанша мектебіміздің әншісі Джорабеков
Асылбектің орындауында «Тәтті ару»
әнін қабыл
алыңыздар!
1 -
жүргізуші: Қандай керемет, қандай әсем
ендігі кезек марапаттауға да келіп
жетті.
2 - жүргізуші. Құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Бүгінгі «Көктем аруы – 2018» байқауын қорытындылау үшін сөз кезегін
әділқазылар ұйымының төрайымы
Мукашева Гулфани Шакуовнаға
береміз.
1 -
жүргізуші:
Ару қыздар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі
сайысымызды
аяқтаймыз!
2 -
жүргізуші: Келесі кездескенше сау
болыңыздар!