Тақырыбы: "Математикалық шайқас"
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың
математикадан білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері
мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Барысы:
Мұғалім
Құрметті
ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің 3-4 сынып оқушыларының арасында
математика пәні бойынша «Математикалық шайқас» атты сайысымызға қош
келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын
тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету.
Логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу
дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі
де есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де
есеп.
Есепсіз өмір сүрген
мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы
есеп десек.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады. (Әділқазылар алқасымен
таныстыру).
1.
2.
3.
Біреуінің жүрегінің түгі
бар,
Біреуінің арқалап жүрген
қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы-
барлығының,
Қатты
істейтін миы бар,-дей келе
сайыскерлерге сәттілік тілей отырып,сайысымызды бастайық. Бүгінгі
«Математикалық шайқас» тапқырлар сайысына 3 және 4
сыныптарынан
3
оқушыдан қатысады. Олай болса сайыскерлерімізді
шақырайық.
3 –
сынып оқушысы
4 –
сынып оқушысы
Ойынымыз
ІV турдан тұрады.
І
тур. Иә және жоқ ойыны.
Ауызша сұрақтарға жауап
береді.
3
– сынып оқушыларына:
1.
Көбейтуді бөлумен тексереміз
2. Метр,
сантиметр массаның өлшем бірлігі
3. 8 * 7
= 64
4.
Бұрыштың үш түрі бар
5. Тік
төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең
6. Ең
үлкен үш таңбалы сан 90
7. 21 үшке қалдықсыз
бөлінеді
8. Кез келген санды нөлге
көбейтсең сол санның өзі шығады
9.
Ауданды табу үшін барлық қабырғаларын көбейтеміз
10. 1
жүзд. 5 онд. 9 бірліктен тұратын сан 159
11.
Азайтқыш, азайғыш, айырма қосудың компоненттері
12.
Периметрді барлық қабырғаларын қосу арқылы табамыз
13.
Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші
14. 2
сағатта 120 минут бар.
15. 5
ондық 6 бірліктен тұратын сан 65
16.
Шаршының барлық қабырғалары тең
17.
Ғасыр, жыл, тәулік, ұзындықтың өлшем бірлігі
18. 9-ды
6-ға көбейтсек 63 шығады
19.
Көбейтудің үш қасиеті бар
20. 2-нің кубы 4.
4
– сынып оқушыларына:
1. Ең кіші үш таңбалы сан
100
2. 1 тәулікте 12 сағат
бар
3. 9 * 8
= 72
4. 81
саны 9 –ға қалдықсыз бөлінеді
5.
Қашықтықты табу үшін жылдамдықты уақытқа бөлеміз
6.
Дөңгелектің бұрыштары бар
7. 5
жүзд. 6 онд. 2 бірліктен тұратын сан 562
8. 5 санының квадраты
25
9.
Көлемнің өлшем бірліктері см2, мм2, дм2,
км2
10.
Ауданы 64 см 2
шаршының периметрі 32 см бола ала ма?
11.
Ұзындығы 4 см ені 3 см тіктөртбұрыштың ауданы 12 см
2
12. 1
жылда 9 ай бар.
13.
Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні бөлудің компонентері.
14.
3-тің кубы 9
15.
Жылдамдықты табу үшін қашықтықты уақытқа бөлеміз.
16.
Санның бірінші, екінші, үшінші разряды екінші класты
құрайды.
17.
Шеңбердің центрі мен кез келген нүктесін қосатын сызықты радиус
дейміз.
18.
Қанша созсаңда қиылыспайтын түзулер параллель түзулер.
19. Ең
үлкен үш таңбалы сан 990
20. 8
бен 5 сандарының көбейтіндісі 40
ІІ
тур. "Кім жылдам?"
Әр
сыныпқа логикалық сұрақ - тапсырмалар беріледі.
3-
сынып оқушыларына:
1. Айқасқан екі таяқ,
Тұрады
жоқты сұрап.
2. Үстелде
3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қайта қойды. Үстелде
неше стақан
бар?
3. Самат қаппен
арқалап,
Бес
қауыннан тасыды.
Қабы
болмай ал Талап
Қос
қауыннан тасыды,
Он
реттен сабылып,
Екеуі
әбден шаршады
Тасып
алған қауынның
Қанша
болды бар саны?
4. Шанаға қосарлап жегілген үш ат
30 км жүріп өтті. Әр ат неше километр жүріп өтті?
5. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық
отыр.Әрқайсына қарап 3 мысық отыр. Үйде неше мысық
отыр?
6. Әкей сары және жасыл түсті 4
шар сатып алды. Сары шар жасыл түсті шардан көп. Әкей
әр
түсінен қанша шар сатып алды?
7. Баспалдақ 15 басқыштан
тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты
басу
керек?
8. Үш қыз – Айгүл, Жанар, Айна
дүкенге бара жатып, жолдан 5 теңге тауып алды. Егер
Айгүл
дүкенге жалғыз барған болса, қанша ақша тауып алар еді?
9. Тауық бір аяғымен тұрғанда 2
кг, екі аяғымен тұрғанда неше килограмм?
4 - сынып оқушылары
үшін
1. Екі аяқты бір ізді,
Үстіне
адам мінгізді.
2. Бір
кісі үйге кірді, ол үйде май шам мен керосин лампасы тұр. Ол нені
бірінші жағады.
3. Су құйып ем астауға
Үш қаз
ұшты аспанға
Екі
үйрек, бір сазан
Бір
көксерке, бір қарға
Қосылды
кеп бұларға
Айт,
неше құс ұшып жүр,
Неге
екенін түсіндір?
4. Таразы табақшасына 2 аяғымен
тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда
оның массасы қандай болады?
5. Бір
адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша
адам қалаға
барды.
6. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды
атып алады. Торғайдың қаншасы
қалады?
7. Бүгін 9
- шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар
болады?
8. Үстелдің 4 бұрышы
бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш болады?
9. 20 - ның
жартысының жартысы артық па, не 80 - нің ширегінің ширегі
ме?
ІІІ
тур. Басқатырғыштар.
Оқушыларға бір
шырпыны қозғау арқылы тура теңдік шығатындай тапсырмалар
беріледі.
1.
2.
3.
ІV
тур. Қызықты квадрат.
Әр сынып оқушыларына
сиқырлы шаршылар беріледі.
3
- сынып оқушылары үшін
Дөңгелектерге 1-ден 9-ға
дейінгі сандарды орналастыр. Сонда ұшбұрыштың әр қабырғасының
бойындағы сандардың қосындысының мәні 17-ге тең болсын.
4
- сынып оқушылары үшін
1-ден
9-ға дейінгі сандарды дөңгелектерге орналастыр, сонда бір түзу
бойында орналасқан үш санның қосындысы 15-ке тең болсын.
V
тур. "Есеп білген - өсер"
Оқушыларға есептер
беріледі, есептің шартын құрып шығарады.
3 - сынып оқушылары
үшін.
Үш мектепке 96 парта
берілді. Бірінші мектепке барлық партаның үштен бір бөлігі, екінші
мектепке біріншіге қарағанда 2 есе кем, ал қалғаны үшінші мектепке
берілді. Үшінші мектеп қанша парта алды?
4 - сынып оқушылары
үшін.
Арақашықтығы 237 км екі қаладан бір мезгілде бір - біріне
қарама - қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 3 сағаттан
кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 19км/сағ. Мотоциклшінің
жылдамдығын тап.
VІ
тур "Ойымды жалғастыр.."
Құрамында санмен айтылатын
мақалды ары қарай жалғастыру.
1. Екі
жақсы қас болмас,
....
жаман дос болмас.
2. Бір
кісі қазған құдықтан, ..... кісі су ішер.
3.
Білгенің бір ...... ,
Білмегенің .... .
4.
Жігіттің құны -100 жылқы.
Ары
..... жылқы.
5. .....
теңгең болғанша
.....
досың болсын.
6.
...... жұрттың тілін біл,
...... түрлі білім біл.
7.
Білекті ....-ді жығар,
Білімді
....-ды жығар
8. ....
тістен шыққан сөз,
.... рулы елге
жетеді.
9. .... тал кессең
.... тал ек.
10. .... саусақ бірдей емес
Қортынды.
Әділ – қазы алқасына сөз
кезегін береміз.
Оқушыларды
марапаттау.
Бүгінгі
сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам
тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол,
әсерлі
Болса егер көңіл жақын
таңдады.
Көңіл бөліп бұл
сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен
баршаңызға
Мың
алғыс, мың рахмет!