Материалдар / Сайыс "Менің сүйікті қалам" 7 сынып "Көркем еңбек"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс "Менің сүйікті қалам" 7 сынып "Көркем еңбек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті қалам атты сайысымыз оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр сырын жан-жақты түсіндіріп үйрету. Олардың дүниетанымын эстетикалық талғаммен кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бәйділдақызы Мақсат

Технология пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы, №101 мектеп – лицей


Тақырыбы: Менің сүйікті қалам

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр сырын жан-жақты түсіндіріп үйрету. Олардың дүниетанымын эстетикалық талғаммен кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау,еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі

Әдісі: Жеке жұмыс, сұрақ-жауап,тақырыпқа сай жұмыс жасау.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, қаланың ең көрікті жерлерінің суретері.

Сайыстың өткізу мерзімі: 12 қараша, 12:00де

Сайыстың өткізетін орны: мектеп кітапханасы

Қатысатын сыныптар 7 «а», «ә», «б», «в», «г», «д».

Сайысқа қойылатын талаптар: 1.Қатысушы берілген сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруі керек.

2.Қатысушы салған суретін мұғалімнің көмегінсіз орындайды.

3.Суреттерді әр түрлі техникада (гуащь, акварель, түрлі-түсті қаламмен А3) форматында орындайды.

4.Қатысушы берілген тақырыпқа сай бір сурет салады.



Сайысты қорытындылау:

Сайыстың жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталады.


Сайыстың барысы


Армысыздар құрметті ұстаздар ,оқушылар және сайысқа қатысушы жас өрен.

Бүгінгі 7сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті қалам» атты тақырыпта өткізгелі тұрған сайысқа қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

1._________________________________

2._________________________________

3._________________________________

Көрікті ашық баяумыз,

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер,

Сурет болмас бояусыз. –дей келе,ортаға сайысқа

қатысушыларымызды шақырайық.


7а сыныбы оқушысы-Бекайдар Балнұр

7ә сыныбы оқушысы-Қази Назерке

7б сыныбы оқушысы-Ерлан Ерасыл

7в сыныбы оқушысы-Жиенәлі Арайлым

7г сыныбы оқушысы- Жаханова Диана

7д сыныбы оқушысы- Әбдіразақ Асылжан


Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар

1.Сан сұраққа саяхат (сұраққа жауап беру)

2. Сөздерден түс аттарын шығару (әр оқушыға екі сөзден беріледі)

3. Сурет салу сайысы


Өнерпазды жарау аттай баптасын

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын

Өнерімен танылып жас ұрпағым

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын –деп сайысымызды бастаймыз.


I кезең-«Сан сұраққа саяхат»


  • 7а сыныбы—Бейнелеу өнері дегеніміз не?(Айналамыздағы өмір кеңістіктерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы сүреттейтін өнер түрі)

  • 7ә сыныбы-Суда тез еритін бояу (Акварель)

  • 7б сыныбы- Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (Көкжиек сызығы)

  • сыныбы - Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.(Кескіндеме,графика,мүсін,сәулет өнері,қолданбалы сәндік өнер)

  • сыныбы - Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге бөлінеді, жылы,суық)

  • сыныбы - Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)


  • 7а сыныбы - Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма (Пейзаж)

  • 7ә сыныбы -Адам келбетін бейнелейтін жанр(Портрет)

  • 7б сыныбы -Тек қаламмен салынған өнер не деп аталады? (Графика)

  • 7в сыныбы - Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма? (Анималистік жанр)

  • 7г сыныбы - Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

  • 7д сыныбы - Су әлемін бейнелейтін жанр (Маринистік жанр)



Енді сайысымыздың II-кезеңін бастайық (көшейік) сөздерден түс аттарын шығару


– АҚРА (ҚАРА)

7Ә – ЫҒЫҚЛТЗ (Қызғылт)

7Б – ЫЗЫЛҚ (ҚЫЗЫЛ)

7В – ЫСЛАЖ (ЖАСЫЛ)

7Г – ЫРАС (САРЫ)

7Д – ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР)


Енді сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Сурет салуды» бастайық (уақыты- 30мин) (Оқушылар белгілеген орындарына барып тақырыпқа сай сурет салуға кіріседі)


  • Күй орындалып тұрады.

  • Оқушылар дайын жұмыстарын әділ қазыларға ұсынады.


Ендігі сөз әділ қазылар алқысына беріледі (Марапаттау)


«Өнер таусылмас азық,

Сарқылмас байлық»- демекші


«Өнерді қадірлейік және дамытайық» - деп сайысымызды қортындыласақ.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!