400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс "Озық - ойлы топ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту. Шығармашылық пен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілетін дамыту. Өткенді есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, ақыл – ой ұшқырлығын дамыту, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Озық – ойлы топ».

Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту. Шығармашылық пен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілетін дамыту. Өткенді есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, ақыл – ой ұшқырлығын дамыту, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: топтық, сұрақ – жауап.

Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! Бүгінгі 1 – сыныптар арасында өткелі отырған «Озық – ойлы топ» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Сайыскерлердің сайысын таразылап, әділ шешімін беруге әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

Сайысқа қатысушылар: 1 – сынып оқушылары.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанарма

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие білім табар мән

Бүл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға сол алда – дегендей алғашқы сайыс Жаратылыстану және Математика пәндеріннен 4 сұрақ қойылады.


Әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Берілген сұраққа ойлана отырып жауап беруге тырысыңдар.


Жаратылыстану пәніннен 1 «А» сынып

  1. Табиғат нешеге бөлінеді? Олар қандай?

(2 – ке бөлінеді. Жанды табиғат, жансыз табиғат)

  1. Өсімдік бөліктерін ата?

  2. Күн тәртібі дегеніміз не?

  3. Астрономия дегеніміз не?


1«Ә» сынып

  1. Өсімдіктерді неліктен тірі ағза деп атайды?

  2. Өсімдіктерге өсу үшін қандай заттар қажет?

  3. Қозғалыс дегеніміз не?

  4. Ғарыш дегеніміз не?

Математика пәніннен жыл бойы үйренген білімдеріңді көрсетесіңдер.

1 «А» сынып

  1. Уақыттың өлшем бірлігі?

  2. 1 сағатта неше минут бар?

  3. Массаның өлшем бірлігі?

  4. 1 жылда неше ай бар?


1 «Ә» сынып

  1. Ұзындықтың өлшем бірлігі?

  2. Көлемнің өлшем бірлігі?

  3. Ұзақ уақыт аралығын не дейміз?

  4. Аптада неше күн бар?



Келесі сайысымыз Сауат ашу, Дүниетану пәндеріннен.

1 «А» сынып

  1. Өлеңнің ұйқасын тап?

Ұзын мойын, көрікті

Танимысың................. (керікті)



Қызыл мұрын тәрізді

Білемісің.................... (сәбізді)

  1. «Құстың ұясы» әңгімесін оқып беру. Сұрақ қою?

1 «Ә» сынып

  1. Өлеңнің ұйқасын тап?

Сызып өтіп қарды мен

Таудан түстім............... (шаңғымен)

  1. «Көңілді серуен» мәтінін оқып беру. Сұрақ қою?

Дүниетану пәніннен.

1 «А» сынып.

  1. Кім ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашты?

  2. Отбасы деген не?

  3. Шежіре деген не?

  4. Көк жиек деген не?



1 «Ә» сынып.

  1. Қарым – қатнас деген не?

  2. Отбасының үлкені кім?

  3. Қандай ұлттық дәстүрлерді білесің?

  4. Алғашқы жол белгілері қайда пайда болған?



Қорытынды:

Озат болу шарты сол- деп ойынымыздың соңғы бөлімін аяқтадық, оқушылардың ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайтын кезге де жеттік. Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін береміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі