Материалдар / Сайыс Озық ойлы оқушы 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс Озық ойлы оқушы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
634
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

Мақсаты: 1) Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2) Жеткіншектерді елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

3) Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Түрі: сайыс Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. жүргізуші
    Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,
    Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.
    Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық

- Балалар, бүгін біз сіздермен "Ойлы – озық оқушы" атты интеллектуалдық сайыс өткіземіз. Сайыс 4-сынып оқушылары арасында өткелі тұр. Әр сыныптан екі оқушы сайысқа қатысқалы отыр.

2-жүргізуші - Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.

4 «А» сынып оқушылары: Гизатжан Абдумәлік, Жұмағажықызы Айзере 4 «Ә» сынып оқушылары Жұмағазы Әдемі, Мухамедханова Кәусар

4 «Б» сынып оқушылары: Серікбай Еңлік, Нұрахметова Еркежан

4 «В» сынып оқушылары: Куанышбек Джахангир, Мухамедов Арман


ІІ. 1 - ж үргізуші: Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады. 1,2 кезеңдерге барлық қатысушылар қатысады. Ал екінші кезеңнен кейін ұпай сандары ең жоғары болған үш оқушы ақтық мәреге жолдама алады. Қалған қатысушылар ойыннан шығады.

1. «Бинго» ойыны

2. «Нысана» сайысы

3. Пазл құрастыру


2-жүргізуші

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанды нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазы- лар алқасымен танысыңыздар.

Лаура Болатбековна, Гулжан Арыстанбеквна, Гульмира Кулжатаевна



1 - ж үргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін «Бинго» ойынынан бастаймыз.


-Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, ұпай есептелмейді.

( сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.)

Сонымен, ойыншылар, ойын шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

1-сайыс. «Бәйге сайысы»

1-сұрақ. Қай жылы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж.)


2-сұрақ. Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап бағдарлауға болады? (Темірқазық жұлдызы)


3-сұрақ. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. (Жалғау)


4-сұрақ. Теңдеу дегеніміз не? (Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)


5-сұрақ.

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз. Өлеңнің авторы: (Абай Құнанбаев)


6-сұрақ. «Ақ алтын »деген не?  (мақта)

7-сұрақ. Сөйлем мүшелерін ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)

8-сұрақ. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ені мен ұзындығының көбейтіндісі)

10-сұрақ. Қазақстанның жер көлемі қанша? (2 млн. 724 мың шаршы км)


2-жүргізуші.

2-сайыс. «Нысана» Бұл кезеңде сұрақтардың ұпайлары әртүрлі болады, ұпайлар нысанада белгіленген, қатысушылар сұрақтарын өздері таңдап алады


5 ұпайлы сұрақтар:

1. Өкпеден сыртқа шыққан ауада не көп болады? (көмірқышқыл газ)


2. Мәтін дегеніміз не? (Екі немесе одан да көп өзара байланысқан сөйлем


3.Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не? (барлық қабырғалардың қосындысы)
4. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.


5.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын(Абай).

6. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? (қатаң, ұяң, үнді.)

7. Сөйлем түрлерін ата. (Хабарлы ,Сұраулы, Лепті)

8. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)


10 ұпайлы сұрақтар:

  1. Шеңбердің радиусы 6 см болса, диаметрі қанша? (12 см)

  2. Каспийде қандай өте ірі балық бар? (бекіре)

  3. Денені не қаптап тұрады? (тері)

4 Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі қанша? (10жыл)

5. Арал өзеніне құятын өзен. (Сырдария)

6. Қанның ағзаны аралап қозғалуы дегеніміз не? (қан айналымы)

7. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).

8. Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)


Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров).

Астана нешінші жылы Астана деп аталды?(1998ж).

Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк).

Қазақстанда мұнай шығатын жері қай жер? (Маңғыстау)


2-жүргізуші: 

Ойланайық азырақ, уақытты үнемдеп,

Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем» деп.

«Тіл-өнер» сайысында мақал-мәтел немесе жұмбақтың шешімін тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасы дұрыс айтылса 20 ұпай, тек орысша немесе ағылшынша аудармасы үшін 10 ұпай беріледі.

Егер жауап дұрыс болмаса, онда жүргізуші өзі жауап береді.


1-оқушыға Мақал: 

баласы болма,

Адамның баласы бол. (Атаның-дедушка-grandfather)


басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды. (дос-друг-frand)


Жұмбақ: Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қаламсап-ручка-pen)



2-оқушыға

Адам болатын ... алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)


ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)


Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін ,

Ол қазына өлмейтін. (кітап-книга-book)



3-оқушыға

Ас атасы-... (нан-хлеб-bread)


Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді. /білім, знание,


Үстінде екі тауы бар,

Өзі үлкен жануар. (түйе-верблюд-camel)


Жүргізуші: 

  • Ақтық мәреде қатысушылар тапсырма орындай берсін, ал біз көрермендермен ойын ойнап алайық


1 / Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сап түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болған? (34)


2/ Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар Қарияның неше ұл, неше қызы бар? (3ұл, 3қыз)


3/ Құрамында жіңішке, жуан буын араласып келген сөз айт.

(кітапхана, аурухана, дәріхана,


4/“ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)


5/ Қарағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қарағашта алма өспейді)


Жүргізуші

  • «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
    Болмасын ешбір сын – өкпе,
    Әсері қалды жүректе.
    Қазылар берген бағалар,
    Ұштассын айтар тілекке! деп қорытынды сөзді әділ қазыларға береміз.


Жүргізуші: «Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқандай еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!