жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабағы
Тақырыбы: 5 сыныптарына арналған интелектуалды ойын сайысы
«Туған жерім, тарихым – Атырауым!»
Мақсаты: Интеллектуалдық сайысқа қатынасушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту. Өз туған өлкесіне деген шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Танымдық ойын сабағы
Сайыстың барысы:
I. Кіріспе бөлім:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сайысқа қатысушылардың дайындығын тексеру
ә) қазылар алқасын сайлау
Сайысты ұйымдастырған мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі 5 сыныптар арасындағы сайысқа қош келдіңіздер?
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Біреуі кетер озып, аяғын анық басып
Сайыста бақ сыналар,бап сыналар
Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар
Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нақ саналар - дегендей кез – келген сайыс бағалануы тиіс.
Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырамын.
1.
2.
3.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1 кезең Атырауым тарихым
2 кезең: суреттер сөйлейді
3 кезең: ғажайып аңыздар
Қорытынды: бейнелерді тану
Аружан: Сайыстың бетін ашайық
Сұраққа шешу табайық
Жер ұйығы білімнің
«Тарих» деген ғылымның
Жәннат жеріне барайық
Бұл думанды кеште біз
Нәр білімді, бар өнерді
Көрсетіп бір қалайық!
Атырау облысы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
Қазіргі атауына қай жылы ие болды? 1992 ж.
Атырау облысының климат жағдайы? Атырау облысында континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Облыс табиғи ылғалдылығы жеткіліксіз, аңызақ желді, шаңды дауылды, жазы ыстық, қуаң, қысы қарсыз (не жұқа қарлы) болып келеді
Атырау облысының пайдалы қазбалары? Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбаларға мол.
Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады.
Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар,гипс, ангидрит, сазды, кұмды әктастар, сондай-ак битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздері бар.
Борат кені дүние жүзінің бір-ак жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. Сондай-ақ күкірт, құм-қиыршық тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділері бар.
Өзендері? Өзендері. Өзендердің жинайтын суларының тек 10-20 %-ы ғана өз облыс аумағынан, ал қалған суын басқа аймақтан әкеледі. Жайық өзені кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Ал қалған өзендері егістікке, шабындықты суландыруға және мал суару үшін ғана пайдаланылады. Ірі өзендері Жайық, Жем, Ойыл, Қайнар.
Әкімшілік бөлінісі? Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.
1. Жылыой ауданы Құлсары
2. Индер ауданы Индербор
3. Исатай ауданы Аққыстау
4. Қызылқоға ауданы Миялы
5. Құрманғазы ауданы Ганюшкино
6. Мақат ауданы Мақат
7. Махамбет ауданы Махамбет
Атырау облысының халқы?
Біздің өлкемізде қандай өсімдіктер кездеседі? Облыстың барлық аудандарында дерлік жусан, қияқ, бұйырғын, ебелек, мортық, қоңырбас, көкпек басым өседі, бұларға қосымша көктемде ойпатттарда селеу, изен, сарсазан, ажырық т.б.араласа шығады.
Теңіз жағасындағы батпақтарда қамыс, құрақ жиі кездеседі. Шығыс жағында ебелек, мортық, шытыр, қаңбақ, ақселеу, жыңғыл, жүзгін өседі.
Сонымен қатар облыс аумағында дәрілік, техникалық өсімдіктер де кездеседі. Олардың жалпы саны 50 ден асады. Дәрілік шөптерден облыс аумағында кездесетіндері: адыраспан, ешкі тал, қырықбуын, құмаршық т.б. Жалпы Атырау облысында өсімдіктердің 945 түрі бар. Бұлардан басқа жантақ, көкпек, ошаған, сүттіген, шырмауық т.б. табиғи өсімдіктер бар. Улы шөптерден, есекмия, меңдуана кездеседі
Өлкемізде кең тараған қандай құстар мен балықтарды білеміз? Атырау облысында 500 ге тарта омыртқалы жануарлар түрі және мыңдаған омыртқасыз жануарлар түрлері кездеседі. Облыс аумағында құстар алуан түрлі және кең таралған. Олардың ең басты тіршілік орындарының бірі –су және оның жағалауы. Жалпы құстардың 280-дей түрлері бар. Оның ішінде бірқазан, дегелек, қаз, үйрек, шағала, тырна, дуадақ, көгершін, торғай тәрізділер көп тараған.
Облыстың өзен-көлдерінде балықтардың көптеген түрлері бар. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінен
бекіре, қорытпа, шоқыр т.б. балықтар кездеседі. Облыс суларында шортан, сазан, жайын, майшабақ, қаракөз т.б. кең тараған. Жалпы Каспий теңізінің Атыраулық аймағында бағалы балықтардың 122-ден астам түрлері кездеседі.
Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 50 ге жуық түрлері тараған, кемірушілердің 27 түрі бар. Атырау облысында аңдардың 55 түрі, оның ішінде жыртқыш аңдардың 12 түрлері бар. Олардың кең таралғандары: қасқыр, түлкі, қарсақ, жанат тәрізділер, қабан, киік.
Қандай танымал тұлғаларды білесіздер?
Әбу Сәрсенбаев – қазақ ақыны, жазушысы.
Ғабдол Сланов –жазушы
Ғани Қасымов-Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы
Жұмекен Нәжімеденов -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Зейнолла Қабдолов - Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Иманғали Тасмағамбетов -ҚР Қорғаныс министрі
Тимур Бекмамбетoв -кинорежиссер, клипмейкер , продюсер
Фариза Оңғарсынова -қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты
Хамит Ерғалиев -қазақ ақыны
Хиуаз Доспанова -Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы Атырау облысының көрнекті ақыны кім? Жұмекен Нәжімеденов
Қазақтың асыл өқасиетті домбырасының киелі күй өнерінің атасы, сазгер дүлдүл домбырашы кімді білеміз?
Жауабын айтқаннан соң шәкірті кім?
Динаның күйін жаслағстырған күйші кімді білеміз? Есжанова Зәмзәм
Біздің мектебіздің атаауы кімнің есіміне берілген? Және ол қандай әйгілі тұлға?тауман амандосов Кеңөзекте 1921 жылы 5 қарашада дүниеге келген? Әдебиетші журналист, филология ғылымының ғылымдарының докторы, профессор.
1.Халықтың ежелден қамын ойлаған, би абыз, әулие жайлы қандай аңыз білеміз. Біздің өлкемізде ең ежелгі қала болған қала қай қала және ол туралы қандай аңыз білеміз?
Сарайшық МАДИЯР 5в
Сәт әулие Темірлан 5б
Қандай билерді білеміз? Алдар би Ерназар
Бөкен би, ол туралы Аружан
Есет би Қараұлы,
Қандай батырларды білеміз.
Құлсары тінікей ұлы,
Пыштанай ер Қосайұлы, Құттығай сатыпалды ұлы, ағатай батыр Тілеукеұлы, Ақпан батыр, Төремұрат Тайлыбекұлы, нарынбай Шаңдыұлы,
Құттығай сатыпалды ұлы туралы мәліметті
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле
беру емес пе тілегі елдің.
Белден
ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан
келмей ме жүре бергің.
Сондықтан
да келеді біле бергім
Білімдіні
сүйерін білім елдің,- дей отырып,
келесі айналымды бастаймыз. Слайдпен
жұмыс «Суреттер
сыр шертеді»
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық. Кеөрнелікіте берілген тапсырмалармен кім жылдам ойыны арқылы шапшаң жауабын айтыды.
Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолым
Сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы:
Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі.
бекіретәрізділер отрядына жататын ірі балық. Қазақстанда Каспий теңізінде, Еділ-Жайық өзендерінде тіршілік ететін 2 түр тармағы бар: кәдімгі бекіре (A.g. gueldenstaedtі) және парсы бекіресі (A.g. persіcus). Олардың дене тұрқы 2 м-ден астам, салмағы 10 – 30 кг, кейде 80 кг-ға жетеді. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 – 19, бүйірінде 24 – 30, ал бауырында 6 – 14 қырлы сүйектері болады. Бекіренің аталығы 7 – 8, аналығы 9 – 10 жылда жыныстық жағынан жетіледі. 50 жылға дейін тіршілік етеді.
Қорытынды бағалауда әділқазылар алқасына сөз беріп бағалаймын. Кейін төрт бесінші сыныпқа марапаттары табысталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген