400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыстың негізі мақсаты , мектеп оқушыларының бойына қазақи салт- дәстүр дәстүрді сіңіру, дәріптеу,оларға ұлттық нақышты сіңдіру. Әр оқушының бойындағы ашылмаған талантты ашу,оларды достыққа баулу.Ұлттық тәрбие бере отырып,олардың күшін сынау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Жігіт жампозы » сайысы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған сайысымыздың негізгі мақсаты жігіттеріміздің бағын сынап оларға, ата салтын құрметтеуге және насихаттай отырып ,нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін таныстыру.

Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Атасалтын ардақтайтын өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер!Бүгін мектебімізде «ЖасҰлан» ББЖҰ –ның ұйымдастыруымен « Жігіт жампозы » атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші. Би: « Ән салшы сарбазым »

Жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті.

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті

Нағыз дүлділ жігітті

Анықтайтын кез келді.

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық.

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Енді дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ

Ұлдар шықсын ортаға.

Бүгін жампоз атанбақ! –дей отырып,ортаға сайысқа қатысушы сайыпқырандарымызды шақырамыз!

Жүргізуші:

Сайыпқырандарымыздың ақыл- парасаты мен өнеріне , қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат

Арзан , жалған күлмейтін , шын күлерлік.

Ер табылса ,жарайды қылса сұхбат, - дей отырып « Жігіт жампозы » байқауын бастамас бұрын бүгінгі сайыс ережесімен таныстырып өтейік.

І кезең « Тегімді менің сұрасаң ..... » өзін таныстыру.

ІІкезең « Сегіз қырлы бір сырлы » өз өнерін көрсету.

ІІІ кезең Ескірмейтін есті сөз » танымдық сұрақтар.

І Үкезең « Күш атасын танымас » ұлттық ойындар

Ү кезең «Тығырыққа тірелгенде » түйме қадау. /5мин /.

Жүргізуші: Ендеше , сайыпқырандарымызға сәттілік тілей отырып, І-кезеңге кезек берейік.

Жүргізуші: Нағыз қайсар батыр халық – біз боламыз! Ендеше,

Жүргізуші: «Еңбек ердің –санаты , білім елдің қанаты » демекші адам ақыл-парасатымен сұлу. Ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Қазақта жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем жігіт» -ел басқаратын жігті,

«Шешен жігіт»-дау шешетін жігіт

«Сері жігіт »- аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып ,күбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.Олай болса ,сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Жүргізуші: Келесі кезең « Ескірмейтін есті сөз » танымдық сұрақтар. Қатысушы сайыпқырандарымызға сұрақтар қойылады, дұрыс жауап бергенге 5 баллмен бағаланады.

  1. Үш биді ата: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би

  2. Үш арсызды ата: Ұйқы ,тамақ, күлкі

  3. Бес арысты ата: Мағжан Жұмабаев. Міржақып Дулат, Шәкәрім Құдайбердіұлы , Жүсіпбек А, Ахмет Байтұрсынұлы.

  4. Жеті қазына : жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық,майланғыш ау,өткір кездік.

  5. Бес қару: қылыш,найза,шоқпар,айбалта,садақ

  6. Жігіттің үш жұртын ата: ағайын, нағашы жұрт, қайын жұрты.

  7. Үш байлық: денсаулық,ақ жаулық,он саулық.

  8. Үш дана: Абай Шоқан ,Ыбырай,

  9. Үш қуатты ата:ақыл,жүрек, тіл.

  10. Ұлттық ойындарды ата: көкпар,алтыбақан ,асық ату,күрес, т.б

Жүргізуші:

«Алып анадан туады » деген м ақал текке айтылмаса керек. Қазақтың жігіттері нағыз ерге тән. Намысқой, жігерлі ,қайратты болады. Ендеше бүгінгі сайыпқырандарымыздыңда күш сынау үшін алаңға шақырайық. Сайысымыздың 4 кезеңіне кезек берелік. 1 ойын күш сынасу.2 ойын. Гір тасын көтеру. 3 ойын асық ату.

Жүргізуші:

Жігіт жампозын анықтау үшін кезекті сайысымызыдң соңғы бөлімі «Тығырыққа тірелгенде » айдарына береміз. Бұл сайыстың ережесі мынадай ; «Сіз болашақ студентсіз. Асығып сабаққа бара жатырсыз. Үйде ешкім жоқ. Асығып жүргенде жидеңіздің бір түймесі түсіп қалды. Енді түймеңізді өзіңіз қадау керексіз ?» (Сайыскерлеріміз 5минут ішінде түймелерді қадау керек .).

Жүргізуші:

Әділқазы береді

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Сол атанады жампозы!

Бүгін мектебізде оздырылып отырған « Жігіт жампозы » байқауымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз. Қорытынды есеп шыққанша Ән шашу. 5 сынып оқушысы Халит Гүлназдың орындауында «Балалық шақ ». Қабыл алайық.

ЖББ Сырым орта мектеп – балабақша кешені







Shape1















(5-7 сыныпаралық сайысы)











Өткізген: Жұбанова Ш.Қ











2017жыл



  1. Үш биді ата: .....................................

  2. Үш арсызды ата: ................................

  3. Бес арысты ата:................................

  4. Жеті қазына : .......................................

  5. Бес қару: ...............................

  6. Жігіттің үш жұртын ата............................

  7. Үш байлық:...........................................

  8. Үш дана: ................................................

  9. Үш қуатты ата:.................................

10Ұлттық ойындарды ата: ...................................







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі