400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Сайыс сабағы: "Алғыр алтау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс ашық сабақтың материалын кез келген сыныпта қолдана болады. Бұл сабақ "Алғыр алтау" зияткерлік сайысы деп аталады. Сайыс арқылы оқушылардың жылдам жауап беруге, шығармашылық қабілетіін дамыту сабақтың мақсаты болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс ашық сабақ


Сыныбы: 7

Тақырыбы: «Алғыр алтау»

Түрі: сайыс сабағы

Пән мұғалімі: Молдақұлова Талшын Нұрланқызы

Сайыс сабағының мақсаты:

1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;

2) оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық, борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;

3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;


Мұғалім:

Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Алғыр алтау» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.

Айнала отырып алып исі қазақ

Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!


Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 7 «Г» сынып оқушыларын ортаға шақырайық. Сыныптан 3 топ құрылды. Олар: «Достық» тобы, «Жалын» тобы, «Болашақ» тобы


Шын жүйрік шабысынан танылады, 
Нақты білім, терең ой сыналады. 
Баға берер әділқазы ортамызда, 
Оларға құрметпен қол соғылады- деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:


Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.



Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Әр сыныптың білгірлерін сайлады – деп, әр топ өзінің топ басшыларын сайласын.


Ендігі кезекте сайыстың кезеңдері мен ережесімен таныс болайық. Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:

І. Білімді мыңды жығар

ІІ. Сөз атасы – мақал

ІІІ. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл!

ІҮ. Көшбасшылар сайысы

Ү. Бой сергіту


І кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр топқа сұрақтар қойылады. Жауабын білетін оқушы берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруі керек. Жауап боласа баақатоп жауап бере алады

І топ тапсырмасы:

1. Үш биді ата? (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
2. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)
4. Абайдың шын аты. (Ибрахим)
5. Екі кісінің сөйлесуі. (Диалог)
6. Жұрнақтың қандай түрлері болады? (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
7. Жарық – қараңғы, ыстық - суық қандай сөздер? (антоним)
8. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазған? (Ы.Алтынсарин)
9. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).

10. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)


ІІ топ тапсырмасы:

1. . «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы? (Ж.Жабаев)

2. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)

3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
4. Халық ауыз әдебиетінің түрлері? (ертегі, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, айтыс,т.б.)
16. Кім? Не? қай сөз табының сұрақтары? (Зат есім)
17. Барыс септігінің сұрақтары? (кімге, неге)
18. Зат есім деген не? (заттың атын білдіретін сөз табы)
19. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

20.«Абай жолы»романының авторы? (М.Әуезов)

ІІІ топ тапсырмасы:

  1. Қазақ тілінде қанша септік бар? (7)

  2. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

  3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

  4. Екі ақынның өлең жарысы не деп аталады? (айтыс)

  5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

  6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

  7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйлем мүшелері)

  8. Заттың қимылын білдіретін сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады? (етістік)

  9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы

  10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)



Келесі сайымыз «Сөз атасы – мақал» деп аталады, бұл сайыстың шарты бойынша әр топ айтылған мақалдың жалғасын табу керек.


«Достық» тобына:
1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл). 
2. Тіл – тас жарады, .....(тас жармаса – бас жарады). 
3. Екпей егін шықпас,(Үйренбей білім жұқпас)

4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз). 
5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта). 

«Болашақ» тобына:

1. Наданмен дос болғанша, (Кітаппен дос бол)

2. Өнер — ағып жатқан бұлақ, (Ілім — жанып тұрған шырақ)

3. Жердің сәні — егін, (Ердің сәні — білім).

4. Оқу — білім азығы, (Білім — ырыс қазығы.)

5. Білім таппай мақтанба, (Өнер таппай баптанба).


«Жалын» тобына:

  1. Өнер алды - ....(қызыл тіл). 
    2. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).
     
    3. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын). 
    4. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады 5. Піл көтермегенді, .....(тіл көтереді). 
    (әділқазыларға сөз) 



«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша, сендерге жұмбақ жасырамын, солжұмбақтың жауаабын үш тілде атауларың керек.

  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа, воздух, air)

  2. Үнемі ауызда бұлтыңдайды, бірақ жұтылмайды. (тіл, язык, language)

  3. Әй, керемет бір ит бар,

Үй бағады үрмейді,

Аяғы жоқ жүрмейді

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып, замок, look)

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің, бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп, школа, school)

  2. Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады (қоян, заяц, carrot)

  3. Тілден ұшып, құлаққа қонады (сөз, слова, words)

  4. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киетін шапаны жоқ,

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ (мысық, кот, cat)

  1. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат, часы, whatch)

  2. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн, солнце, sun)


Көшбасшылар сайысы: Ортаға топ басшылары шығады, оқылғаан сұрааққа кімнің жауабы дайын болса, қол көтеріп жауап береді.

  1. Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебі қай жылы ашылды? 1987

  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?   (Ніл)

  3. Қандай бүтін сан кез-келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді. Нөл

  4. Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды? (Егер жауын жаумаса)

  5. Алматы қаласындағы Республика алаңында орнатылған манумент (алтын адам )

  6. Атақты қазақ ақыны , ‘ленинградтық өренім’ . авторы кім? (Ж.Жабаев)


5-кезеңі «Бой сергіту»
- Интерактивті тақтада көрсетілген 5 тақырып бойынша cұрақтарға жауап беру

Ұлттық тағамдар:
1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
2.
 Қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады

  1. Тағамдарды топтастыр:

  2. Соғым, қазақша ет, қуырдақ, күздік, қазы

  1. Жүрек, ет, өкпе, майлы ішектер араластырып қуырған тағам

  2. Жылқы қабырғасынан шұжық секілді жасалғған тағам

  3. Түйе, жылқы, иыр, сияқты ірі малдың сойылуы

  4. Күз айында сойылатын мал

  5. Пісірілген ет, қазақ халқының ең баасты тағамы



Қазақтың салт- дәстүрлері:
7. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыздар.
8. Суретте бейнеленген дәстүр қалай аталады?
Бата дегеніміз не? Оны кім береді?
9.
Ұлттық киімдер:
10.Ұлттық киімдерге нелер жатады?
11. Қалындықтың бас киімі қалай аталады?
12. «Сильно радоваться» тіркесінің ұлттық киімге байланысты ауыспалы мағыналы баламасын табыңыз.

Ұлттық аспаптар:
13.Ұлттық аспаптарды атаңыздар.
14. Суреттегі музыкалық аспапты ата
15. Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз

Тарих:

  1. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды.

  2. Қазақ хандығының ең алғашқы хандарын ата.

  3. ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын ата.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі