жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сайыс сабағы Тіл білгірі 7-сынып
Тіл
білгірі
(сыныптан тыс сайыс
сабағы)
Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін
байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами
қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық
қабілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара 7 «Ә» сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылады.
Әр топтан 8 оқушы қатысады.)
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар-
халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды
анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл білгірі» атты
сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да
батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды
бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып
өтейін.
1. «Бірлік» тобы 2. «Ойшылдар»
тобы
- Ана тілі- қазағымның қаймағы,
Тілің сенің- өміріңнің айғағы.
Бүгін, міне, тіл туралы сайысқа,
Екі топтың білгірлерін сайлады.
– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен
тұрады:
І.
Таныстыру
ІІ. «Өлең-сөздің патшасы» .
Өлең мәнерлеп оқу
ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» Тіл туралы көрініс
ІV. Білімді мыңды жығар
V. Өлең өрнегі
VI. Сөздің көркі – мақал
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен
таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын
көрейік.
ІІ. Тіл байлығы –сарқылмайтын қазына,
Айтылатын өкпе наз бен базына.
Өз тіліңді шұбарлатып сөйле деп,
Жазылған жоқ Конституция заңында.
Өз тіліңді оқы,- деді мектепте,
Селтең қағып жүрме, досым, сен текке
Өзге тілге қанша құмар болсаң да,
Өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе!-
дей отырып сайысымыздың екінші кезеңіне кезек берейік.
«Өлең-сөздің патшасы» бөлімі
бойынша топтан бір оқушы мәнерлеп өлең оқиды. Оқу мәнері, дауыс
ырғағы, образға ене білуі ескеріледі.
ІІІ. «Өнерлі өрге жүзер» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің
дайындалып келген көріністері бойынша сайысқа түседі.
Сайыскерлеріміздің шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі
ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Әртістік шеберлігіне, тіл
көркемдігіне де назар аударылады.
- Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады.
ІV. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет
пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
І топқа қойылатын сұрақтар реті
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім,
терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң,
еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік,
Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен
Сейфуллин)
7. «Қыз Жібек» жырында Төлеген өлер алдындағы соңғы сөзін кімге
айтты?
8. Кейінді ықпал деген не?
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай,
Шәкәрім, Мұхтар)
ІІтопқа қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан
Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
5. Қақпаның ар жағынан біреу
келді,
Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.
- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл - құдайға бастайтын қақпа, - деді.– үзінді қай өлеңнен
алынған?
6. Тәуелдік жалғаудың түрлерін ата
7. Лиро-эпостық жыр мен батырлар жырының айырмашылығы
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
9. Тәртіпті сөзін жіктеп бер.
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын
көтерсеңіздер.
V. «Өлең өрнегі» деп аталатын
бөлімде берілген ұйқастарға өлең шығару тапсырылады. Уақыт 3
минут
– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша, біз
Қанаева Рабияның орындауындағы « Торжорға» күйін тыңдайық.
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
VI. «Сөздің көркі-мақал» деп бұрынғылар айтқандай
мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан
шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып,
қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші,
сайысымызды жалғастырамыз.Ү турымыздың шарты бойынша сайыскерлер,
сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып
айтуларың керек.
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де
келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп,
сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл білгірі» атты сайыстың
жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да
рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету
– біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары
көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды
аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген