400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабак "жузден жуйрик мыннан тулпар" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып окушылар арасында откизилген сайыс сабактын разработкасы. Сайыс сабактын маесаты еки сынып немесе окушылардын кайсысы мыкты екендигинаныктау емес олардын панге деген кызыгушылыгын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар 

6 «А»,6 «Ә» сыныптар арасында математика пәні бойынша сыныптан тыс шара 

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс 

Іс-шара мақсаты: 


Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы ойынымызда 6 сыныбы
п оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік:

Ойынымызға төрешілік жасайтын әділқазылармен тансытыра кетейік.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып ойынымыздың бірінші туры «Қызықты басқатырғылар»  әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай:




  1. 1888 санын екіге бөл. Оның әр бөлігінде 1000-саны болатын болсын 


  2. екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 24-ке тең .Осы екі санды тап. (24,1) 


  3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қай сандар? (1,2,3) 


  4. Үш таяқтың неше ұшы бар? (6) 


  5. Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3) 


  6. 4 пен 5 тің арасына қандай таңбаны қойғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір) 


  7. Қайрат 
    Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (АЖҚТ) 


  8. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша? 


  9. Алманың жартысы неге ұқсас? 


  10. Тақтайды 12 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? 


  11. Екі ана, екі бала 3 алманы тең бөліп жеуі мүмкін бе? 


  12. Жолаушы шаршаған соң түнгі сағат 10 да ұйықтауға жатты. Ұйықтар алдында сағаттың қоңырауын ертеңгі сағат 11 ге қойды. Сағат 11 де қоңырау шырылынан оянған ол неше сағат ұйықтады? 


  13. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг) 


  14. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72) 

  15. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді: 
    «Ұл 
    мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? 


  1. Алмас күнде сабақтан қайтқанда жаяу қайтады. Жазда үйіне дейін 85 минут жүреді. Ал қыстыгүні дәл сол жолмен 1 сағат 25 минутта үйіне жетеді. Неліктен? 


  2. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, ал үшеуі тізбектеліп ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? 


  3. Екі бас, екі қол, 
    алты аяқ, бірақ төрт аяқ қана жүріп келеді. Бұл не? 


Екінші тур: «Сырлы сандар әлемі» (әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай): 


  1. Басынан аяғына төңкере жазған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер?(69,619,88) 


  2. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100 


  3. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100 


  4. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық (* / - + таңбаларын пайдаланып): 


3 3 3 3 3 3 = 333*3+3/3=1000

4 4 4 4 4 4 4 4=444+44+4+4+4=500



Үшінші тур: «Тапқыр болсаң шешіп көр».

Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 3 ұпай



Төртінші тур. «Мақал-мәтел жарысы» Ойыншыларымыз мақал-мәтелдер жарысында сыналатын болады. Мақалдың жалғасын дұрыс тапқан топқа 5 ұпай беріледі. 


  1. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім іл) 


  2. Білікті бірді жығар (білімді мыңды жығар) 


  3. Екі жақсы қас болмас (екі жаман дос болмас) 


  4. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына) 


  5. Бір елі ауызға (екі елі қақпақ) 


  6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 


  7. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 


  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 


9. 
Екі жақсы бас қосса,

Бірін-бірі қия алмас.

Екі жаман бас қосса,

Кең орынға сия алмас.

10. Алтау ала болса

Ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса

Төбедегі келеді.

Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сөз жұмбақ»



Төртінші тур: «Сөз жұмбақ»

1. “Ас-адамның арқауы”,

ал компьютердің асы ? (электр тогы) 


  1. Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан (монитор) 


  2. Тетігін бассаң алаңсыз, 


Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)

4. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. Білсеңдер, қане айтыңдар (тінтуір)

5. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

7. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

8. Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль)

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын, - деп келесі кезекті «Капитандар» сайысына береміз. Қалған топ мүшелері информатикадан ребустар шешіп өз тобына ұпай жинайды.

Капитандар тапсырмаларды орындап біткенше әділ қазылар алқасы бүгінгі сайыс жеңімпазын анықтасын.

Бос орындарды толтырып жазыңдар. Жұлдызшаның орындарындағы сандарды табыңдар. 

Әділ қазылар жеңімпаз топты анықтайды. 1 және 2 орын алған топтарды марапаттау.



Құрметті оқушылар және көрермен қонақтар! Бүгінгі сайсымызға қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі