О.Бапышев атындағы №8 ЖОМ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ерназарова Н.
Сабақтың
тақырыбы Мың бір мақал
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді
жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана
білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл
байлық - тарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: өз ойларын еркін жеткізе
білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал - мәтелдер жазылған
слайдтар,
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Психологиялық дайындық.
-
Үйге берілген тапсырманы
пысықтап алу.
Ақиық
сұңқар мәтіні «иә» немесе «жоқ» стратегиясы бойынша пысықтау.
-
Сенкібай Қабанбайұлы жоңғар
шапқыншылығына қарсы шайқастарда ерлігімен аты шыққан батыр әрі
шешен. ( иә)
-
Ол шамамен 1912-1979
жылдары өмір сүрген. ( жоқ)
-
Оны «Ақиық сұңқар» деп
Абылайхан атаған. (иә)
-
«Ақиық сұңқар» деп қиын
қыстау кезеңдерде тапқырлығы, батырлығы үшін аталған. (иә)
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1 - тур .Кім жылдам?
2 – тур. Жалғасын тап!
3 – тур. «Ыстық картоп» ойыны. Мағынасын түсіндір
4 - тур . «Жасырдым» жұмбақ сайысы.
5 - тур.Аударып көр
6 - тур Қорытындылау
I. Кіріспе.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бір
мақал» - деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойынға
қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал - мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой
дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық
тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі мол көрініс
тапқан.
II. Негізгі бөлім.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын, ұрандарын
таныстырып өтеді.
1 - тур. «Кім жылдам» - деп аталады. Бұл турда әр топтан бір
оқушыдан шығып, таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады..
2 - Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу,
1. Көзі соқырдан қорықпа,
...(Көңілі соқырдан қорық).
2. Әдепті бала - арлы бала
...(Әдепсіз бала – сорлы бала).
3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
...(Егін екпесең, жерге өкпелеме).
4. Ат жаманы жолда қалдырар,
...(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).
5. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
...(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).
6. Әдептілік, ар - ұят,-
Адамдықтың белгісі.
...(Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі).
3 тур. «Ыстық картоп» ойыны. Мына сөз
тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет.
Тонның
ішкі бауындай- тату, тәтті......
Сүт
пісірім уақыт- жылдамырақ
Ат
шаптырым жер- алыс жер......
Таяқ
тастам жер- жақын жер.........
Екі
көзі төрт болу- күтіп қалу.............
Көз
салды - қарады..............
Құлақ
түрді- тыңдады.......
Тайға
таңба басқандай - анық..........
4 тур.
«Жасырдым жұмбақ» сайысы. Жұмбақты шешіп , сол сөзге мақал- мәтел
ойлап табу керек.
Жұмбақ.
1.Үй
ішінде отыз екі батыр,
Кіргендерді отап, турап жатыр.
(тіс)
2.
Бетіңді тырыстырады.
Арқаңды
құрыстырады
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады.
(ашу)
-
Иесі оның сәби,
Әрі
төсек, әрі үй.
(бесік)
-
Жалт –жұлт етер,
Жалмап
бәрін кетер.
(от)
Дәптермен жұмыс. Берілген
мақалды толықтырып жаз.
Жақсы
сөз.............................
( толық ырыс, жарым ырыс,
көп ырыс)
5- тур. Аударып көр. Бұл турда орыс тілінде
оқылған мақалдың қазақша баламасын табу.
1. Кто молоко украл – тот спасся,
Кто чашку облизал – попался.
2. Две головы бараных целиком,
Не умещаются в котле одном.
3. В родной долине лучше прахом быть,
Чем на чужбине падисшахом быть.
4. Даже мышка, что жива,
Лучше мёртвого льва.
6- тур. Қорытынды. Мақалдардың мағынасын
түсіндіріп ашып беру.
Үйге
тапсырма : дәптерге бес мақалдан жазып келу.
Бағалау.
Кері
байланыс.